Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Үйрету процесiнде балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары



бет107/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Үйрету процесiнде балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру процесі оларды мектептегі жылдарда одан әрі дамыту және жетілдіру үшін іргетас болып табылады. Бұл заңды процесс үш сатыға бөлінеді.
Бірінші саты-бастапқы іскерлікті қалыптастыру-балалар жаңа қимыл-қозғалыстармен танысатын кездегі уақыт жөнінен қысқа сатыға ми қыртысында қозу процесінің кең иррадиациялануы және ішкі тежелістің жетімсіздігі тән. Осыған байланысты балалардың қимыл-қозғалыстарында сенімсіздік, бұлшық еттердің жалпы жиырылғыштығы, артық қимыл-қозғалыстардың болуы, кеңістікті және уақытты дұрыс бағдарламайтыны байқалады. Бұл қозудың иррадиациялағыш процесінің қимыл-қозғалыстық анализатордың басқа орталықтарына да тарауы салдарынан болып жатады.
Екінші саты – уақыт жөнінен әлдеқайда ұзақ. Ол шартты рефлекстік мамандандырылу процесімен айрықшаланады. Осы саты барысында балалардың дағдысының дамуы қайталау жаттығулары ыңғайында үйреніп жүрген қимыл-қозғалыстардың дұрыстығы бірте-бірте жақсара түседі. Бұл жеке қимыл-қозғалыстық рефлекстерді және олардың жүйесін тұтас нығайтудан болып жатады. Екінші сатыға қозу процестерінің тарауын шектейтін ішкі сараланған тежелістің бірте-бірте дамуы, екінші сигналдық жүйе рөлінің артуы тән. Осыған байланысты бала міндеттер мен өз әрекеттерін санаға молынан сіңіргендігін көрсетеді. Дегенмен, бұл сатыда қимыл-қозғалыс дағдылардың құрылуы толқынды түрде өтеді. Бұл әрекеттің жақсаруы немесе нашарлауының кезектесіп келуінен көрінеді. Зерттеулер үйрету кезіндегі қимыл-қозғалыс сатысының жалпы ілгерілеу процесінде мұндай ауытқулардың үйретудің алғашқы кезінде болатындығын көрсетті. Қимыл-қозғалыстық іскерліктердің барған сайын нығайып, жетілуіне қарай ми қыртысында уақытша байланыстардың күрделі жүйесі - динамикалық стереотип пайда болады.
Үшінші саты – әрекеттің негізгі нұсқасына сай дағдының тұрақтануы, динамикалық стереотиптің нығаюы. Бала дағдыны меңгереді. Оның қимыл-қозғалыстары екінші сигналдық жүйенің жетекші рөлінің арқасында ықтиярлы, үнемді, еркін, жеткілікті мөлшерде дәл бола түседі. Ол әрекетті оның негізгі міндетін жете түсіне отырып, өз бетімен және сенімді атқарады, пайда болған нақты жағдайда (ойындық және өмірлік) қалыптасқан дағдыны шығармашылықпен қолдана алады. Мұнымен бірге дағды дамуының осы сатысында қимыл-қозғалыстық әртүрлі нұсқалармен сәйкес қосымша қимыл-қозғалыс реакциялар қалыптасады. Қимыл-қозғалыс дағдылар өзара әрекеттес болуы мүмкін. Бұрын игерілген дағды тасымалдану механизмі бойынша жаңа іскерлік немесе дағдының пайда болуына көмектесе алады. Tасымал мәні - тәсілдер немесе амалдарды жаңа объектілерге, процестерге (коньки тебу - роликті коньки тебу) қолдануда. Дағдыны тасымалдаудың қажетті шарты - белгілі бір әрекетті орындау элементтерінің, олардың құрылымының ұқсастығы, орындаудың жалпы принциптерін жете түсіну болып табылады. Мұндай жағдайда бала өзінде бар тәжірибе мен іскерлікке сүйеніп, жаңа дағдыны тезірек меңгереді. Мұндай кезде қимыл-қозғалыс актілердің басты фазаларының ұқсастығы міндетті шарт болуы тиіс (мысалы, гимнастикада). Айтылған тасымал жақсы жағынан анықталады.
Дағдылар ұқсастығы олардың дайындық фазалары үшін тән, бірақ бұдан кейінгілері, әсіресе, бастылары арасында айырмашылық болса, кері өзара әрекеттесу - қимыл-қозғалыс актілерді меңгеруге жәрдемдеспейтін кері тасымал немесе интерференция тууы мүмкін. Дағдылар интерференциясының бір себебі - жаңа дағды пайда болуы кезінде кейін туғандарымен салыстырғанда, бұрынырақ пайда болған уақытша байланыстардың беріктігі бо­луы мүмкін. Сонымен бірге интерференцияның себебі жаңа әрекеттерде әр әрекеттің өзіндік ерекшеліктерін ажыратуға кедергі жасайтын бұрынғы әрекеттермен бірқатар ортақ компоненттердің сақталуы мүмкін. Күрделі қимыл-қозғалыс актілерін меңгеруге туа біткен автоматизмдер әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, дағдыны меңгеруге жүру, жүгіру т.б. сияқты әрекеттердің табиғи негізі болып табылатын туа біткен қарама-қарсы үйлесімділік жақсы әсерін тигізеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет