Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


-дәріс. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу



бет169/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

19-дәріс. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу


Дәріс жоспары:

  1. Жұмысты жоспарлау мен есепке алудың маңызы (Жоспарлаудың түрлері: перспективалық, күнделікті. Құжат түрлері: жылдық, апталық, күнтізбелік жоспар. Жоспарлауға қойылатын талаптар)

  2. Есепке алу түрлері

  3. Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі



Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



Жоспарлау - бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен, әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала көре білу. Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бір ізділікте дене шынықтыру жаттығуларын қолдана отырып, көзделген мерзімде оқу-тәрбие жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Есепке алу - бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау. Осы есепке алудың негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу балалардың түрлі көрсеткіштерінің өзгеруін көруге жоспарлаудың дұрыстығын анықтауға, оған дер кезінде кейбір өзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлау мен есепке алу бір-бірімен байланысты. Тек дер кезінде мұқият есепке алу және жұмысты дұрыс жоспарлау арқылы ғана денені жетілдіруде жоғары көрсеткіштерге жету­ге болады. Мектепке дейінгі мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жа­салады. Әрбір топ үшін бір жылға дене жаттығуларын белгілейтін жоспар-график, апталық күнтізбелік жоспар, дене шынықтыру сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері талдап жасалады. Сондай-ақ, тәрбиеші әдістемелік жұмысты, ата-аналармен өткізілетін шараларды да жоспарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет