3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты, толыққанды дамуына, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауына бағытталған.
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып жасалған:
1. Оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы.
2. Тәрбиелеу мен оқыту мақсатгарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы.
3. Дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы.
4. Стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.
5. Балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық қатынас ұстанымы.
6. Тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы.
3-5 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады.
3-5 жастағы балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына құзыреттілік, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестік жатады.
Бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).
Баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемі, дөңгелек, т.б.).
3-5 жастағы балалардың құзыреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерін (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруімен анықталады.
Өзінің түрлі көңіл күйі мен сезімін (қуаныш, реніш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетеді.
3-5 жастағы балалардың маңызды ерекшелігі («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Олар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды. Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.с.с.).
Достарыңызбен бөлісу: |