3. Нормативтік және бағдарламалық-әдістемелік материалдар» тізімі
3.1. Қазақстан Республикасының Жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту (негізгі ережелер). 2009,
3.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары және оқу әдістемелік кешені.
1) «Балбөбек» бағдарламасы, Алматы, 1999, 2000.
2) Мектепке дейінгі 3-тен 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу оқытуға арналған «Мен - жеке тұлға»бағдарламасы.
3) Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы (5 жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту), «Алматыкітап», 2006.
4) 6-7 жастағы балаларды мектепке даярлау бағдарламасы «Алматыкітап», 2001.
5) «Қарлығаш» 4-5 жастағы балаларды дамыту бағдарламасы, «Арман-ПВ», 2007.
6) Балаларды «Қайнар» балабақшасы жағдайында тәрбиелеу, білім беру, дамыту бағдарламасы, «Просвещение-Казахстан», 2006.
4. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру (медициналық) қызметін көрсететін тұлғаларға жеңілдіктер
Қазақстан Республикасының «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемақылар туралы» Кодексіне сәйкес әлеуметтік салада аталған қызмет түрін жүзеге асыруға сәйкес лицензия алған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызмет көрсетуден алған жылдық табысы 90% кем емес жүзеге асыратын ұйымдар салық бойынша жеңілдіктерге ие бола алады:
1) түскен табысқа салық салынбайды (135 бап);
2) қосымша құн салығынан босатылады (253 бап);
3) жер салығын есептеп шығаруда мөлшерлемеге сәйкес 0,1 коэффициент қолданылады (387 бап);
Достарыңызбен бөлісу: |