Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2- бөлім
Күні:
Сынып: 5
|
Мектеп: Мыңбаев ОМ
Мұғалімнің есімі: Адырбекова Ж.С
Қатысқандар саны:10
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ұлттық киім- бай тарихи- мәдени мұра
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
5Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
5Ж3. Сюжеттік суреттер (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырып жазады.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Тірек сөздер мен суреттер арқылы ұлттық киімдердің ерекшеліктерін түсінеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тірек сөздер және мәтіннің көмегімен диалог құрайды, негізгі ойды анықтайды.
|
Кейбір оқушылар: Тірек сөздер мен ашық сұрақтар арқылы ойды жалғастырып мәтін құрайды, дамытады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар түсінеді және қолданады:
Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері: ұлттық киімдер, бас киім, әшекей бұйымдары, қауырсын, қарқара.
Тақырыпқа қатысты ащық сұрақтар:
Бас киімге не үшін қауырсын қадайды?
Тұмардың қандай қасиеті бар?
«Алтын адамның» киімі жайлы не айтасың?
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
Қарым-қатынас жасау мәдениеті
Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, технология, өзін-өзі тану.
|
Тақырып а лдыңғы білім
|
2- тақырып, 1- бөлім. Киімдер
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
8 мин.
|
Оқушылар «Шаттық шеңберін» құрап, бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді. Стикердің көмегімен топтарға бөлінеді. Оқу және сабақ мақсатымен таныстырылады. «Сыныптастың сауалы» тәсілімен алдыңғы білімді естеріне түсіреді.
Киім ұғымының шығу тарихын айт.
Алғашқы киімдер неден жасалған?
Қазіргі киімдер қай дәуірден бастау алады?
Тақтаға ұлттық киімдер: сәукеле, шапан, қамзол, бөрік, мәсі суреті шығарылады, балалардан не көріп тұрғаны сұралады (Ұлттық киімдер).
|