Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы


Жоспар Нәрестелік кезең 2.Заттық әрекет Әдебиеттер



бет23/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспар



  1. Нәрестелік кезең 2.Заттық әрекет

Әдебиеттер:



  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad


    1. Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып, заттармен іс-әрекет жасауды үйрену арқылы елеулі табыстарға жетеді. Ол басын дұрыс ұстап, отырып, еңбектеп, тәй тұрып, қаз басуға үйренеді. Көзіне көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды сілкілейді, лақтырады, кереуетке соққылайды т.б. Осы іс-әрекеттердің бәрі адамға тән мінез-құлық формаларын біртіндеп игерудің баспалақтары іспетті болады. Осындай прогрессивті қимылдар және іс-әрекеттермен қатар, дұрыс тәрбие болмаған жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар баланың онан әрі дамуына жағдай жасамайтыны былай тұрсын, қайта кедергі келтіреді. Бұған саусағын сору, бетіне апараған қолды қарағыштау, қолы-басын шұқылау, төрт аяқтап теңселу жатады. Прогрессивті және тұйық қимыл түрлерінің айырмашылығы мынада, алғашқысы жаңа әсер алуға, заттармен және оның қасиеттерімен танысуға көмектессе, екіншісі баланы сыртқы дүниеден аулақтатады. Мәселен, саусақ сору қалған реакцияның бәрін көпке дейін тежейді. Бала аз қозғалатын жалқау болады, ештеңеге көңіл бөлмейді, ештенеге көз тоқтатып қарамайды. Оның саусақ соруын қойғызу қиынға түседі.

Қимыл мен әрекеттің прогрессивті түрлері үлкендер балаға үнемі көңіл бөліп отырғанда, оның мінез-құлқына бағыт бергенде ғана дұрыс қалыптасады және оның психикалық дамуы үшін маңызы зор болады. Сонымен бірге, олар дамудың бала жеткен дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Әсіресе кеңістікте еркін қозғалудың (еңбектеу, содан соң жүру), бір нәрсені ұстап, онымен әр түрлі қимыл жасаудың рөлі зор.


Еңбектеу – баланың өздігінен бір жерден екінші жерге қозғалуының алғашқы түрі. Бақылаулар көрсеткендей, көпшілік балалар алғашқы жарты жылдың соңында, екінші жарты жылдың басында, әлдебір тартымды ойыншықты алуға тырысқанда еңбектей бастайды. Бала ойыншыққа қарай берсе оң қолын, біресе сол қолын созып талпынады, оны ұстауға ұмытылып аздап ілгері жылжиды. Бірте–бірте бір жерден екінші жерге орын ауыстыру қозғалысы бекіндіріліп, қозғалу тәсіліне айналады. Бастапқыда пайда болған жер бауырлап еңбектеу кейін тізерлеп бауырын көтеріп еңбектеуге ауысады.


Өздігінен жүруді – бір жерден екінші жерге орын ауыстырудың адамға тән әдісін үйрену үшін көп уақыт керек. Бұл мерзім ішінде сәби аяғынан тік басып тұруға, бірдеңені жағалап тәй–тәй басуға, ештеңеге сүйенбей тұруға, бірдеңеге сүйеніп жүруге үйренеді. Рас, еңбектеген бала ойлаған жерін бару үшін жүруге асыға қоймайды. Сондықтан оны жүруге және қимыл жаттығуларына үлкендер әзірлеу тиіс. Жүре бастаған бала еңбектеуін бірден қойып кетпейді. Әдетте оған жүруден гөрі еңбектегені оңай болады да ол алысырақ жатқан нәрсеге тезірек жету үшін еңбектей жөнеледі. Алайда, үлкендердің қолдауымен болған жүру әдісі кешікпей–ақ үйреншікті іске айналады. Бұл, әдетте, нәрестелік шақтан кейін жүзеге асады.


Бірдеңеге жармасу туғаннан соң үш-төрт ай өткенде басталады. Керуетте немесе манежде жатқан бала қолын кеудесінен жоғары көтеріп, бір қолымен екіншісін сипағандай болады. ( Бірақ бұл қимыл сырттай қарағанда ғана сипаған сияқты. Нағыз сипау, яғни заттың қасиеттерін сезіну арқылы анықтау зерттеу көрсеткендей, оқу жасына дейінгі кезеңнің аяғында ғана мүмкін болады). Егер үлкен адам баланың қолына бір зат ұстатса, ол содан айырылмауға тырысады. Кешікпей бала ілулі тұрған нәрсеге өзі ұмтыла бастайды, бірақ көп уақытқа дейін ауып кете береді, ал ойыншыққа қолы жеткеннің өзінде де оны ұстай алмайды. Тек төрт жарым–бес айлық бала ғана ілулі тұрған ойыншыққа қолы еркін жетіп, көп кешікпей алты ай болғанда бір қолымен ұстай алады. Әрине бұл бала жармасу әдісін толық меңгерді деген сөз емес. Мұның өзі әлі жетіліп болмаған. Затқа ұмтылған қол тура бармай, доғаша иіліп, көбінесе басқа жаққа бұрылып кетеді. Бала барлық затты бірдей, саусақтарын алақанына бүгіп тұрып ұстағысы келеді.


Бала туғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта жармасуды онан әрі жетілдіре түседі: біріншіден, қолды затқа қарай тура созатын болады, екіншіден, үлкен саусақты қалған саусақтарға қарсы қоюы жетіледі, сөйтіп бала заттты саусақтармен ұстауға көшеді. Қолды затқа біртіндеп жақындату шамамен балаға сегіз ай болғанда, ал қолды көздеген нәрсесіне ауытқытпай тура апару бір жасқа толғанда мүмкін болады. Затқа жармасып, онан соң саусақтардық көмегімен ұстап тұру жеті –сегіз ай болғанда қалыптасады да, жасқа толғанша жетілдіріле береді. Саусақтардың қалай орналасуы, әдетте қандай нәрсені ұстайтынына байланысты: допты саусақтарын тарбитып ал жіпбауды үлкен және сұқ саусақтарының ұшымен ұстай, кубикті ұстағанда саусақтар оның қырларында жатады.


Бала затты қолына ұстай алатын болысымен-ақ онымен әртүрлі қимылдар жасай бастайды. Алғашқы қимылдары өте қарапайым келеді. Сәби затты ұстап тұрады да, содан соң қоя беріп, екіншісін қарап алады. Затты қолында ұстап тұрып бала оны алдымен көзіне жақындатады, қарайды, ауызына апарады, оны сілкілейді. Затпен қимыл жасаудың ерекше айырмашылығы сол, ол алдымен баланың назарын аударған затқа бағыттайды.


Бірақ көп кешікпей затпен қимыл жасау күрделене түседі. Тіпті қарапайым қимылдардың өзі (затты сілкілеу, итеру, қысу) белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді: ойыншықты кеңістікте орналастыру, оны жақындату және алыстату, сылдырмақ ойыншықтарды сылдырлату, қуыршақ немесе ойыншық жануарлар мен аңдардың дыбыстарын шығару. Бала осы нәтижені байқап, ыждағаттылықпен қайталайтын болады.


Бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жарты жылдың аяғы мен екінші жарты жылдың басында жасалған қимылдардың нәтижесінде баланың затпен әр түрлі қимыл жасағанда пайда болған өзгерістеріне көңіл бөлуі пайда болады.


Түрлі қимылдар жасауды одан әрі дамыту дегеніміз мұнда нәресте бір емес, екі затпен бірдей әрекет жасай бастайды. Мұндай іс-әрекеттің қарапайым мысалы – бір сылдырмақты екіншісіне ұрғылау. Осыдай нәтижеге бағыттау әбден түсінікті бола түседі. Сәби табандылықпен бір затты екінші затқа жақындатуға, үстіне қоюға немесе біріне– бірін кигізуге, қыстыруға тырысады. Сонымен, іс–әрекеттің жеткен нәтижесі енді заттың белгілі бір орынға түсуі немесе екі затты белгілі бір тең жағдайға келтіру болып табылады. Осындай нәтижеге бір рет қолы жеткен бала іс–әрекетті қайталап, сол нәтижеге қайта–қайта жетеді.


Бір жастың соңына қарай баланың заттармен түрлі заттармен қимылдар жасауында жаңа маңызды ерекшелік пайда болады. Сырт қарағанда іс-әрекет негізінен бұрынғы сияқты болып қала береді: жерге қою, жатқызу, өткізу, ашу т.б. бірақ олар бұрынғыдан гөрі неғұрлым дәл орындалады. Мұндағы айырмашылық мынада: егер бала бұрын өзіңнің қимылын бір ғана тәсілмен (әдетте, үлкендердің көрсетуі бойынша) және бір ғана заттың айналасында жүргізсе, енді сол үйреншікті істі мүмкін болған заттың бәрімен қайталауға тырысады. Кейде әлгі заттың ерекшелігіне қарай қимылдың түрін өзгертіп отырады.


Дамудың бұл кезеңінде балалар өз қимылдарының тура нәтижелерін де байқап, соны қайталауға тырысады.


Сонымен, қолына түскен затпен түрлі қимыл жасауды дамыту затқа бағытталғын қимылдың нәтижесін бағдарлауға көшу арқылы, онан әрі жетер нәтижені күрделендіру жолымен жүзеге асады. Басында бұл бір заттың көзге көрінбейтін қасиетін (мысалы, дыбыс шығару) жария ететін, содан соң екі бірдей нәрсені өзара байланысты жағдайда орналыстыратын немесе қимылды тікелей емес, жанама байланыс арқылы әлде бір өзгеріске жеткізетін орын ауыстыру, яки өзгерту арқылы болады.





  1. Айналасындағыларға бағдарлануды дамыту жолдары. Бала қимыл мен әрекетттің жаңа түрлерін меңгеріп, оларды жетілдерген сайын, оның қоршаған кеңістіктегі, заттардың қасиеттері мен қатынасын бағдарлауы қалыптаса түсетіні анықталып отыр. Баланың бағдарлауы әлі де болса бөлек-бөлек сипатта болмайды- одан кейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау т.б. сияқты жеке салаларды бөліп алу қиынға түседі.

Нәрестенің мінез-құлқын сипаттаған кезде, «бала бақылайды», « бала таниды», «бала аңғарып тұр», «бала түсінеді» дегенді жиі қолданамыз. Бірақ мұндай сөздерді тек шартты түрде ғана қолдануға болады. Өйткені бұл сөздер үлкендердің байқағанын байқап тұр деп айтуға әзірміз. Бала өзіне бұрынан таныс сылдырмаққа ұмтылып, қолына алған бойда сілкілеп, оның дыбысына құлақ түреді. Соны көрген бізге: ол сылдармақты таныды, осылай шынында бұл тек үлкендерге ғана тән қасиет қой. Бірақ бала мінез-құлқын бұлайша түсіну ешбір ғылымға негізделмеген, және оның қасиеттерін қабылдауға, оны көз алдына келтіріп, ол туралы ойлауға, оны қимылдатқанда қандай нәтиже беретінін алдын ала болжауға әлі әзір емес. Мұның бәрі біртіндеп, қоршаған дүниемен танысу барысында пайда болады. Жәнеде осы танысудың басты құралы сәбидің қимылы мен әрекеті болып табылады.


Туғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта балада өзін қоршаған дүниені және ондағы заттарды зерттеп білуге деген ерекше болжау, барлау қимылдары пайда болғанын байқаймыз.


Нәрестелік кезеңнің басында көру аппаратты мен есту аппаратының жұмысын дәлдеу жүзеге асырылады. Оларды жаттақтыруға байланысты көру мен естуді шоғырландыру пайда болады. Нәрестелік кезеңнің басында көру мен естуді жетілдіру осы бағытта жүргізіледі. Бақылау көрсеткендей, үш- төрт айға дейін, яғни еңбектегенде, бір нәрсеге жармасып, онымен түрлі әрекет жасағанға дейін бұл жетілдіру негізінен аяқталады. Бала кез келген бағытқа, кез келген жылдамдықпен, кез келген қашықтықта жылжыған нәрсені көзімен бақылай алады. Ол іс жүзінде нәрсеге қанша уақыт болса да қадалып қарап тұра алады (25 минутқа дейін және одан да көп). Көздің инициативті қимылы деп аталатын – назарын ешқандай сыртқы себептің әсерінсіз–ақ бір нәрседен екінші нәрсеге аудару пайда болады. Дыбысқа құлақ түру де ұзаққа созылады. Әлдебір елеусіз дыбыстың өзі де баланың көңілін бөледі. Көру мен есту өзара бірігеді: бала дыбыс естілген жаққа басын бұрып, көзімен дыбыстың қайдан, неден щыққанын іздейді.


Бала көріп және естіп қана қоймайды. Ол сонымен бірге көргеннен, естігеннен әсер алып, қанағаттанғандық сезімге бөленеді. Жарқырауық әсем безендірілген, қозғалып тұратын заттар, дыбыстар – музыка дыбысы, адам даусы оның назарын өзіне аударады. Мұның бәрін жай қарап отырап–ақ аңғаруға болады. Бірақ бала нені көрді, одан алған әсерін қалай түсінеді деген сұраққа бақылау жауап бере алмайды. Бұл жерді эксперимент көмекке келеді. Үш айлық балалармен жасалған эксперимент, олардың күрделі де жазық геометриялық фигуралардың түсін, көлемін жақсы ажырататынын көрсетті. Әртүрлі түстің балаға түрліше әсер ететін де анықталды, әдетте жарқырауық және ақшыл түс балаға көбірек ұнамды келеді ( әрине, мұны жұрттың бәріне бірдей тең есептеуге болмайды, әр баланың жеке «талғамы» болады). Осы жастағы балалардың жаңалықты сезгіш келетініне де көз жетті: егер бұрын баланың көзі көп түсіп жүрген заттардың жанына одан түсі де, пішіні де өзгеше зат қойылмаса, сәби оны байқап қалып назарын толығымен соған аударып, оны ұзақ уақыт қарайды.

Демек, баланың көру әлемі бірінен – бірі өзгеше ауыспалы әсерлерден тұрады. Олар кейде тартымды, екінші жағдайда тартымсыз болып келеді. Алғашында нәресте бұл әсерлерді кеңістікте орналастырған заттармен байланыстырылмайды. Ерекше жерге немесе ерекше жағдайда қойлған нәрсе (мысалы, төңкеріп қойлған) бала үшін жаңа нәрсе болып көрінеді. Тіпті кейінірек анасын жақсы танитын кезде анасы жаңа көйлек киіп көрінсе, ол қорқып жылайды. Ал, алты айлық бала өзінен бірі 25 сантиметр, екіншісі 75 сантиметр қашықтықта жатқан сылдырмақ ойыншыққа, олар біріне қолы жетіп, екіншісіне жетпейтініне қарамастан, екеуіне бірдей ұмтылады.


Бала қимыл–әрекеттің әр түрі қалыптаса бастаған кезде оның алдына жаңа міндеттер пайда болды. Олар мінез–құлықты, кеңістікте қозғалуды, заттарды ұстап, онымен түрлі қимыл жасауды бағыттап, реттеп отыруы тиіс. Бірақ көрудің бұған ешқандай да әзір емес екендігі байқалады. Ол тек қана баланы іс– әрекетке ұмтылдырып, өзінің көңілі ауған нәрсені жанына жақындатуға (немесе оған өзі жақындауға) итермелейді. Дегенмен оны қалай жүзеге асыру керектігі жайлы ештеңе айта алмайды.


Айнадай жердегі затқа еңбектеп барып ұстау үшін, оны бір жерден екінші жерге қозғау, қуыршақтың шиқылдаған дауысын шығару үшін, ыдыстың қақпағын жауып, шығыршықты ілу үшін көп нәрсені заттың тұрған бағытын, қашықтығын, формасын, көлемін, салмағын, иілгіштігін т.б. «есепке алу» керек. Баланың көздері осының бәрін айыра бермейді. Ол заттан әр түрлі әсер алады, бірақ олардың айырмасы неде екенін және нені білдіретінін оған түсіндіруге тура келеді. Бұлай түсіндіру бүкіл балалық шақ бойына жүргізіледі. Нәрестелік кезеңдер кеңістікте жатқан заттың қасиетіне қарай әр түрлі қимыл мен іс–әрекетке бейімделу басталады.


Нәрестінің сыртқы қимылдар мен іс–әрекеттердің көмегімен орындалатын қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық процестердің (қабылдау, ойлау) көмегімен орындалатын бағдарлаудан бұрын пайда болады және оның негізі болып табылады.


Баланың кеңістікпен қалай танысатынын оны өзінің көңілін аударған нәрсеге қарай қолын қозғайды жетілдіру мысалынан көруге болады. Жармасудың алғашқы даму кезінде көз заттан әсер алады, бірақ оның қашықтығын да, бағытын да, ажырата алмайды. Баланың қолы бірден сол нәрсеге қарай созылмайды, көрінізше кеңістікте оны ұстауға қарманады, және де көбіне мақсатына тынады. Бірте-бірте көз қолдың қимылын бақылап, оның мақсатқа жақындағанынын не алыс кеткенін байқай бастайды, осыған қарап түзету енгізіп отырады. Іс жүзінде кеңістікті меңгеру (көздегеніне жету) қашықтық пен бағытты көзбен бағдарлаудан едәуір бұрын мүмкін болады. Қолдың затқа жүйелі түрде жақындауы (бала дүниеге келгеннен екінші жарты жылдықта бақыланады) көз қолдың қимылын бақылай отырып, ақырында нәрсенің жатқан жерін айыруды үйренгенін дәлелдейді. Бір жасқа толған шағында ғана нәрсені «көрмей–ақ» ұстай алу мүмкін болады: бала ойыншыққа қарап тұрады да бірденеге көңілі бөлініп, мойынын басқа жаққа бұрғанмен, көрмей–ақ тура ұстайды. Демек әуелі көрген кезде көз ойыншықты тұрған жерін дұрыс байқап, қолға тиісті «бұйрық» беріп үлгерген болып шығады.


Айналасын қоршаған кеңістікпен танысуға көз бен қимылдың қалай қатысатындығының басқа бір мысалын «көрініп тұрған ылдиға» эксперимент жасаған баланың мінез–құлқын зерттеген кезде көруге болады. Эксперимент өткізу үшін айналасы ағаш кедергімен көмкерілген арнаулы ұзын үстел алынады. Үстелдің үсті жарқырауық қалың әйнек. Үстелдің бір жартысы тікелей әйнек астынан тақтаймен жабылған да екінші жартысы ашық. Сол себепті де әйнектен еден көрініп тұр. Үстелдегі тақтай мен еден шахмат тақтасындай торкөздендіріліп, ақ және қарамен боялған.


Эксперименттің мәні мынады, еңбектеп жүрген баланы үстелдің қақ ортасына қояды. Содан соң шешесі біресе үстелдың тақтаймен жабылған жағына, біресе әйнек арқылы «ылди» көрініп тұрған жағына келеді де, баланы өзіне шақырады. Мұндай жағдайда сәби үстелдің жабық бөлігімен қызыға еңбектейді де, «ылдиға» жақындағанды тоқтап қалады. Ал, туғанына тоғыз айдан асқан сәбилерден көбіне айқайға, жылауға айналатын қорқыныш реакциясы байқалады. Мұндай балалар онан әрі қозғалудан бас тартады. Демек, олар әйнек астындағы ашық алңды құлап кетуі мүмкін тереңдік, ылди деп ұғады. Ал, туғанына алты-тоғыз ай болған балалар өздерін басқаша ұстайды. Олар ылдиға таңдана қарап, әйнекті қолымен қозғайды, кейде оның үстін саусағымен тырналайды, т.б. егер шешесі баланы өзіне шақыруын қоймаса, ол аз ғана кідірістен кейін,ештеңеге көңіл аудырмастан ылдиға қарай еңбектей жүреді. Кішкене балалардың мінез-құлқынан мұнаны байқаймыз: олар ылдида көруін көреді, бірақ одан құлаймын деп қорықпайды, қайта ол әдеттегі белгілі жайдан көрі жаңа әсерге бөлейді, сол себепті оның көңілін аударады.


Осындай жаңалыққа реакция тереңдікті көзбен сезінуге қалай айналатынын сәбилер «көрініп тұрған ылдиға», яғни әйнекпен жабылмаған ылдиға тап болған эксперименттен көреміз. Эксперимент жасау үшін алдыңғы сияқты, бірақ әйнегі жоқ және ылдиы тайыз , етегіне жұмсақ төсеніш төсеген үстел пайдаланылады. Бала шешесінің шақыруымен ылдиға қарай ұмтылады. Бірақ, үстелдің шетіне еңбектеп жеткен бойда, қолы оның жиегіне төмен түсіп, таянышнан айрылған бүкіл денесі оған ілесе құлап кете жаздайды. Еркеше күш жұмсау арқылы ғана бұрынғы қалпына келген бала, енді өте сақтықпен қолын төмен түсіріп, ылдиға көз жіберіп тереңдікті көріп байқайды. Оның бұл іс-әрекеті бағдарлау, байқап қарау сипатында болды – ол тереңдікпен танысады. Міне, осындай қимылдың нәтижесінде ғана балалар бұрын тереңді тайыздан өзгеше нәрсе деп қана ажыратса, енді оны шын мағынасында тереңдік ретінде қабылдап, одан аулақ болуға, одан өзін мұқият ұстауға тырысады.


Заттардың әр түрлі қасиеттермен – олардың пішінімен, мөлшерімен, салмағымен, тығыздығымен, орнықтылығымен т.б. – нәресте ұстау, қозғап қарау барысында танысады. Бала бір нәрсеге ұмтылып, оны ұстаған кезде саусақтарының түрлі қалыпта өзгеруі заттың формасы мен көлеміне байланысты бағдарлаудың дәлелі бола алады. Саусақтар затты ұстар алдында оның ерекшеліктеріне бағына отырып, формасы мен көлеміне қарай бірте– бірте икемделеді: допты ұстарда жайылып, тырбия ашылса, кубикті аларда оның қырларына ыңғайланады. Зат қолды өз ерекшеліктерін ескеруді «үйретеді» . ал, көз ше? Ол да өз ретінде қолдан «үйретеді». Балаға он-он бір ай болғанда осы «оқытулар» мынаны көрсетеді: бала өзі ұстағысы келетін затты көргеннен кейін, оның қасиетіне қарай, саусақтарын алдын ала икемдей бастайды. Форма мен көлемді көзбен қабылдау пайда болады. Мұның өзі практикалық іс-әрекетті бағдарлап отырады.


Бала қолына түскен нәрсемен түрлі іс-әрекет жасауы нәтижесінде заттың байқалған жаңа қасиеттерін ашады. Ол қасиеттер: бір жерден екінші жерге ауыстыру, құлау, дыбыс шығару, жұмсақтық, тартымдылық, орнықтылық т.б. екі затпен іс-әрекет жасау жаңа қасиеттерді – бөлшектерге бөлінуді, бір заттың екінші нәрсенің астында, үстінде, жанында, арғы жағында, бергі жағында жатуды – ашады. Осы қасиеттердің бәрін бала іс– әрекет үстінде ғана «біледі»: қимыл тоқтаса «білім де» жоғалады екен.


Бірақ бала сегіз–тоғыз айлық болғанда олардың іс-әрекет пен оның нәтижесі ғана емес, сонымен бірге заттардың осы нәтижеге жеткізетін қасиеттері де қызықтырады. Баланың өзіне таныс емес нәрсеге көзқарасының өзгеруі осыны дәлелдейді. Бүкіл


нәрестелік кезең бойына бала жаңа нәрсеге қызығумен болады. Әдетте ол ескіден гөрі жаңа затпен көбірек ойнап, әуренеледі. Дегенмен белгілі бір мерзімге дейін бұрын таныс емес нәрсе оның үйреншікті іс-әрекетін жасайтын жаңа материалы ретінде пайдаланады. Заттың қасиетіне қызығу мынадан басталады: өзіне таныс емес нәрсемен іс-әрекет жасамас бұрын бала оны «зерттейді», сыртынан ұстап қарайды, аударыстырады, жайлап қозғайды, содан кейін ғана үйреншікті іс-әрекет түрін кіріседі, соның өзінде қалай болса солай емес, заттың нендей пайдаға асатынын байқаған сияқты болады.

Балаға бір жас толғанда, ол қасиеті бір тектес әр түрлі нәрсеге бұрын үйренген іс-әрекетін қолдануға (шарды, доңғалақты, допты таяқшамен қозғайды) тырысқан кезде оның заттардың қасиеттеріне көңіл аударуы айқын байқалады.


Тұрақты өзгеріп тұратын әсерден кейін заттар балаға өзін қоршаған кеңістікте тұрақты өмір сүретін және өзгермейтін белгілі бір қасиеті бар нәрсе болып көріне бастайды.


Алты-жеті айлық бала өзінің көз алдынан көрінбей кеткен нәрсені іздемейді де және оның бұрын болған–болмағанын ұмытып кетеді, мұның өзі балаларда тұрақты нәрсені туралы түсініктің болмайтынын көрсетеді.


Кейінірек (тоғыз–он ай болғанда) балалар көз алдынан көрінбей кеткен заттарды іздей бастайтын болады, демек ол заттардың жоғалмағанын, тек басқа бір жерде тұрғанын түсінеді. Шамамен осы мерзімде балалар затты, оның кеңістіктегі жағдайына қарамастан тани бастайды (төңкеріліп қойған, басқа жерде жатқан заттарды да) және өзінен қандай қашықтықта жатса да оның көлемін дұрыс айыра алады.


Сонымен, алғашқы әсер баланың іс-әрекеті көзіне танысқан заттың тұрақты қасиетін білдіретін ұғымның бейнесіне айналады. Мұның өзі осындай қасиеттерді шешу баланың алдында пайда болған жаңа міндіттерді шешу кезінде – ойлаудың қарапайым формалары үшін пайдалануға жағдай жасайды. Туғанына бір жыл толар алдындағы соңғы айларды балалар заттар мен олардың қасиеттері арсында қарапайым байланыс пен қарым-қатынас орнатуға негізделген іс–әрекетті, яғни ойлау әрекетін орындауға қабілетті болады.


Осы фактілердің бәрі нәрестелік шақ аяқталарда, үлкендердің көрсетіп, үйретуімен жасаған қимылдардың негізінде баланың қоршаған дүние туралы алғашқы ұғымы қалыптасатынын сәбилік шақта жасалатын қоғамдық тәжірбиенің әр түрін игеруге көшу үшін – қажетті алғышарттар болып табылатын қабылдау мен ойлаудың қарапайым формалары пайда болатынын көрсетеді.


32 Ерте балалық шақта мінез-құлықтың дамуы


Жоспар



    1. Сәбилік шақ




    1. Ерте балалық шақта мінез-құлықтың дамуы Әдебиеттер:




  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901dda

1. Сәбилік шақта жеке адам қалыптасуынын алғышарттары. Баланың психикалық даму барысында оларды орындауға қажетті сан алуан іс-әрекетті игеру психикалық просестер мен сапаларды қалыптастыру ғана жүзеге асып қоймайды. Бала бірте-бірте адамның қоғамдағы мінез құлқына тән қасиеттерін, бастысы адамды қоғам мүшесі ретінде ерекшелейтін жәнеоның іс- әрекетін анықтайтын ішкі белгілерін игереді.

Үлкендер мінезіне көбіне-көп әбден ұғымды мотивтерді басшылыққа алады ол дәл осы жолы басқаша емес, тек қана осылай жасау керектігіне көзі жетіп істейді. Үлкендер мінез құлқынын мотивтері осы адам ең маңызды не, мәні жоғы не екендігіне байланысты белгілі жүйеден тұрады. Мысалы, егер ол маңызды жұмысты аяқтамаса, киноға билет алудан немесе ауру ата-анасын күту үшін қызықты туристік саяхатқа шығудан бас тартуы мүмкін.


Балаға тек осыларды ғана игеру керек. Олардың мінез-құлқының мотивтері, әдетте, ұғынылмаған, мәніне қарай белгілі жүйеге келтірілмеген. Баланың ішкі дүниесі бірте-бірте анықталып, тұрақтылыққа ие болады. Бұл ішкі дүние үлкендердің шешуші әсерімен пайда болса да, олар өздерінің адамға, затқа көз қарасын, өздерінің мінез-құлық әдісін тікелей балаға дарыта алмайды.


Бала өмір сүруді ғана үйреніп қоймайды. Ол өмір сүріп жатыр және кез келген сыртқы әсер, оның ішінді үлкендердің тәрбиелік ықпалы да оны балалардың қалай қабылдайтынына,оның бұрыннан қалыптасқан қажеттіліктері мен мүдделеріне қаншалықты жауап беретініне қарай түрліше мәңге ие болды. Соның өзінде, көп жағдайда, үлкендердің балаларға қоятын тәрбие әсері, талабы оған сөзсіз қайшы келеді. Мысалы, баланың ықыласын заттарға, ойыншықтарға, олармен түрлі іс-әрекет жасауға аударады. Мұның өзі ойыншықтардың балаларға қызықтырғыш, тартымды әсер етуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге өзінен басқа балалармен санасуын, ойыншықтарын бөлісуін, құрбысының да правосын мойындауды талап етеді. Баланың әр түрлі талпынысын өзара байланыстырып, олардың бірін неғұрлым маңыздырақ, екіншісіне бағындыруға мүмкіндік беретіндей психологиялық қасиеттер қалыптасқанша біраз уақыт өтеді.





  1. Сәбилік шақта баланың мінез–құлқының дамуы. Сәбилік шақта бала мінез– құлқының ерекшелігі сол, ол ойланбастан, табан ауызында пайда болған сезімнің және ынтаның әсерімен қимыл жасайды. Бұл сезімдер мен тілектер алдымен баланы қоршаған, оның көзіне бірден шалынған заттар арқылы пайда болады. Сондықтанда оның мінез– құлқы сыртқы жағдайға байланысты болады. Баланы әлденеге қызықтыру оңай. Мысалы, егер бала бірдеңеге өкініп, жыласа, оны жұбату қиын емес, оның айырылып қалған ойыншығының орнына басқасын берсе немесе бөтен бір нәрсені ермек етсе жетіп жатыр. Бірақ, сәбилік шақтың өзінде, зат туралы тұрақты түсініктің пайда болуына байланысты, қазір көзі көрмесе де бейнесін сақтаған нәрсе жайлы сезім мен ықылас пайда бола бастайды.

Сезім мен тілектің елестетумен байланысын анықтау баланың мінез–құлқын неғұрлым мақсатты, нақты жағдайда тәуелсіз етеді, мінез–құлықты сөзбен шектеудің, яғни сөзбен белгіленген мақсатты орындауға бағытталған іс–әрекетті қалыпқа келтірудің негізін қалайды.


Сәбилік шақтың соңында бала сурет салғанда, кубиктерден құрылыс салғанда мақсатты бағытталған іс–әрекет жасайды. Ол өзінің нені бейнелегісі немесе құрастырғысы келетінін сөзбен айтып береді. Дегенмен іс–әрекетін сөзбен түсіндіру жағы әлі де жеткіліксіз. Баланың ойы тұрақты емес, олар іс үстінде өзгеріп кете береді, оларға өз іс– әрекетінің нәтижесін ұғыну әсер етеді, ойлаған ойы аяғына дейін жеткізілмейді. Бүкіл сәбилік шақ бойына жағдайдың әсері үлкендердің сөзбен түсінліруінің және балада пайда болған ниеттің әсерінен күшті болады. Мысалы, музыка сабағында тәрбиеші құс өсіруші, ал балалар жас әтештер болып ойнайды. Олар үлкендерге еліктеп, қажетті қимылды үйренеді, нұсқауларды тыңдайды, бірақ басталған кезде тәрбиешінің қимылын қабылдауы алдын ала үйреткеннен күшті болып шығады да балалар жан – жаққа қашып кетудің орнына, тәрбиешіге ілесе өздерін–өздері « киш – киш » деп айқайлап қуалай бастайды.


Балалардың мінез–құлқы олардың сезімі мен тілегінің сипатымен анықталатын болғандықтан, оларды басқа адамдардың мүддесімен есептесетіндей, үлкендердің талабына сай келетіндей сезімнің дамуының зор маңызы бар.


Нәрестелік шақта–ақ балалардың жақын адамдарына – шешесіне, әкесіне, яслидегі тәрбиешіге – сүйіспеншілігі, ұнату сезімі қалыптаса бастайды. Сәбилік шақта бұл ұнату жаңа формаларға ие болады. Бала үлкендерден мақтау сөз естігенді, еркелеткенді жақсы


көреді, үлкендер өздеріне риза болмай қалса, өкінеді. Шамамен бір жарым жаста бала басқалармен араласып, қатынас жасаса, ұнату сезімі соларға ауысады. Оны зәбір көрген баланы есіркеуден, оған көмек көрсетуден, кейде қолындағы тәттісін, ойыншықтарын бөліскісі келетіндігінен байқаймыз.


Бала басқалардың сезімін тез қабылдайды. Мысалы, яслиде бір–екі бала жылай бастаса–ақ болды, оны басқалары қостап, ақыры бүкіл топ жылайтын кез жиі кездеседі.


Жас жарымнан бастап үлкендердің балалар мінез–құлқын бағалауы олардың сезімінің маңызды бастауларының біріне айналады. Айналасындағылардың мадақтауы, қолдауы балалардың мақтаныш сезімін тудырады да олардың да олар үлкендерге өз жетістіктірін көрсетіп, жақсы баға алуға ұмтылады.


Қандай да бір іс–әрекеттерді онды бағалай отырып, үлкендер оларға балалардың көз алдында тартымды түр береді, балаларда өзімшілдік, мадақтауға ие болу сезімін оятады.


Кейінірек бала , егер оның іс–әрекеті үлкендердің үмітін ақтамай, үлкендер оларды ақыл айтып ұрыса бастаса, ол мақтаныш орнына ұялатын болады. Әсіресе бала сөзді дұрыс айтпаса, өлең айтып тұрып жаңылысып кетсе, т.б. қатты ұялады. Бірте – бірте ол үлкендер қолдамаған қылықтары үшін де, егер олар әдейі бетіне басып, ұялтса қысыла бастайды. Кейбір жағдайларда ұялу сезімінің күштілігі соншалық, ол басқа ниеттің бәрін жеңіп, баланы өзін қызықтырған ойыншықтан бас тартуға немесе бөтен әлдебір қиын іс– әрекет істеуге итермелейді.


Әрине, өзін–өзі сыйлау, мақтаныш және ұялу сезімінің дамуының әсерімен бала өзін үнемі бақылап отырады демейміз. Бала оған әлі қабілетсіз.


Өзінің мінез–құлқын саналы түрде басқарып отыру мүмкіндігі баланың сәбилік шағында тым шектелген. Ойына келген тілегінен сол бойда қайту, үлкендердің өзін қызықтырмайтын ұсыныстарын орындау балаға қиынға түседі. Бір жастан үш жасқа дейінг балаларға таңертеңгі тамақтан кейін бір – бірден конфет беріп, оларды аналары келіп, алдымен солар дәмін татып көргенше жемеу керектігін түсіндірді, екі жасқа қараған он жеті баланың тек жетеуі ғана, ал үшке қараған он алты баланың тек жетеуі ғана, ал үшке қараған он алты


33 Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты іс-әрекеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет