Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет22/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспар



  1. Баланың алғашқы жылдарында рефлекстің дамуы

  2. Жнадану комплексі

Әдебиеттер:

  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с


    1. Баланың өмірге келгенде бұрынғы тұрақты мекенінен бірден таныс емес өзгемелі ортаға тап болады. Баланың жарық дүниедегі өмірін бойындағы туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Ол жүйке жүйесінің ағзаны сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Осылай туған бойда ағзаның негізгі жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін рефлекстер жасалады.

Алғашқы күндері бала бойынан қорғаныш рефлекстерін байқауға болады: терінің қатты тітіркенуі, дененің қорғаныш тартынысы, бетінің алдындағы бір нәрсенің қарауытуы, қабағын түюі, жарыққа қарашықтың кішіреюі және т.б. Олар тітіркендіргіштерден қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған.


Бағдарлау рефлекстері жаңа туған нәрестеден қорғаныш реакциясынан басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясы түрінде байқалады. Нәресте дүниеге келген алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын бұратыны белгілі.


Баланың бағдарлау-тамақтану рефлекстерін қарны ашып жатқан кезде ересек адам бетіне қарай жақындағанда аузын ашуынан байқауға болады.


Сонымен қатар балаларда ему рефлексі, жармасу рефлексі, итеру рефлексі болады. Мысалы, ему рефлексі – бала аузына салған нәрсені сора бастайды; жармасу рефлексі – алақанына бірдеңе тиіп кетсе, ол жармасу реакциясын қоздырады; итеру рефлексі (еңбектеген кезде) – табанына жанасу, т.б. рефлекстер.


Демек, дүниеге жаңа келген нәресте туғаннан бастап көрінетін шартсыз рефлекстер болады. Шартсыз рефлекстер баланың өмір сүруіне көмектеседі.


Жаңа туған нәресте осы рефлекстердің арқасында тыныс алу мен тамақтанудың жаңа түрін игереді. Бала туғаннан кейін өкпе арқылы тыныс ала бастайды. Бұл бейімделу рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Өкпе ауаға толғаннан кейін бүкіл бұлшық ет жүйесі бір қалыпты тыныс алуға кіріседі. Тыныс алу жеңіл де еркін орындалады. Сонымен қатар, оральдық тамақтануға көшеді. Оральдық тамақтану деп ауыз және ішек-қарын жолы арқылы тамақтану аталады. Тамақтану ему рефлексінің көмегімен жүргізіледі. Ему рефлексіне енетін туа біткен қимылдар бастапқыда бір-бірімен дұрыс үйлесім таппайды: бала емген кезде қақалып-шашалады, тез шаршайды. Оның бүкіл әрекеті тоюға бағытталған. Термореттегіштің рефлекторлық автоматизмін анықтаудың да маңызы зор: бала ағзасы температуралық өзгерістерге барған сайын жақсы бейімделеді.


Дүниеге келу оның бойындағы органикалық қажеттікті оттекте, тағамға, жылылыққа қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған мінез-құлықтың туа біткен, инстинкті формаларын таза күйінде бақылауға болатын адам өміріндегі бірден-бір кезең болып табылады. Аталған органикалық қажеттіктер психикалық дамудың негізі бола алмайды – олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді.


Бала бойындағы шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың адамдық формаларының пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Бұл – баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын атавизмдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара-бара жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына, сыртқы дүниемен өзара әсер ету қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстары жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысынан басталады: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.


Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, үлкендердің осы қимылдарды үйретуі, жаттықтыруы арқылы қалыптасады.


Жаңа туған нәрестеде сезім мүшелерін жаттықтырудың маңызы зор. Сәби сыртқы әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын жөн-жосықсыз қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа біткен мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздігі емес, керісінше күштілігі болып табылады.


Нәрестенің негізгі ерекшелігі – жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайына жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.


Әсерленуге ұмтылу өзінің негізінде бағдарлау рефлексімен байланысты және баланың сезім мүшелерінің әсерленуге әзірлігіне қарай дамиды. Жаңа туған баланың көру аппараты мен есту аппараты өмірінің бірінші күнінен бастап қызмет еткенмен, олардың жұмысы әлі де жетілмеген. Көру реакциясы жақын маңдағы жарықты ғана, есту реакциясы тек анық дыбысты ғана сезеді. Өмірінің алғашқы апталары мен айларында көру мен есту тез жетіледі. Бала заттардың қозғалысын көзімен бақылап, одан соң тұрған нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Ол жай дыбысқа, атап айтқанда үлкендердің даусына елеңдей бастайды. Көру және есту тітіркендіргіштерге жауап ретінде бала әзірге сәл уақытқа ғана аяқ-қолының, басының қимылын тоқтатады, жылауын қояды, көру және есту шоғырландыруы туады.


Жаңа туған баланың басты ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамдырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар тәнінен осы ерекшеліктерді ажыратады.





  1. Дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айдың соңы мен екінші айдың басында, оның өзінде ол баланың көзі бір нәрсеге түскенде, немесе үлкендердің жылы көз айтып, еркелете шақырғанына жауап ретінде байқалады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: жағымды сезімнің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылыуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.

Бірте-бірте балада үлкендерге бағытталған жандану комплексі деп аталатын ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі дегеніміз баланың өзіне қарап еңкейген адамға көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер – баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Жандану комплексінің пайда болуы жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең арасындағы шекара болып табылады.

Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де қанағаттандырады: оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалғанын көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізгі есту және сезу әсерлерін үлкендерден алады.


Жандану комплексінің өзінде-ақ баланың үлкендерге деген жағымды эмоциялық көзқарасы, онымен қарым-қатынас жасағаннан қанағат алатыны байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді. Үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас баланың көңіл-күйінің жақсы болуына мықты әсер етеді. Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе, сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса-ақ болды, оның көңілі көтеріліп, ашуы басылады да, өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, жаңа ғана жаратпай тастаған ойыншығымен қайтадан ойнай бастайды. Туғанына төрт-бес ай болғанда үлкендерді таңдап қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.


Баланың дамуында зор маңызы бар эмоционалдық қарым-қатынас қажеттілігі әрине, жағымсыз қылықтар жасауға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер үлкен адам үнемі баланың қасында болуға ұмтылса, онда бала осыған үйреніп кетеді де, үнемі оған назар аударуды талап етеді, егер бір минуттай-ақ жалғыз қалса, ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды.


Дұрыс тәрбие әдістері үстінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас (қайткенде де қарым-қатынас жасау керек болғандықтан), кешікпей белгілі бір затпен ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да үлкен кісі баланың бірлескен іс-әрекетіне айналады. Үлкендер баланы әлдебір заттық дүниеге ендіреді, оның назарын заттарға аударып, олармен не істеуге болатынын сан алуан әдістермен көрнекі көрсетіп, балалардың қимылын бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей көмектеседі.


Үлкен адам мен баланың бірігіп қимыл жасауы үлкен адамның нәресте қимылын басқарумен, сондай-ақ сәби өзі орындай алмайтын іс-әрекетін атқару үшін үлкендерден жәрдем сұраумен сипатталады.


Бала мен үлкен кісінің бірлескен іс-әрекетінде бүкіл нәрестелік кезеңде ересектердің іс-әрекетіне еліктеу қабілеттілігі зор маңыз алады. Ол үйрету мүмкіндіктерін барынша кең ашады. Жеті-он айда бала үлкендердің сөзін, қимылын бақылайды. Көбіне ол өзіне әсер еткен қимылды сол бойда емес, біраз уақыт өткен соң, кейде бірнеше сағаттан соң қайталайды. Бірнеше рет көріскеннен кейін ғана еліктеп, қайталайтын кездері аз болмайды.


Нәрестелік шақтың соңында балалар үлкендердің көптеген қимылдарын қайталап, оларда еліктеушілік пайда болады. Үстелге жайылған дастарханды шүберекпен қалай сүртетінін бақылаған бала, ыңғайлы келіп кеткен бойда қолына түскен мата бұйыммен сүрте бастайды.


Баланың үлкендердің басшылығымен меңгеретін қимылдары психикалық дамудың негізін жасайды. Сонымен, нәрестелік шақтың өзінде баланың психикалық дамуының жалпы заңдылығы айқын көзге түседі, ондағы психикалық процестер мен сапалар тұрмыс жағдайының, тәрбие мен үйретудің шешуші әсері бойынша қалыптасады.


Нәрестенің үлкендерге тәуелділігі баланың болмысқа (және өз-өзіне) қарым-қатынасы әрқашан басқа адаммен қарым-қатынас жасау призмасы арқылы көрінеді. Басқаша айтқанда, баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болады.

Үлкендер баланың өсіп отырған қажеттерін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге оны заттармен қызмет істеуге үйретеді. Ол белгілі дәрежеде баланың мінез-құлқын бағалап, күлімсіреп қостайды, егер сәби дұрыс істемесе, қабағын түйіп, саусағын безейді. Соның арқасында бала бірте-бірте жақсы әдетке үйреніп, өзін дұрыс ұстауға үйренеді.


Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің артуы кейде қарама-қарсылыққа да әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей білген кезде ғана шешіледі.


Қарым-қатынастың қажеттілігі сөйлеуге еліктеудің пайда болуының негізін қалайды. Өзімен үлкендер сөйлескен кезде бала ерте бастан-ақ бірден тынышталып, көңіл қоя тыңдайды. Туғаннан кейін үш айдан соң, егер баланың көңіл күйі жақсы болса, ол уілдеп, дыбыс шығарады. Үлкендер балаға жақындап еңкейсе, бұл уіл күшейе түседі. Бала өзі шығарған дыбысқа құлақ қойып тыңдайды. Кейде ол өзіне-өзі еліктеп, ілкіде өзі кенеттен шығарған дыбысын ұзақ қайталайды. Бірқатар кейінірек (туғаннан соң төрт ай шамасында) бала дыбысты мейлінше анық шығара алатын болады. Мысалы, оны тербетіп, «а-а-а! а-а-а!» деп әндеткен кезде нәресте дыбыстың өзі болмағанымен оның ырғағын («ы-ы-ы! немесе «о-о-о!» деген дыбыс шығуы мүмкін) міндетті түрде қайталайды.


Үлкендер нәрестеге жақындаған сайын онымен сөйлесіп, оған небір жылы сөздер айтады. Өзара сөйлеспейінше өмір сүру мүмкін еместігін білетіндіктен адамдар баланың жауап қатуына қол жеткізуге ұмтылады. Бала бұл үшін ең қолайлы материал екенін айтуымыз керек. Сөйлеудің эмоциялық үнін бала тез түсінеді. Эмоциялық көңіл күй баланың жалпы белсенділігін арттырады. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан дені сау бала былдырлап сөйлегіш келеді. Түрлі буынды дыбыстар шығарып, оны ұзақ уақыт қайталайды, үлкендер айтқан буындарды қайталап айтуға тырысады.


Былдырлау арқылы сәби қарым-қатынас жасауға әзірлігін білдіреді, жаңа сөздерді ажырата және айта білуге үйренеді. Осындай дыбыстар шығару балаға қызық, сондықтан ол кейде ұйықтап жатып та былдырлайды. Баланың сөздік қорының дамуы үшін бұл былдырлаудың маңызын асыра бағалау қиын. Былдырлай жүріп, бірте-бірте ерін мен тілдің қимылы және тыныс алу жетілдіріле береді. Осындай әзірліктің нәтижесінде сәби келешекте кез келген тілді меңгере алады.


Егер бала дүниеге келген алғашқы айларда үлкендер сөзді оған деген өзінің көңіл күйін білдіру үшін пайдаланса, шамамен нәрестелік шақтың жартысынан бастап, олар баланың айтқанды түсінуін дамыту үшін арнайы жағдай жасауға тырысады. Баланың сөзді түсінуі алғашында көру қабылдауы негізінде пайда болады. Баланың сөзді түсінуге үйрету процесі әдетте былай құрылады. Ересек адам сәбиден әлдебір нәрсенің атын атап: «Қайда?» - деп сұрайды. Сұрақ нәрестенің үлкен кісінің мінез-құлқына бағдарлау реакциясын тудырады. Әдетте аталған затты сол жерде көрсетеді. Осы қимылды бірнеше рет қайталағаннан кейін үлкен кісінің аузынан шыққан сөз бен көрсеткен затының арасында байланыс пайда болады. Бұл байланыстың қалыптасуы жаңағы зат тұрған жердегі жалпы реакциядан және сұрақ берген кездегі дауыс ырғағынан басталады. Нәрестелік шақта балаға арналып


Бала дүниеге келген бірінші жылдың соңында заттың аты мен заттың өзінің арасында байланыс пайда болады. Байланыс сол затты іздеп табудан көрінеді. Мұның өзі сөзді түсінудің бастапқы формасы болып табылады.


Маңыздысы сол, бала үлкендердің сұраған нәрсесін оған қарау үшін ғана іздемейді, қайта үлкендермен қарым-қатынасын жалғастыра беру үшін іздейді. Үлкен кісі: « ана зат қайсы?», «мына зат қайсы» - деп сұрайды да, бала оған «Ол, міне!» - деп жауап беру үшін әлгіні іздейді. Үлкендердің сөзіне түсінуге байланысты эмоционалдық қатынас жасау, әдетте, баланы зор қуанышқа бөлейді.


Заттың атын атаған сөзге құлақ асу бала мүмкіндігінің дамуына байланысты болады: әуелі бала әлгі нәрсеге жай ғана қарайды, біраздан соң оған ұмтылады, ақырында жаңағы затты үлкендерге алып береді немесе алыстан қолымен нұсқап көрсетеді.


Жылдың соңында сәби үлкендердің сөзіне сөзбен жауап беруі және сөйлеу реакциясы пайда болуы мүмкін. Мұндайда көбіне-көп «Папаң қайда?» деген сұраққа жауап ретінде сәби басын әкесіне бұрып, «Па-па», - деп қуана тіл қатады. «Балалар қайда?» - десек, сәби көңілденіп балаларға қарайды да, «ба-ла» - деп қайталайды. «Сағат қайда?» - сәби көңілденіп секіреді, сағатты көзімен көрсетіп: «Са» немесе «Са-Са» - дейді. Әдетте бір жасқа толған сәби төрттен он-он бес сөзге дейін айта алады. Көбіне ер балалардың тілі кеш шығады. Оның енжар сөздік қоры неғұрлым мол болады. Олар: 1) ойыншықтардың, ыдыстың, киімнің аты, 2) «Бер!», «Жап!», «Жоқ!», «Кел», «Мә!», «Тап!»





  • деген сияқты бұйрық райлы сөздер; 3) белгілі бір жағдайда адамның адамға қатысын білдіретін: мама, папа, әже, балалар, апа, аға – деген сөздер.

Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді айта бастағаннан кейін бала үлкендермен өзі байланыс жасап, одан тағы да жаңа заттардың атын үйретуді, талап етеді.


31 Нәрестелік кезең




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет