«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: дене бітімі жақсы қалыптасқан, денсаулығын сақтауға және шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- дене шынықтыру;
- валеология.
Дене шынықтыру
Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және өрмелеу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
2. Сапқа тұру мен қайта тұрғызудың қарапайым дағдыларын дамыту.
3. Дене күшінің қасиетін дамытуға, ептілікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдікті сақтауға дағдыландыру.
4. Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіріп, басын тік ұстап, аяғын сүйретпей нық басып жүруге үйрету.
5. Балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету.
6. Жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру.
7. Дербестікке, қимылдарының мәнерлілігі мен икемділігіне, табиғи және еркін жүру мен жүгіру ептілігіне, кеудесін түзу ұстауға, тепе-теңдігін сақтауға, топтағы қатарда өз орнын таба білуге, қозғалыс пен ептілігін дамытуға дағдыландыру.
8. Балаларды спорттық ойындармен және жаттығулармен таныстыру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар
Жалпы дамыту жаттығулары
Спорттық жаттығулар
Дене тәрбиесінен айына 1 рет ұзақтығы 15-20 минут болатын ойын-сауық шараларын ұйымдастыру.
Валеология
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы мен денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру.
2. Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру.
3. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.
Мазмұны:
Салауатты өмір салты
Мәдени-гигиеналық дағдылар
«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндігі бар және ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік тілді, орыс және басқа тілдерді үйрету.
Тіл дамыту
Мақсаты: балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау және артикуляциялық аппараттарын дамыту.
2. Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру.
3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
4. Өз ойын дұрыс тұжырымдап айту, қысқа әңгімелер құрастыру, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, айтылу мәнеріне қарай ажырату дауыс ырғағы бойынша ажырату іскерліктерін дамыту.
5. Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу.
6. Қарым-қатынас жасау мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.
Мазмұны:
Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу
Сөздік жұмысы
Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру
Байланыстырып сөйлеу
Шығармашылық сөйлеу әрекеті
Көркем әдебиет
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиетіне алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балаларды адамдар мен балалар көркем әдебиеті және халық ауыз әдебиетінің шығармалары әлемі арасындағы өзара қарым-қатынасымен таныстыру.
2. Басқалармен сенімді қатынас орнатуына жағдай жасау, айналасындағы адамдардың әр түрлі болатынын түсіндіру.
3. Шығарманың мағынасын түсіну, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілікке тәрбиелеу.
Мазмұны:
Балаларды ертегі, әңгіме, өлеңдер тындауға, әрекеттердің дамуын қадағалауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді (мейірімді, зұлым, батыл) сипаттауға ниеттендіру.
Балалардың жеке тәжірибесімен және күнделікті өмірі мен айналасындағылармен шығарма мазмұнының ара қатынасын белгілеуге үйрету.
Кейбір көркем шығармалар жанрын (әңгіме, өлең, ертегі, мақал-мәтел) ажырату. Көркем сөйлеу мен оны көркем орындау қабілеттерін қалыптастыру.
Көркем шығармалардың суреттерімен таныстыру.
Ауызша шығармашылықтың алғашқы түрін меңгеруіне көмектесу.
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортамен байланысы барысында тілдік-қатынастық құзіреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Мейрімділік, өзара көмек, достық туралы түсінік беру.
2. Үлкендермен және құрдастармен әңгімелесу, жылы шыраймен сәлемдесу, жаңа білімдерімен және әсерлерімен бөлісу іскерліктерін қалыптастыру.
Мазмұны:
Сыпайылық дағдылары: ересектерді аты-жөнімен атау, «Сіз» деп өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу, бір-бірімен сыпайы түрде әңгімелесуін қалыптастыру. Күнделікті өмірде «сыпайы» сөздерді («өтінемін, көмектесіңізші», «менімен бірге ойнашы») қолдануға үйрету. Мейрімділік, өзара көмек, достық туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру.
«ТАНЫМ» БІЛЕМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: қоршаған әлемді қабылдауға, меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға қабілетті, танымдық құзіреттіліктерді меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Танымдық үдерістер: түйсік, ықылас, ес, ой, қиялын дамыту.
2. Ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру: салыстыру, қорытындылау, талдау жасау, байланыстың себеп-салдарын анықтау.
3. 5 көлеміндегі санау дағдыларына үйрету.
4. Заттардың көлемімен, пішінімен, олардың кеңістікке қатынасымен таныстыру.
5. Қарапайым уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мазмұны:
Сан мен санау
5-ке дейінгі сандармен таныстыру.
Көлем
Екі заттың көлемін бір белгісі бойынша (ұзындығын, енін, қалыңдығын) салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.
Геометриялық пішін
Геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) және денелер (куб, шар) туралы білімдерін кеңейту.
Кеңістікті бағдарлау
Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын (оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төменде, алыс, жақын) анықтауға үйретуді жалғастыру.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері, олардың бірізділігі туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Құрастыру
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың құрастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Құрылыс материалдарынан, қағаздан, табиғи және қалдық материалдардан құрастыруға үйрету.
2. Конструктордың жаңа түрлерімен таныстыру.
3. Құрылысты өз қалауымен орнатуға, оларды сюжет бойынша біріктіру және қалпына келтіруге, бастаған жұмысын аяғына жеткізе білуге үйрету.
4. Құрдастарымен өзара жақсы қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасау іскерліктерін дамыту;
5. Шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дамыту.
Мазмұны:
Құрылыс материалдарынан құрастыру
Қағаздан құрастыру
Табиғи материалдардан (қабықтан, бұтақтан, жапырақтардан, бүршіктерден, талшыннан, жаңғақ қабығынан, сабаннан) ұсақ-түйектер жасауға үйрету.
Қалдық материалдардан (сіріңке қорабы, катушка) ұсақ-түйектер жасау іскерліктерін қалыптастыру.
Конструктор бөлшектерінен құрастыру
Экология негіздері
Мақсаты: балалардың экологиялық сана-сезімінің негізін қалыптастыру, қоршаған элеммен үйлесімді өмір сүрудің қажет екені туралы түсініктерін жетілдіру
Міндеттері:
1. Қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылықтарын арттыру.
2. Өсімдіктер және жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы ұғымдарын қалыптастыру.
3. Табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасауға үйрету.
Мазмұны:
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер (қыс, көктем, жаз, күз)
Өсімдіктер әлемі
Жануарлар әлемі
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылықтарын дамыту.
Міндеттері:
1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, қозғалыс пен байланыс құралдары, қарапайым зерттеу-іздеу әрекеттері туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Заттар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын, құбылыстар мен оқиғаларды түсіну іскерліктерін қалыптастыру.
3. Заттар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мазмұны:
Заттық әлем
Қозғалыс және байланыс құралдары
Экономика
Зерттеу-іздестіру әрекеттері
Қарапайым себеп-салдар байланысын белгілеу, зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізуге үйрету.
Ақпаратпен жұмыс
Менің елім - Қазақстан
Отанына, оның өткені мен бүгініне қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Өмір қауіпсіздігі мен жолда жүру ережелері
Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыруды жалғастыру.
Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:
- үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау;
- үшкір заттармен ойнамау;
- электр құралдарынан алыс жүру;
- отпен ойнамау;
- таныс емес, бөгде біреуге есік ашпау;
- серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу;
- өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп жемеу.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын шығармашылық құзіреттілігін меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамыту.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- сурет салу;
- музыка.
Мүсіндеу
Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылығын қалыптастыру негізінде көркемдік талғамын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Заттардың ерекшеліктеріне тән түрлі пластикалық материалдардан мүсіндеу іскерліктерін дамыту.
2. Заттарды бейнелеу тәсілдері мен мәнерлеу құралдарын өз еркімен таңдап алуға үйрету.
3. Шығармашылық әрекеттер үдерісіне, көркем шығармаларға, халық шығармашылығына жағымды қатынасын білдіру іскерліктеріне тәрбиелеу.
Жапсыру
Мақсаты: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балаларға қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету.
2. Заттардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен және оларды орындау техникасымен таныстыру.
Сурет салу
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу тәсілін үйрету негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Заттар мен өнер шығармаларының, халық ойыншықтарымен және сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының эстетикалық қасиеттерімен таныстыру.
2. Қарапайым заттар мен қоршаған ортаның құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету.
3. Қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнерін сурет салуда қолдануға үйрету.
Музыка
Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкалық шығармашылық әрекеттер түріне эмоционалдық қатынасын білдіруге талпындыру.
Міндеттері:
1. Кейбір музыкалық мәнерлілік құралдары туралы музыкалық қабылдау ұғымдарын қалыптастыру.
2. Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратуға үйрету, даңғырлатып ойнайтын оркестрге қатысу.
3. Би қимылдарын орындауға, музыкалық ойын әрекеттеріне талпындыру.
4. Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету.
5. Сазды әуенмен, күшенбей, мәнерлі, табиғи даусымен ән айтуға үйрету.
6. Адамгершілік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Мазмұны:
Ән тыңдау
Ән салу
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: қарапайым әдептілік ережелері мен қағидаларының негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетті құра алатын, әлеуметтік құзыреттіліктерді меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- қоршаған ортамен таныстыру;
- экология;
- көркем әдебиет.
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: балаларда әлеуметтік құндылықтар мен мәдениет негіздерін қалыптастыру, қоршаған әлемнің қыр-сырын түсінуге талпынысын арттыру.
Міндеттері:
1. Ұлтжандылық, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілігін, ересектерді құрметтеу сезімін қалыптастыру.
2. Әрекеттердің әр түріне қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту.
3. Ересектер мен құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.
Мен - адаммын
Адам - тіршілік иесі
Отбасы
Ересектердің еңбегі
Балабақша
Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы
Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
Экология негіздері
Мақсаты: тірі және өлі табиғат нысандарына оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту.
Міндеттері:
1. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы білімдерін кеңейту.
2. Табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
3. Қоршаған табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу, оған қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
4. Табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны:
Өзін-өзі ұстау мәдениеті
Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы
Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
Көркем әдебиет
Мақсаты: балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармаларының туындылары арқылы баланың эмоционалдық ортасын дамыту.
Міндеттері:
1. Әдеби шығармалар арқылы өзара қарым-қатынастар мен адами сезімдер әлемімен таныстыру.
2. Әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен өзін-өзі ұстауын талқылауға, өз көзқарасын білдіруге тәрбиелей отырып әдебиетке қызығушылығын ояту.
Мазмұны:
Өзін-өзі ұстау мәдениеті
Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы
Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: серіктестік қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгерген, бір-бірімен, ересектермен жағымды қатынас жасауға қабілетгі, әлеуметтік белсенді бала тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Әртүрлі ойындар ойнауға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойын таңдауға, жалғыз және топтасып ойнауға, ойын бірлестіктерін құруға ынталандыру.
2. Ойын әрекетінің тәсілдерін үйрету: белгілі бір сюжетті басқа баламен бірігіп көрсетуге қатыстыру, ойынға қажетті заттар мен ойыншықтарды таңдап алу, дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындарына қажетті ойын материалын дұрыс таңдап, орынды қолдану іскерліктерін дамыту.
3. Ойын біткен соң ойыншықтар мен конструкторларды өз бетінше тиісті орындарына орналастыру дағдыларын меңгертуді жалғастыру.
4. Топырақ, су, балшық және қармен ойнау арқылы олардың қасиеттері туралы түсініктерін тиянақтау.
5. Басқа балалармен ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу. Құрдастарымен, ересектермен жылы қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
Мазмұны:
Сюжеттік-рөлдік ойындар
Қимылды ойындар
Дидактикалық ойындар
Музыкалық-дидактикалық ойындар
ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оң көзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Еңбекке және еңбек ету ниетіне тәрбиелеу.
2. Жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.
3. Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.
4. Тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.
4. Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру.
5. Жолдастары мен ересектерге көмек көрсету талабын көтермелеу.
6. Өзінің және ересектердің еңбегін бағалауға үйрету.
Мазмұны:
Өзіне-өзі қызмет көрсету
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек
Табиғат бұрышындағы еңбек
Табиғаттағы еңбек
МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР
Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;
2. Елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелеу.
Мазмұны:
Балаларды меркелер мен ойын-сауықтарға белсенді қатысуға араластыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін арттыру.
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Мақсаты: ата-аналарды олардың құзіреттіліктерінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кеңестермен қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату.
2. Баланы дамыту мен тәрбиелеу барысында күш біріктіру.
3. Ортақ қызығушылықтар мен туындаған қиыншылықтарда бірлесіп шешім қабылдау, бір-бірін қолдау.
4. Ата-аналардың тәрбиешілік шеберлігін, білімдерін ынталандыру мен байыту, өзіндік педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімін арттыру.
5. Балаларды жақындарына сыйластық сезімімен қарауға тәрбиелеу.
Мазмұны: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі оң көзқарастары мен дұрыс бағдарын және баланың ата-анасына, жақындарына мейірімі мен сыйластығын қалыптастыру.
Ашық, еркін қарым-қатынас жасауға жағдай жасау. Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға, құрдастарымен қарым-қатынасын байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі (ойын, еңбек, компьютер, тамақтану, серуендеу кезінде, бассейнде, спорт залындағы) жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру. Балалардың ересектермен бірлесіп әртүрлі жұмыс түрлерін: мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, ойын, би, т.б. жасауына жағдай жасау.
5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың нәтижесі- үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға даяр тұлға болып табылады.
Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасауын, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға икемділік, мәдени және экологиялық сауаттылықты қалыптастыруға басты орын берілген.
Балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру барысында бала дербестігінің, өзінің және құрдастарының өзін-өзі ұстау мінез-құлқының артқандығын сезіне білуі, яғни ересектер тарапынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалысын дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады.
Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды меңгерту барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика, тіл дамыту) күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта мейлінше сергек, әрі белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Баланың эмоциясын және қимылдарын дамытуға әсер ететін жас ерекшелігіне сай тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану керек.
5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады.
Осы кезеңнің маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды.
5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады.
Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек
«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және дене сапаларын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ересек жастағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- дене шынықтыру;
- валеология.
Достарыңызбен бөлісу: |