Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызы



бет2/2
Дата02.12.2023
өлшемі71,12 Kb.
#194606
1   2
Байланысты:
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ)

Мұндағы мақсатым:
Біріншіден,
 әр бала өзінің қазақ елі азаматы екенін, қазақ елінде туып-өскенін мақтаныш ете алатындай етіп тәрбиелеу, қазақ мәдениеті мен өркениетінің ешбір елден кем болмағандығына көздерін жеткізу.
Екіншіден, балаларға қазақ халқының тарихын, ірі тұлғаларды, олардың ел ісіне қосқан үлесін өнеге ету,солар арқылы адамгершіліктің биік шыңына жетелеу.
Үшіншіден, оқыту барысында, апталықтарда, спорттық шараларда, кештерде ұлттық ойындарды, салт-дәстүрді, ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларын пайдаланып, балалардың қиялын, ой-өрісін, әдеби сөздік қорын дамыту.
Төртіншіден, халықтық педагогика арқылы қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардан сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау, саналы, қоғам істеріне бей-жай қарамайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
«Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу болып табылады. Жас ұрпақты аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тарихты оқу арқылы отаншылдыққа, өз халқына, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесін халық, Отан мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді.
Осы мақсаттарыма қол жеткізу үшін өткізілген шараларда болсын, пікір-таластар мен сайыстар болсын, спорттық жарыстар, ойындар болсын халықтық педагогикамен, ұлттық тәрбиемен ұштастырып отырамын.
Қай бала болмасын әр нәрсеге қызығушылықпен қарайды. Осыған байланысты баланы ұлттық қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оныңмағынасын ашатын іс-шараларды да өткізіп отырамыз. Мысалы «Қош келдің, Әз-Наурыз !» мерекелік ертеңгіліктерде топ тәрбиешілері бүлдіршіндер мен ата-аналарын қатыстыра отырып, салт-дәстүрден көріністер қойып, бір –бірінің өнерін тамашалап, бағалап қана қоймай, дәстүрді жаңғырта отырады. Балалардың ұлттық сансын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар өткізгенде барынша нақты іс-әрекет жасауға тырысамыз.Ұлттық мерекелерді өткізу барысында тәрбиешілер балаларға ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту,соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру жұмыстарын қатар жүргізіп отырады. Балаларды бір-біріне сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру,ынтымақтастық орта қалыптастыру, олардың келешек білім алу ға даярлауға ықпал етеді. Әсіресе мұндай жұмыстарда екеуаралық кері байланыс міндетті түрде болуы шарт.Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді,әрі қызығушылығы артады. Өзінене қажет екенін пайымдайды.
Мұндағы мақсатымыз-қазақтың салт-дәстүрлері арқылы балалардың бойына мәдени, рухани–және адамгершілік құндылықтарды дарыту.Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мәдени бай мұрамызды бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар халық педагогикасын кеңінен насихаттап, сол арқылы балабақшадағы өскелең ұрпақтыұлттық тәрбие берудегі маңызын көтеруді жоспарлап отырмыз. Ата-бабамыздан қалғанмол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өзұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,-дегендей қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый-құрмет көрсетіліп, дәріптейтінлайықты салт-дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңағасырда әр халық, ұлтын, дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуғатырысады. Олай болса салт-дәстүр өсіп келе жатқан баланың ой-санасынқалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерінтигізеді.Сондықтанда осы бағытта жұмыс жасауды балабақша ұжымы болып жоспарлапжатырмыз.
Тәрбие мен білім қатар жүретін дүниелер, тәрбие мен білімді бөліп қарауға болмайды. Бұл дүниелер бірін — бірі толықтырып тұратын ажырамас сапа болып саналады.
Халқына қаралы күн туғанда- елін қорғап, отаны үшін жан қиюға даяр адам — тәрбиелі, білімді деп санасақ болады. Отанды сүю отбасынан басталады. Жаңа дүние есігін ашқан балаға жақсы тәрбие беріп, елін — жерін қорғауға дайын болуға насихаттап, үлкенді — құрметтеуге үйрету ата мен ананың отан алдындағы борышы іспеттес.
Біздің басты міндетіміз-қазақтың еліне, жеріне,әрбір тау-тасына иелік ете білу сезімін жас ұрпақтың жүрегіне, санасына сіңіру. Қазақта қандай дүние,қандай рухани байлық болса,сонымен мақтана алатын саналы, интелектуальдық мінез-құлқы қалыптасқан, өз елінің өзге елдермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ететін парасатты ұрпақ тәрбиелеу.
Атап айтсам,ойын әрекеттері мәдениеттің жай ғана бір түрі емес, сонымен қатар,балалар мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудің аса тиімді құралы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше. Ойындар жалпы ойлау процесінің икемділігіне, зейініне, қабылдауына, логикасын,қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді.Ойын атадан балаға, үлкеннен- кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық,мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды:
«Ойната отырып- тәрбиелейміз»
«Ойната отырып –оқытамыз»
Ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттау арқылы-балаларды отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға,үлкенге- құрмет, кішіге-ізет жасауға баулу болып табылады.
Ұлттық ойындар мазмұны мен түрлеріне қарай оқу-тәрбие үрдісінде үлкен қолдауға ие бола алады. Қимыл-әрекет ойындары мен спорттық ойындар дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу қызметінде кеңінен қолданылса,табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар мен хайуанаттар дүниесіне елестетіп ойнайтын ойындар – қоршаған ортамен таныстыру.
Ұлттық ойындардың мектепке дейінгі мекемеде жүргізілетін түрлері:
1.Қимыл әрекет ойындары : «Орамал тастау, Айгөлек, Күзетші, Ақсерек-Көксерек, Күн мен Түн, Орныңды тап»
2.Спорттық ойындар: «Теңге ілу,Қыз қуу,Қазақша күрес, Қол күрес, Ат жарысы»
Бұл спорттық ойындардың түрлері- үлкен топтарға арналған ойындар.
Президенттік ұстанымның, бүгінгі өмірлік талаптың тұғыры ор­тақ арнаға меңзейтіні айғақ­та­луда. Ойлы тоқтамның ма­ңызы – болашақта құнды ізгілікке, иман­дылық пен парасаттылық­қа апа­ратын ұстанымдардың ұтым­ды жақтарын айқындап түсін­діруде; тәуелсіздігіміздің құнды­лығы, болашағы біртұтас ұлтта, елде екенін қонымды дәйектер­мен сенім деңгейіне көтермелеуде білінбек. Ұстамды ұқыптылықта адам сезімінің, сөзінің, сенімінің патриоттық рухын ашып беруге тәптіштеп назар аударудың маңызы арта беретіні күмәнсіз. Сол бетбұрысқа лайықты үлес қосалық.
Қорыта келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуіұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Сондықтан баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп,
туымызды жықпай,ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу біздің міндетіміз болып табылады. Жалпы балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық күш-жігері Отанды, халқымызды , туған-туысты құрметтейтін шығармашыл және талантты ұрпақ тәрбиелеуге бағыталуы тиіс.Алдымызда осы құндылықты бойына
сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аябайтын, білімді иманды, еңбекқорұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет