Жүгіру. Жүгіруді бақылауда ересектер және мектепке даярлық топтары үшін арақашықтығы-30 м, орта топ үшін-20 м, кішкентайларға-10 м белгіленеді. Жүгірудің сандық, сапалық көрсеткіштері төмендегідей формада белгіленеді:
№
|
Аты-жөні
|
Сапалық көрсеткіштер
|
Сандық көрсеткіштер
|
Бас, кеуде жағдайы
|
Аяқ, қол қозғалысы үйлестігі
|
Жүгіру
жеңілдігі
|
Жерден козғалуы
|
Бағытты сақтау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Егер зал немесе алаңның көлемі тура жүгіруге мүмкіндік бермесе, онда бақылауды мына түрде жүргізу керек: жіптен (белгіленген басынан) қашықтықтың жартысын (15 км) өлшеп алады және оған бір зат (кубик, құм салынған қапшық т. б.) қояды. Баланы жіптің қасына тұрғызады да (белгіленген басынан) «үш» деп белгі бергеннен кейін зат тұрған жерге дейін және бастапқы орнына кері жүгіртеді. Секундомермен баланың жүгіруге кеткен уақытын өлшейді. Егер бала басы мен кеудесін кішкене иіп алдына қараса, аяғы мен қолы үйлесе қозғалса (оң қолы мен сол аяғын алға жібереді, ал бір мезгілде сол қолы оң аяғын), жерден жеңіл көтеріп, тура бағытын сақтаса, оңға не солға қисаймаса ғана жүгіріс дұрыс деп есептелінеді. Егер бала жүгіру техникасының кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, онда бағанға минус таңбасы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |