Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық әні Дудар ай Сабақтың мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі135,54 Kb.
#22621
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық әні Дудар - ай

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шешендік сөздердің мағынасын түсіндірумен қатар қазақтың халық әндерін кеңінен насихаттап, өзге ұлт өкілдерінің үйірмеге деген қызығушылығын арта түсіру. Деңгейлік тапсырмалар орындай отырып, қазақтың халық әндерінің ауыздан –ауызға жалғасуы туралы мағлұмат беру

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, түрлі тапсырмалармен жұмыс, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу-әдістемелік құралдар жинағы, кесте, тақырыптық суреттер, караоке, компьютер.

Сабақтың жоспары:

    1. Ой шақыру

    2. Тыңдалым

    3. Оқылым

    4. Грамматикамен танысайық

    5. Жазылым

    6. Сергіту

    7. Айтылым

    8. Қорытынды

    9. Өзіндік жұмыс

Кіріспе

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-деп ұлы Абай атамыз айтқандай адам жүрегіне шуақ шашатын әндер қазақ халқында өте көп. Сондай-ақ сіздердің араларыңызда қазақ әндерін сүйіп тыңдайтын оқушылар жоқ емес. Біз бүгін қазақтың халық әніне теңеліп кеткен Дудар - ай әнін орындаймыз.

Ой шақыру:


  1. Қазақтың әндерін көп тыңдайсыздар ма?

  2. Қандай халық әндерін білесіздер?

  3. Дударай әнін естулеріңіз бар ма?



Мәтінді оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін «Дудар-ай» әнін естімеген жан кемде кем шығар. Әннің шығу тарихына терең үңілмесе де, алдыңғы әуенін естіген бойда ыңылдай кететіні хақ. Бұл әннің авторы Мариям Жагорқызы есімді орыс қызы.

Мария Егорқызы Рыкина қазақ жеріне көш аударған қарапайым шаруаның қызы. Мария Ақмола облысында өскендіктен қазақ тілін жетік меңгерген, домбыра тартуды да білген екен.  Ол Дудар есімді қазақ жігітін құлай сүйіп, ғашықтық ғаламатынан әсем әнді дүниеге әкелген. Ән жарыққа шыққан бойда кеңінен таралып кетті. Көбі ән авторын білмегендіктен оны халық әндерінің қатарына қосып жіберген. Кейін музыка зерттеушілері А.Затаевич пен Б.Ерзакович әнді тереңірек зерттеп, шығу тарихын анықтаған.

Бұл әнді алғашқылардың бірі болып көмейіне бұлбұл ұя салған қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаев орындаған. Ән негізінде поэма да, опера да жазылды. Қазіргі таңда әсем әнді өз репертуарына Сембек Жұмағалиев, Медеу Арынбаев, Жұбаныш Жексенұлы, «Арнау» дуэті бірқатар өнер жұлдыздары қосқан. Мөлдір сезім мен шын ғашықтықтан туған әннің жарыққа шыққанына қаншама уақыт өтсе де, өз әсемдігін жоғалтпай, талай ұрпақтың санасына сезім дәнін еге алды.


Сұрақтарға жауап беріңіздер




  1. «Дудар-ай» әні қандай мақсатпен шыққан?

  2. Әнді тыңдағандарыңыз бар ма?

  3. Қазіргі уақытта қандай әншілер орындайды?
    Көру көмекші етістігі.

    Көру етістігі негізгі және ауыспалы мағыналарында «1) қарау, көз тігу; 2) қызықтау, қасында болу; 3) кездесу, жолығу» қолданылады.

    (глагол «көру» употребляется в прямом и переносном значениях.

    Сонымен бірге көмекші етістік рөлінде «талпыну, байқап көру, істеп көру, әрекеттену» мағынасында қолданылады.

    (кроме того, употребляются в качестве вспомогательного глагола со значением «талпыну, байқап көру, істеп көру, әрекеттену».

    Мысалы: Мен француз тілінде сөйлеп көрейін. (Я попробую говорить на французком). Біз өзеннен балық аулап көрдік. (Мы попытались поймать рыбу на речке)





  4. Грамматикалық минимум.


Әнді тыңдау.



  1. Тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.

Дудар-ай

Әні мен сөзін жазған: Мариям Жагорқызы

Мариям Жагор деген .......,


Он алты, он жетіге .......... кезі.
Қазаққа Дудар деген ............. болып,
Сондағы ....................... айтқан сөзі.

Қайырмасы:

Дудар-айым, ..........,


Бір сен үшін ...........!
Шіркін-ай, ............-.........., Дудым!

Дудар-ай, ақ боз атты ............. бе,


Жеріңе уағда ............ келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан ............. қалып
Мариям заты …........ деп сенбедің бе?

Қайырмасы:

Дудар-айым, Дудым,


Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудар-айым, Дудым!

Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бар


Басыңа кәмшат бөрік жарасып тұр.
Дудар-ай, келер болсаң, тезірек кел,
Орныңа талай жаман таласып жүр.

Қайырмасы:

Дудар-.......... , Дудым,


Бір сен үшін ..............!
Шіркін-ай, Дудар-айым, Дудым!

Қолында Мариямның ......... қайшы,


........... «Мариям» аты жазылсайшы.
Қор болып бір .............. кеткенімше
Алдымнан қазулы көр .....................!

Қайырмасы:

Дудар-айым, ................,


Бір сен ........... тудым!
Шіркін-ай, ...........-........... , Дудым


  1. Тапсырма. Әннің қайырмасын жазыңыздар.

Мариям Жагор деген орыс қызы

Он алты, он жетіге - келген кезі

Қазаққа Дудар деген ғашық болып

Сондағы Мариямның айтқан сөзі



Қайырмасы

...............- ...... ................

........ ....... ....... .................!

..........-...., ........-....... .......!

Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе

Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?

Жеріңе уағда айтқан келмей қалып

Мариям заты орыс деп сенбедің бе?



Қайырмасы

.............-.... ............

....... ....... ....... ..........!

..........-......, ........ - ..... ..........!

Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір

Басыңа камшат бөрік жарасып жүр

Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел

Орныңа өңкей жаман таласып жүр



Қайырмасы

.............-.... ............

....... ....... ....... ..........!

..........-......, ........ - ..... ..........!

Қолында Мариямның өткір қайшы

Қағазға Мариям аты жазылсайшы

Қор болып бір жаманға кеткенімше

Алдымнан қазулы көр табылсайшы!



Қайырмасы

.............-.... ............

....... ....... ....... ..........!

..........-......, ........ - ..... ..........!





  1. Суреттегі қазақ әншілерінің аты-жөндерін жазыңыздар.



  1. Өзге ұлттың қандай әншілерін білесіздер, солар туралы жазыңыздар.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Айтылым. «Қазақтың эстрадалық әншілері » тақырыбы бойынша сұхбат құраңыз.

  • Қазақтың қандай атақты әншілерін білесіз?

  • Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Ескендір Хасанғалиев

  • Осы әншілердің қандай әндерін сүйсініп тыңдайсыздар?

  • Атамекен,Саржайлау,әсіресе Әлия әнін сүйсіне тыңдаймын.

  • Мақпал Жүнісованың қандай әндерін білесіздер?

  • Қазақтың ерке қызымын , Ғашықтар жыры және т.б.




  1. Дудар-ай»_әнінің_минусовкасын_тыңдап_қосылып_орындату.______Сабақты_бекіту'>Сергіту сәті: « Дудар-ай» әнінің минусовкасын тыңдап қосылып орындату.




  1. Сабақты бекіту:


орыс қызының хаты


Дудар-ай

әні қалай шыққан?



  1. Сабақты қорытындылау.

1. Бүгінгі сабақта қандай әнді меңгердік?

2.Сабақ сіздерге ұнады ма?

3.Сабағымыздың сіздерге пайдасы болды ма?

4.Болса, қандай?



5. Оқушыларды мадақтау

9. Үйге тапсырма беру: «Дудар-ай» әннің сөзін жаттау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет