Мектепке дейінгі ұйымында балаларды табиғатпен таныстыру маңызы



бет5/5
Дата23.01.2023
өлшемі22,13 Kb.
#166115
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.1 Табиғаттану маңызы

Тапсырма:
Талдау жасаңыз, мәнін түсіндіріңіз
Көктемгі саяхат


«Біздің өлкенің табиғаты» тақырыбын бөлмеде түсіндірген соң оны талдау, қорыту мақсатында көктемгі саяхат ұйымдастырылады. Оның мақсаты – балалардың өз өлкесінің өсімдігі мен жануар дүниесі туралы білімдерін тиянақтау және бекіту, оларға өсімдік пен жануардың тіршілік ортасына бейімденуі туралы мағлұмат беру табиғатты қорғаудағы адамдарының іс-әрекетімен таныстыру, балалардың табиғатты байқау, бақылау шеберліктерін арттыру. Саяхатқа қажетті көрнекі құралдар: дәптер, қарындаш, компас, сызғыш т.б. алдын ала дайындалады және балалар өздеріне тапсырмалармен таныстырылады. Орман ішінде және шетінде ашық жерде өсетін өсімдік, тіршілік ететін жануарлардың ортасына қарай бейімделуін, өзгешелік белгілерін бақылау. Орманда өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктеріне қысқаша сипаттама беру. Қарағай, шырша, қайын, үйеңкі ағаштардың құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Орманды, оның шетінде, ашық жерде өсіп тұрған қарағай, қайыңның сыртқы көрінісі мен өсу жағдайын салыстыру. Орман мен шалғынды жердің шөптесін өсімдіктерін салыстыру. Жыл маусымына сай өз өлкесіндегі табиғат өзгерісін бақылау. Өз өлкесіндегі табиғат байлығын ауыл шаруашылығына пайдалану мақсатындағы адам еңбегінің түрлерімен, оның өзгертушілік ролімен, қоршаған ортаны қорғау жұмысымен танысу. Саяхатқа шығар алдында тәрбиеші жұмысының жүргізілу ретін ескертеді. Орманға жақындағанда тәрбиеші қысқа кіріспе әңгіме өткізеді. Әңгіме тартымдылығымен балаларға ерекше әсер қалдыруы керек, ақынның осы тақырыпқа жазылған өлеңің тәрбиеші мен балалар жарыса айтса, саяхаттың көңілдегідей өтуіне көп әсері бар. Тәрбиеші одан әрі балалардың назарын орман мен шалғынға аударып: - Қараңдаршы, ашық жерде өскен өсімдік пен орман ішінде өскен өсімдіктің айырмашылығы бар ма? Балалардың жауабын өзі толықтырады. Ашық жерде сәулесі көп, жылылық мол, топырақтары ылғалы орман ішіндегідең аз. Орман – алуан түрлі жануарларға бай. Ондағы көптеген құстар орман ағаштарының, бау-бақшалардың зиянкестерін жояды. Мысалы, көкек 1 сағатта 100 шыбын-шіркей жейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет