Құрастыру Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың құрастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Құрылыс материалдарынан, қағаздан, табиғи және қалдық материалдардан құрастыруға үйрету.
2. Конструктордың жаңа түрлерімен таныстыру.
3. Құрылысты өз қалауымен орнатуға, оларды сюжет бойынша біріктіру және қалпына келтіруге, бастаған жұмысын аяғына жеткізе білуге үйрету.
4. Құрдастарымен өзара жақсы қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасау іскерліктерін дамыту;
5. Шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дамыту.
Мазмұны: Құрылыс материалдарынан құрастыру Қағаздан құрастыру Табиғи материалдардан (қабықтан, бұтақтан, жапырақтардан, бүршіктерден, талшыннан, жаңғақ қабығынан, сабаннан) ұсақ-түйектер жасауға үйрету. Қалдық материалдардан (сіріңке қорабы, катушка) ұсақ-түйектер жасау іскерліктерін қалыптастыру. Конструктор бөлшектерінен құрастыру
Экология негіздері Мақсаты: балалардың экологиялық сана-сезімінің негізін қалыптастыру, қоршаған элеммен үйлесімді өмір сүрудің қажет екені туралы түсініктерін жетілдіру
Міндеттері: 1. Қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылықтарын арттыру.
2. Өсімдіктер және жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы ұғымдарын қалыптастыру.
3. Табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасауға үйрету.
Мазмұны: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер (қыс, көктем, жаз, күз) Өсімдіктер әлемі Жануарлар әлемі Қоршаған ортамен таныстыру Мақсаты: қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылықтарын дамыту.
Міндеттері: 1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, қозғалыс пен байланыс құралдары, қарапайым зерттеу-іздеу әрекеттері туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Заттар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын, құбылыстар мен оқиғаларды түсіну іскерліктерін қалыптастыру.
3. Заттар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мазмұны: Заттық әлем Қозғалыс және байланыс құралдары Экономика Зерттеу-іздестіру әрекеттері Қарапайым себеп-салдар байланысын белгілеу, зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізуге үйрету.
Ақпаратпен жұмыс Менің елім - Қазақстан Отанына, оның өткені мен бүгініне қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Өмір қауіпсіздігі мен жолда жүру ережелері Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыруды жалғастыру.
Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау: - үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау;
- үшкір заттармен ойнамау;
- электр құралдарынан алыс жүру;
- отпен ойнамау;
- таныс емес, бөгде біреуге есік ашпау;
- серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу;
- өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп жемеу.