1-3 жастағы сәбилерді шынықтыру
1. Күндізгі және түнгі ұйқыдан оянған кездерінде, үстіндегі киімдерін ауыстырған уақытта, ауаның жылылығы 19-20 градус болғанда, осы жастардағы балаларға арналған гигиеналық гимнастикаларды орындау кезінде шынықтыру.
2. Ауа температурасы 10 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында болған күндері балалардың таза ауада демалып, ұйықтауын ұйымдастыру.
3. Ауа температурасы 15 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында болғанда тәулігіне 2 рет таза ауаға серуенге шығару.
4. Жылылығы 20 градус шамасындағы сумен шынықтыру жаттығуларын орындағанда су температурасын 16-20 градусқа дейін төмендету.
5. Таза ауада серуендеп, демалғаннан кейін, олардың денесіне су құйып шынықтыру. Судың алғашқы жылылығы 34-35 градус болып, оны жайлап 24-26 градусқа дейін түсіру.
6. Күндізгі ұйқы алдында судың жылылығы 28 градус болғанда аяқты шаю, су құю, су жылылығын 18 градусқа дейін біртіндеп төмендету.
7. Ұйықтар алдында ванна қабылдау. Аптасына 2 рет, судың жылылығы 36 градус, ұзақтығы 5 минут. Су температурасын 34 градусқа дейін төмендетіп, денесіне су құюды күн сайын жалғастыру.
8. Жазғы маусымның ашық күндерінде күнге қыздырыну жолымен денені шынықтыруға арналған шараларды тәулігіне 2-3 рет 6 минуттан бастап, 8-10 минутқа жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |