Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Шынықтыру шараларын өткізуге арналған ұсыныстар. Сәбилерді шынықтыру 1. Бөлменің температурасы + 20-22 градустан кем болмауы тиіс.
2. Ауа ваннасын 2-4 минут ішінде сәбидің киімін ауыстырған және жөргегіне ораған уақытында қабылдау.
3. Гимнастикалық, сондай-ақ денені уқалап-сылауға, емдеуге арналған ауа ваннасы. Алғашқы айларда ауа ваннасының ұзақтығын 4 минуттан бастап 1 жасқа толғаннан кейін 10-12 минутқа дейін жеткізу.
4. Ауа ваннасын алу үшін жаз айларында ашық алаңқай жерлерде, ал қысқы күндері ауасы тазартылған бөлмеде ұйықтату.
5. Өмірдің алғашқы күндерінен бастап 28 градус жылы суға шомылдыру, кейін судың жылылығын 20 градусқа дейін біртіндеп төмендету.
6. Судың ваннадағы жалпы жылылығы 36-37 градус болады, ұзақтығы 5-6 минут. Ваннаға қосымша құйылған судың жылылығы 34-35 градус болуы керек.
7. Жазғы маусымда сәбилерге арналған ауа ваннасын тәулігіне 2-3 рет күн сәулесі шашыраңқы түскен жерде өткізу. Ұзақтығын 3-4 минуттан бастап, кейін 10 минутқа дейін өсіру.