Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет20/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Әдебиеттер:

  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad


    1. Тән – дене, сондай – ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен- өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе – бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады,білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене,психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден – ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым – педагогтар: Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, Левитов, Эльконин, Пршигода, Ванек, Шванцара және т.б. айналысып, жастық кезеңдерге бөлістірудің бірнеше ондаған сұлбасын ұсынған. Солардың ішінде педагогтардың көпшілігінің қолдауын тапқан бір сұлбаға назар аударайық.

Кезеңге бөлістіру жас ерекшеліктеріне негізделеді. Жастық ерекшеліктер – деп нақты өмір дәуіріне тән анатомиялық, физиологиялық және психологиялық сапаларды атаймыз. Жастық ерекшеліктер мәні адамның тән дене дамуынан айқын көрінеді. Бойдың өсуі, салмақ қосылуы, алғашқы тістердің пайда болуы, кейін олардың түсіп, ауысуы, жыныстық жетілу және басқада биологиялық үдерістер елеусіз ауытқуларымен әртүрлі жас кезеңдерінде жүріп жатады. Адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланыста болғандықтан, психикалық аймақтағы өзгерістерде белгілі жас кезеңдеріне сәйкес келеді. Биологиялық өзгерістер сияқты қатаң белгілі бір жас кезеңіне сәйкес болмаса да,әлеуметтік пісіп – жетілу көрніс береді, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезегімен орындалып жатады. Осылардың бәрі адам дамуы мен оның жастық кезеңдерін белгілі сатыларға бөлуде табиғи негіз қызыметін атқарады.





  1. Дамудың толық кезеңдестігі адамның бүкіл өмірін белгілі дәуірлерімен қоса қамтиды. Ал шамалап сатыларға бөлу нақты ғылым саласын қызықтырған өмірдің бір бөлігін өз ішіне алады. бастауыш мектеп педагогикасын баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы өмір және даму кезеңдері қызықтырады. Бұл баланың туылғанынан он,он бір жасқа дейінгі өмір аралығы. Психология аймағында да балалардың психикалық даму кезеңдерін айырады, бірақ психологиялық кезеңдерге бөлу педагогиклық жас кезеңдері мен бірдей сәйкес бола бермейді, себебі психика дамуы ананың жатырында басталады, ал бала тәрбиесі оның дүниеге келген мезетінен басталады. Бала дамуы ерекшеліктерін әр жас кезеңіне байланыстыра түсіну үшін төмендегі салыстырма кестеге назар аударыңыз

Психологиялық кезеңдер Педагогикалық кезеңдер
1.Ана жатырындағы кезең 1.Нәрестелік кезек
(өмірдің бірінші жылы)
2.Дүниеге келу кезеңі
(өмірдің алғашқы 6 аптасы) 2.Ерте балалық шақ
(1 – ден 3 жасқа дейін)
3.Емізу кезеңі
(1 жасқа дейін) 3.Мектепке дейінгі жас кезеңі
(3 – 6 жасқа дейінгі)
4.Еңбектеу кезеңі
(1- 3 жасқа дейін) Кіші мектеп алды жас кезеңі
(3 – 4 жас аралығы)
5.Мектеп алды жас кезеңі

(3 – 6 жасқа дейін) Орта мектеп алды жас кезеңі (4 – 5 жас аралығы)


6.Кіші мектеп жасы


(6 – 11 жас) Жоғары мектеп алды жас кезеңі
(5 – 6 жас аралығы)
7.Жыныстық жетілу кезеңі
(11 – 15 жас) 4.Кіші мектеп жас кезеңі
(6 – 10 жас аралығы)
8.Бозбалалық жас
(15 -20жас) 5.Орта мектеп жас кезеңі

(10 – 15 жас аралығы)


6.Жоғары жас кезеңі
(15 – 18 жас аралығы).

Педагогикалық кезеңдерге бөлудің негізін, бір жағынан, дене және психикалық даму сатылары құраса, екінші жағынан, бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келеді.


Тәрбиеленушінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жан-Жак Руссо балалардың жас ерекшеліктерін төмендегідей кезеңдерге бөлді:


Бірінші кезең – туғаннан бастап, екі жасқа дейінгі кезең; екінші кезең – екі жастан он екі жасқа дейін; үшінші кезең – он екі жастан он бес жасқа дейін; төртінші кезең – он бес жастан ересектік жасқа дейін.


Бірінші кезеңде, Руссо баланың дене тәрбиесіне ерекше мән берді. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, баланы қоршаған заттармен таныстыру қажеттігіне тоқталды. Мейлі бала заттарды ұстап қарасын, ойыншықтарды мейлі қаратсын, сындырсын деген болатын-ды Руссо. Осылай ол көруді, сипай сезумен байланыстырудың алғашқы дағдыларын меңгереді және кеңістікті елестете алады.


Екінші кезеңде, Руссоның айтуынша, бала әлі де ойлауға және дерексіз ұғымдарды меңгеруге қабілетсіз, сондықтан да балаларға әртүрлі үгіт насихат айту және мәтіндерді жаттауға зорлаудың қажеттілігі жоқ. Ол балаларға кітап беруді ұсынбайды, оның түсіндіруінше, олар үшін ең жақсы кітап қоршаған табиғат болып табылады. Бұл кезеңде дене тәрбиесін жалғастыру, денсаулығын нығайту, әсіресе баланың сыртқы сезімдерін дамыту қажет. Әсіресе, көру, сипай сезу органдарын дамыту, демек балаға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға, өлшеуге, салыстыруға, санауға жан-жақты мүмкіншіліктер беру. Сезім органдарын дамыту ақыл-ой дамуының негізгі алғышарттары. Сондықтан да балаға еркіндік беру керек.


Руссо былай деп жазды: “Мейлі ол жүгірсін, секірсін, мейлі ол ойнасын, әрекет етсін, әруақытта да үздіксіз қозғалыста болады”.


Жүйке – жүйесін және дене мүшелерін біріктірген ағзаның биологиялық пісіп жетілуі және онымен бірге жүретін танымдық қабілеттердің даму сатылары өз бетінше жасайтын шынайы, табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісі жас кезеңдері ерекшеліктеріне икемдесуі және оларға негізделуі қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойындамау әрекеттері де болған.Тіпті, орайлас әдістеме табылса, қалаған 3 – 4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да дерексіз түсініктекрге үйретіп, кез -келген әлеуметтік тәжірибені, білімдерді, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларды игертуге болады деген теориялар да пайда болған. Бірақ бұл мүмкін емес.Бәлкім,бала өте күрделі сөздерді де дұрыс айтуға үйренер, бірақ оның мағынасын ұғуға оған әлі ерте. Жас кезеңдері шектеулерін осы күнгі балалардың шапшаң дамуымен олардың сөздік және түсінік қорының кеңдігімен шатастыруға болмайды. Бұл құбылыс әлеуметтік дамудың жеделдеуімен, әрқилы ақпраттық дерек көздеріне кең жол ашылуымен, балалардың көп нәрседен хабардар болуымен түсіндіріледі. Даму үдерісінің жеделдеу мүмкіндіктері кеңеюде, бірақ шексіз емес.Жас кезеңі дамуды мезгілінен тыс жаздырып жібермей, өз билігін таңады. Бұл саладағы ықпал жасаушы заңдылықтар даму мүмкіндіктерінің шама – шарқын белгілеп береді. Оқу – тәрбие жұмысында балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді өз заманында Я.А.Коменский талап еткен.Әр нәрсенің табиғатта өз мезетінде болатынындай, тәрбие де өз кезегімен – уақытында және ретімен алып барылуы тиіс. Сол жағдайда ғана адамға ізгілік сапалар табиғи жұғысты келіп, ақыл есінің жетілуіне байланысты ол болмыс шындығын толық, мән - мағынасымен түсінеді. «Игерілуі қажет болғандардың бәрі жас сатыларына сәйкес бөлініп,әр жас кезеңіне түсініктілері ғана оқып – үйрену үшін ұсынылуы шарт » - деп жазған Я.А.Коменский.

Жас ерекшеліктерін ескеру іргелі педагогикалық принциптердің бірі.Оны арқау ете отырып,мұғалімдер оқу жүктемесін ретке келтіреді,әрқилы еңбек түрлерінің көлеміне негіздеме береді,даму үшін қолайлы күн тәртібін, еңбекпен айналысу және демалу уақыттарын белгілейді. Жас ерекшеліктері оқу пәндерінің және әр пәндегі оқу материалдарының іріктелуімен оқу бағдарламасында жайғасуына орай мәселелерді дұрыс шешуге міндеттейді. Оқу - тәрбие қызыметінің формалары мен әдістерін таңдауда осы принципке тәуелді.





    1. Қазіргі дәуірде жас топтары арасындағы шектерді қайта қарастыруға себепші болатын және бір құбылыс педагогтарды толғандыруда.Бұл акселерация(лат.сөзі

– жеделдеу ), - яғни балалық және жасөспірімдік шақта тән – дене, кей жағдайда психикалық дамудың ерекше жедел алуы.Акселерацияны биологтар ағзаның физиологиялық жетілуімен, психологтар – психикалық функциялардың іске қосылуымен байланыстырады, ал педагогтар тұлғаның рухани дамуы мен әлеуметтенуінен деп түсіндіреді. Педагогтардың пікірінше, акселерация физикалық дамудың салдары емес, ол ағзада жүріп жатқан физиологиялық жетілу үдерістері мен тұлғаның әлеуметтенуі арасындағы қайшылықтардан.


60 – 70 жылдарға дейін балалар мен жасөспірімдердің тәндене рухани даму тепе – теңдігі бірқалыпта болды. Ал бұдан кейінгі дәуірде пайда болған акселерация нәтижесінде ағзаның физиологиялық жетілуі ақыл – ес , психикалық, әлеуметтік дамудан әлде қайда қарқынды болды. Даму сәйкессіздігі қылаң берді. Адамның ақыл, әлеуметтік ізгілік сапаларының негізі болған психикалық қызметтерден гөрі тән дене, сүйек құрылымдарының өсуі жылдамдады. Осыдан баланы артық психологиялық жүктемеге түсіретін жағдайлар пайда болды, яғни бала өзінің ақыл – есі жетпейтін істерге асылатынды шығарды.Акселерация үдерісі балалардың өздеріне ғана әртүрлі қиындықтар тудырып қоймастан, мұғалімдер мен ата - аналардың тәрбиеге байланысты материалдық және рухани мәселелерін туындатты.

Акселерацияның негізгі себептері - өмірдің қарқынды дамуы, материалдық жағдайлардың, тамақ және медициналық қызмет сапаларының көтерілуі, ерте жастан балалар күтімінің оң сипат алуы, көптеген бала сырқаттарының жойылуы. Бұл құбылыстың және де бір себептері бар: адамның тіршілік ету ортасының радиоактив ластануы алғашқы да бойды өсіріп, ал уақыт өтуімен, тәжірибелер көрсеткендей, адамзаттың жалпы тіршіліктің тектік қорын әлсіретеді, атмосферадағы оттегі көлемін азайтады, ал бұның ізімен адамның көкірек клеткасы шектен тыс кеңейіп,осыған сәйкес бүкіл ағза ұлғаяды.Дегенмен,шынына жүгінсек акселерация көптеген жағдаяаттардың тоғысынан келіп шығатын табиғи құбылыс.


80-жылдардың ортасынан бүкіл әлемде акселерация бір шама кеміп, физиологиялық даму қарқыны айтарлықтай төмендеді.


Акселерациямен бірқатарда көрінетін құбылыс – ретрадация, яғни балалардағы тән-дене және ақыл-ес дамуының кешеуілдеуі.Мұндай кешеуілдеуге себепші – нәсілдіктен болған генетикалық тетіктердің бұзылысы, даму үдерісіне кері ықпал жасаушы экологиялық орта,бір жағынан, радиациялық фон, екінші жағынан ретрадация әсіресе балалардың психикалық дамуында елеулі келеңсіз көрініс береді.Мұндайға ұшыраған балалар оқу-тәрбие үдерісіне икемдесіп, қатарларымен бірге жасай алмайды.


Сонымен, әрбір жас кезеңіне сәйкес физикалық,психикалық және әлеуметтік өз дамуы болады. Педагогтар үшін балалар мүмкіндіктерін,оларды жас кезеңдерімен сәйкестендіруді жеңілдету үшін жастық кезеңдестіру сұлбасы жасалған.Ол сұлба жас ерекшеліктерін ажырата білуге негізделген.Жас ерекшеліктері-бұл нақты өмір жасына тән анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапа қасиеттер. Саналы ұйымдастырылған тәрбие балалардың жас ерекшеліктеріне икемдестіріліп,оларға негізделуі тиіс.


27 Даму дағдарысы. Сензитивтік кезең




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет