Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысының мақсаты мен міндеті


Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы, дамуы



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі18,17 Kb.
#80945
1   2   3   4
Байланысты:
произн

Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы, дамуы.
1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959ж. 21 майдағы орталық комитеттің “Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы” қаулыға байланысты. Ұлы Октябрь революциясынан кейін біздің республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 майда Верный қаласында тұңғыш балабақша ашылды. Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын 100-ге жуық бала қабылданды. 1922ж. Бастап республикада балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29 жылдары республикамыздың алыс аудандарына мектепке дейінгі киіз үй, көшпелі киіз үй, қызыл отау секілді мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар алыс комиссариатының шешімі бойыша мектепке дейінгі тәрбие туралы конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияда тәрбие әдістері, сауат ашу, мектеп пен балабақшаның байланысы деген мәселелерге көңіл бөлінді.
1938ж. 1 майда Алматы қаласында мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде тәрбиешілер даярлайтын 3, 6, 9 айлық курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен байланысты балабақша жұмыстары жандандырылып балабақшаға арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалды. Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі қазақ алфавитіне негізделіп, ал көркем әдебиет бөлімі қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды. 1964 ж. Шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 1960-70 жж. арасында республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 5,2 есе, ал оңдағы тәрбиеленетін балалардың саны 5,6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына арнай шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет