Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет160/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Күн ваннасы. Күн баланың жалпы жағдайын күшейтіп, алмасу процестерін жақсарта отырып оның организміне өте жақсы әсер етеді. Бактерицидтік (бактериялардың дамуын тоқтататын), мешелге қарсы (жүйке жүйелерінің қызметін жақсартатын, алмасу процестерін арттыратын, сүйек-бұлшық ет жүйесін нығайтатын), эритемдік (қан ағымын күшейтетін және терінің қызаруын туғызып, күюге ауысатын) әрекеттерге ие ультракүлгін сәулелер барынша тиімді болады. Күннің бала организміне бұлай жан-жақты әсер етуі ерекше сақтықты талап етеді. Күн ваннасын шамадан тыс пайдалану кезінде балалардың бойында теріс құбылыс (елігу, ұйқының қашуы, тамырлардың күрт кеңейіп кетуі, қан құрамының нашарлауы, т.б.) пайда болуы мүмкін. Сондықтан балалар мекемелерінде күн ванналары балалардың жеке бастарының ерекшеліктерін міндетті түрде ескерген дәрігердің белгілеуіне сәйкес өткізілуі керек. «Бағдарламада» бірінші, екінші кішкентайлар топтарында серуен кезінде күн процедурасын сағат 11-ге дейін, сондай-ақ естиярлар, ересектер топтарында сер­уен және өз беттерінше әрекет ету кезінде қабылдау ұсынылады. Күн сәулесінің тікелей ықпалында болу дәрігердің нұсқауларымен сәйкес болып, тәрбиешінің қатаң бақылауында болуы тиіс. Сөйтіп, жоғарыда көрсетілген шынықтыру процедураларының бәрі балалардың ширақ қимыл әрекетімен, сипаты мен дәрежесі әртүрлі интенсивтілігімен (жайбарақат жатқан қалыптағы күн ваннасынан басқа) байланысты. Егер ауа ванналары ертеңгілік гимнастика мен дене шынықтыру сабағы формасында арнайы іріктеп алынған дене жаттығуларына құрылса, онда қалған барлық процедуралар - ысқылау, үстінен су құю, шомылу процесінде орындалатын процедураның сипатына сәйкес сан алуан қимыл әрекеттері көзделеді. Олар бала организмінде жылу реттеу процесінің дер кезінде пайда болуына, оның бойында жаттығуға саналы көзқарасты, психикалық эмоциялық көңіл күйді қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет