2. Жекеменшік балабақшаларды ашу жолдары
Заңды тұлғаны тіркеу.
Білім беру қызметіне лицензия алу (білім беру саласындағы облыстық деңгейдегі және Астана, Алматы қалаларының, ауданның жергілікті атқарушы органдары).
Лицензия алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу жөнінде нотариалды бекітілген куәлік көшірмесі;
- салық төлеу орнында есепке тұру жөнінде нотариалды бекітілген куәлік көшірмесі;
- білім беру қызметімен айналысуға құқылы болу үшін бюджетке лицензиялық салым (10 айлық есептік көрсеткіш) төлемін растайтын құжат;
- квалификациялық талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар; Мектепке дейінгі ұйымдарға келесі біліктілік талаптары қойылады:
1) мектепке дейінгі ұйымдарға тәрбиеленушілерді қабылдау олардың жасына және топты толықтыруға қойылатын санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес іске асыру;
2) бірінші және екінші дәрежелі тәрбиешілердің жалпы санының үлесі 20 пайыздан кем болмауы;
3) оқу орнының санитарлық ережелер мен нормаларға сай болуы
4) тәрбиеленушілердің дене, интеллекгуалдық және жеке тұлғалық дамытуда Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартында бекітілген нормативтерге сәйкес ойын материалының және жабдықтардың, балаларға арналған және әдістемелік әдебиеттің болуы;
5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету;
6) тәрбиеленушілерді тамақтандыру объектісінің болуы;
7) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін өзіндік немесе шаруашылық жүргізу құқығына ие оперативті басқару немесе материалдық және материалдық емес активтерді мүліктік жалдау (жалға алу).
3. Медициналық қызмет көрсетуге лицензия алу (денсаулық сақтау саласындағы облыстық деңгейдегі және Астана, Алматы қалаларының, ауданның жергілікті атқарушы органдары).
Медициналық қызмет көрсетуге лицензия алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу жөнінде нотариалды бекітілген куәлік көшірмесі;
- салық төлеу орнында есепке тұру жөнінде нотариалды бекітілген куәлік көшірмесі;
- жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға құқылы болу үшін бюджетке лицензиялық салым төлемін растайтын құжат;
- квалификациялық талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Медициналық қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптар:
1) үй-жайды (ғимаратты) жекеменшікке алу немесе жалдау құқығын дәлдейтін және көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) әр қабатының сызбасы көрсетілген құжаттың нотариалды бекітілген
көшірмесі дәлелдейтін жекеменшік құқығы немесе жалға алу келісім шарты бар үй-жай немесе ғимараттың;
2) көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура, приборлар, жиһаз, құрал, транспорттық және басқа құралдардың;
3) осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес медициналық қызметкерлер жөніндегі мәліметтерді растайтын медициналық қызметкерлер штатының;
4) ұсынылатын медициналық қызмет түрлері бойынша сәйкес білімнің; 5) ұсынылатын медициналық қызмет түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандыру немесе біліктілікті жетілдіру мен жоғарылатудың басты түрлерінің;
6) жеке тұлғаларда - ұсынылатын медициналық қызмет түрлеріне сәйкес мамандық бойынша еңбек өтілінің;
7) маманның тиісті сертификатының болуы.
Лицензияны өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күнінің, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінің ішіңде лицензия беріледі. (Ескерту: Лицензиялау және біліктілік талаптарының ережелері 2009 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2301 қаулысымен бекітілген)
Достарыңызбен бөлісу: |