Биіктен төмен қарай секіру. Бұл өткен кестеге (схемаға) кейбір өзгерістерді енгізе отырып өткізіледі. Биіктен (биіктен, заттан) төмен қарай секіру мына жағдайда дұрыс деп есептелінеді: бала аяқтарын табан жалпақтығымен бірдей етіп қойып, қолдарын кеуденің бойымен төмен түсіріп, бастапқы жағдайда тұрады; жиырылу кезінде аяғының ұшымен көтеріліп, қолдарын жоғары-алға жіберіп, содан соң оларды төмен түсіріп, артқа қарай жібереді, кеудені аздап алға (жартылай отырған, жағдайда) иеді, қайтадан аяғының ұшын көтеріп, тізеден бүгеді; серпілу екі аяқтың ұшымен орындалады; қарғығанда аяғы тізеден бүгіліп, қолдар алға жіберіледі және төмен түсіріледі; аяқ жартылай бүгулі күйде жерге жұмсақ түседі, тепе-теңдікті сақтау үшін қолдар алға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |