«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ Мақсаты: тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндігі бар және ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік тілді, орыс және басқа тілдерді үйрету.
Тіл дамыту Мақсаты: балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау және артикуляциялық аппараттарын дамыту.
2. Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру.
3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
4. Өз ойын дұрыс тұжырымдап айту, қысқа әңгімелер құрастыру, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, айтылу мәнеріне қарай ажырату дауыс ырғағы бойынша ажырату іскерліктерін дамыту.
5. Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу.
6. Қарым-қатынас жасау мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу Сөздік жұмысы Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру Байланыстырып сөйлеу Шығармашылық сөйлеу әрекеті Көркем әдебиет Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиетіне алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Балаларды адамдар мен балалар көркем әдебиеті және халық ауыз әдебиетінің шығармалары әлемі арасындағы өзара қарым-қатынасымен таныстыру.
2. Басқалармен сенімді қатынас орнатуына жағдай жасау, айналасындағы адамдардың әр түрлі болатынын түсіндіру.
3. Шығарманың мағынасын түсіну, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілікке тәрбиелеу.
Мазмұны: Балаларды ертегі, әңгіме, өлеңдер тындауға, әрекеттердің дамуын қадағалауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді (мейірімді, зұлым, батыл) сипаттауға ниеттендіру.
Балалардың жеке тәжірибесімен және күнделікті өмірі мен айналасындағылармен шығарма мазмұнының ара қатынасын белгілеуге үйрету.
Кейбір көркем шығармалар жанрын (әңгіме, өлең, ертегі, мақал-мәтел) ажырату. Көркем сөйлеу мен оны көркем орындау қабілеттерін қалыптастыру.
Көркем шығармалардың суреттерімен таныстыру.
Ауызша шығармашылықтың алғашқы түрін меңгеруіне көмектесу.