Мектепке дейінгі ұйымында балаларды табиғатпен таныстыру маңызы



бет2/5
Дата23.01.2023
өлшемі22,13 Kb.
#166115
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.1 Табиғаттану маңызы

1.1. Тапсырма:
Берілген мәліметке талдау жасаңыз


Табиғат – баланың дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады. Қоршаған орта кімді болса да бей-жай қалдырмасы хақ. Желдің үілі. Құстардың сайрағаны, жаңбыр тамшыларының дыбысы, көкжиектен батып бара жатқан күн, таңғы шық, көктемнің көгілдір бояуы мен жаздың жадыраңқы күндері бәрі-бәрі де жаныңды баурап, керемет күйге бөлейді. Бұл әсерлер тек ересек адамды ғана емес дүние есігін кеше ашқан жас балдырғанды да алға жетелейді. Сондықтан да баланың болашағында дұрыс қалыптастыру керек. Ол үшін бала күннен бастап оның ішкі сезімдері, яғни есту, көру, сезу органдарын дамыту қажет. Кезінде Н.К.Крупская: «Мүмкіндігінше баланың өркенін өсіру керек, сондықтан баланы табиғатқа жиі шығарып, таныстырып отыру керек»,- деген.
Табиғат әлемі кең және керемет. Баланың есту, көру, сезу органдары бірден қалыптаспайды, ол бірте-бірте уақыт өте қалыптасады. Осы жолда тәрбиеші балаға көмектесуі керек. Ол ең алдымен балаларды орманға ертіп апаруы керек. Ормандағы дыбыстарды тыңдаймыз. Тәрбиеші балаларға: «Не істеп тұрсыздар?» Балалар өздерінің естігендерін айтады. Келесі күні тәрбиеші: «Бүгінгі күн кешегідей ме? Кеше орманда жел болды, бүгін тыныштық». Алаңқайға келген соң: «Мынау қандай гүл? Неге бұл гүлдің жапырағы жасыл, гүлі ақ, ортасы сары?» Бала өзінің шама-шарқынша жауап береді. Тәрбиеші балаларға түстердің мәнін түсіндіруі керек. Суретке қарап ондағы бейнелерді түсіндіреді.

І-кезең. Жалпы зерттеу
- Қараңдаршы, қандай үлкен, қандай биік, қандай керемет, жасыл ағаш. Сендер әрине бұл ағаштың қалай аталатының білесіңдер ғой (терек)

ІІ-кезең. Жалпы зерт-теуден жекеге өту.
- Терек дегеніміз не? Теректегі негізгі бөліктердің не екенін білесіздер ме? (тамыр, сабақ,, жапырақ т.б.)

ІІІ-кезең. Жалпыға оралу.
- Сіздер терек туралы көп білесіздер, оның негізгі бөліктері туралы да білесіздер. Тек біліп қана қоймайсыздар, суретін де сала аласыздар ғой. Бақылаудың мақсаты балалардың жеке-жеке ойлау қабілетін дамыту. Бөлменің өсімдіктерін де ағаш сияқты қарастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет