Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Ертеңгілік жаттығу кезіндегі музыка. Ертеңгілік жаттығу процесінде музыка балалардың эмоциялық өрлеуін, өмірді қуана түсінуін туғызады. Ертеңгілік жаттығу үшін музыкалық шығармаларды таңдап алу оған енгізілген жаттығулардың сипатымен анықталады. Сөйтіп, ертеңгілік жаттығу музыкалы маршпен үндескен ширақ жүріспен басталады. Керісінше, ертеңгілік гимнастиканың соңындағы жүру ағзаны тыныштандыру үшін беріледі. Осыған орай қорытындылаушы марш та байсалды болуға тиіс. Ересектер тобында гимнастиканы ән айтып жүрумен бастау ұсынылады. Ән айту балалардың көңіл күйін сергітеді және ерекше әрі пайдалы тыныс алу гимнастикасы болып табылады. Музыка жетекшісі болмаған кезде тәрбиеші соқпалы аспаптардың бірін - дабылды, барабанды пайдаланады, оның үстіне музыка күйтабақ, үнтаспа, теледидар арқылы берілуі де мүмкін.