Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Сабақ өткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары



бет195/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Сабақ өткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары. Дәрігер, меңгеруші медициналық орынның, киімдердің, дене жаттығулары сабағы жүргізілетін бөлмелердің санитарлық жағдайын, бөлмелердегі, сондай-ақ дене тәрбиесі алаңдарындағы дене тәрбиесі құралдары мен жабдықтарының гигиеналық жайын бақылауды жүзеге асырады. Дене жаттығуларының сабағы өткізілетін бөлмелердің температурасы 18-170-тан төмен болмауы керек, сабақты өткізер алдында бөлменің ауасы тазартылып, шаң-тозаңдары сулы шүберекпен сүртіледі. Балалар 2 жастан бастап спорт формасымен (труси, май­ка, футболка), спорт тәпішкесімен (чешки) ойнауы қажет. Қыстың күні шаңғымен жүргенде, коньки тепкенде спорт костюмдері мен аяқ киімін пайдаланған дұрыс. Жылдың әр мезгіліндегі серуен кезінде балалар киетін киім гигиеналық талаптарға қатаң түрде сай болуы керек. Балалармен сабақ өткізу кезінде тәрбиешілердің де спорт формасында болуы қажет. Дәрігер, мейірбике (сестра) тәрбиешілер, ата-аналардың гигиена, дене тәрбиесі мәселелері бойынша және оның балаларды дамытудағы рөлі жөніндегі білімдерін көтеруді жүзеге асырады. Дене шынықтыру құралдарын қолданғанда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы керек. Құралдардың бала қолдануына жарамдылығы тексерілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет