Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Лақтыру. Қашықтыққа лақтыру ересектер және мектепке даярлық топтары үшін салмағы-200 г



бет183/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Лақтыру. Қашықтыққа лақтыру ересектер және мектепке даярлық топтары үшін салмағы-200 г, орта топ үшін 150 г құм салынған кішкентай қаппен жүргізіледі. Қапшықтың көлемі 7X11 см. Алаңды алдын ала бормен метрлеп белгілейді. Өлшеуге ыңғайлы болуы үшін бастапқы белгіден бастап метрлердің санын білдіретін реттік нөмірлер жазылады, ал сантиметрлердің саны сантиметрлік лентамен өлшенеді. Бастапқы белгіленген жерден қапшық түскен жерге дейінгі арақашықтық жазылады (қапшықтың одан әрі домалағаны есептелмейді).
Бала жіпке (бастапқы белгіге) барады, ол үшін екі (№1 және №2) қапшықты алу керек. Алғашқыда оң қолымен №1 қапшықты (бірінші әрекет), содан кейін №2 қапшықты (екінші әрекет) лақтырады. Балаларға: «мүмкіндігінше алысырақ лақтыр»,-деп тапсырылады. Қашықтыққа лақтырудың сандық және сапалық көрсеткіштері төмендегідей формада жүргізіледі: «Құлаштап иық арқылы» (оң қолымен) әдісімен алысқа лақтыру мына жағдайда дұрыс деп есептелінеді: бала бастапқы жағдайда тұрғанда, оң аяғын кейінге иықтан аздап кеңірек қашықтықта артқа ұстап, дене лақтыратын қол жаққа бұрылады. Қапшық ұстаған оң қолын шынтақтан иеді немесе төмен түсіреді, сол қолды төмен жіберіп, дене салмағын екі аяққа теңдей түсіреді; көздеген уақытта дене салмағы сол аяққа ауысады, оң аяқты созып ұшынан тіреп, қапшығы бар оң қолды алға-жоғарыға, көздің деңгейіне дейін апарады, сол қолды кейін жіберіп, (бір көзбен көздеп, лақтыратын нысананы таңдап алады; құлаштағанда қапшығы бар оң қол артқа төмен тізеге дейін апарылады, сол мезгілде оң аяқты артқа жіберіп, тізеден бүгеді, денені лақтыратын қол жаққа бұрып, кейін қайырады, дене салмағы оң аяққа көшеді, сол аяқ түзуленеді де, ұшынан көтеріліп, сол қол алға жіберіледі; лақтырған уақытта оң аяқты, кеудені түзей отырып, алға бұрады (лақтырған бағытқа қарай) және «тартылған садақ» сияқты жағдайда болады, содан соң лақтырудың соңғы фазасын жасайды, бұл жағдайда дене салмағы сол аяққа көшеді, сол мезгілде кеудені тіктеп, қапшығы бар қолды тура құлаштап иық арқылы бастың жанынан алып өтеді және қапшықты қол басымен лақтырады; тепе-теңдікті сақтау үшін оң аяқ сол аяққа жақындатылып, артқа-жоғарыға көтеріледі де секіріп аяқтың орнын өзгертеді; қапшық белгіленген бағыттан ауытқымау керек.





Аты-жөні

Сапалық көрсеткіштер

Сандық көрсеткіштер,
см

Бастапқы жағдай

Көздеу

Сермегенде құлаштау

Лақтыру

Бағытты сақтау

Тепе-теңдік сақтау




























Егер бала лақтыру техникасының кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, онда белгіленген бағанға минус таңбасы қойылады. Нысанаға лақтырудың даму деңгейін есепке алу үшін, ересектер және мектепке дайындық топтары үшін оң қолмен-3 м, сол қолмен-2 м, ортаңғы топ үшін оң қолмен-2 м, сол қолмен-1м қашықтықтар белгіленеді. Нысана көлемі 60X60 см белгіленген шеңбердегі диаметрі 10, 30, 50 см баланың көз деңгейіне лайықтап бекітіледі. Жақын қашықтыққа «құлаштап иық арқылы» лақтыру техникасының қашықтыққа лақтыру техникасынан өзгешелігі бар, өйткені балалар мұнда серпін амплитудамен қашықтық пен нысанаға дейінгі лақтыру күшін өлшей отырып қатты сер­пін жасамайды. Дене салмағы осындай жағдайда серпілгенде артта тұрған аяққа күш түспейді. Нысанаға лақтырудың сандық, сапалық көрсеткіштерін жазу алысқа лақтырудың кестесі (схемасы) бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда сандық көрсеткіштің орнына нысанаға түскен сандар мен оның қандай айналымда жасалғаны жазылады. Нысанаға лақтырудағы серпіннің толық емес амплитудасы қате болып есептелмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет