Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы


Жоспар Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы Адам іс-әрекетінің түрі Әдебиеттер



бет17/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспар

  1. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы

  2. Адам іс-әрекетінің түрі

Әдебиеттер:

  1. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с.




  1. http://rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_100/#ps




  1. Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады: Қажеттілік Белсенділік Мотив Іс-әрекет


Мақсат Әрекет
Жағдай
(міндет) Амал
Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген.

А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол — іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.


Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.


Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат — мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.


Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.


Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.


Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып,келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.


Іскерлік — тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.


Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.


Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені «ойланбастан», әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.


Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен, жүйеленген әдет — іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады.


Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.





  1. Адам іс-әрекетінің түрі

Адам іс-әрекет үш түрлі параметрлерде: Қажеттілік күші, саны мен сапасымен белгіленеді.


Іс-әрекет бұл қажеттілікке байланысты болады. Ал оның қажеттілік күші – оның көкей кестілігі туындау жиілігі, тудыру потенциялы мен көрсетіледі.


Саны – туындап отырған әр түрлі қажеттіліктердің уақыт өткен сайын оның актуалды болуынан көрінеді. Оған уақыт жетімсіздігі – түрлі іс-әрекетті атқару жатады.


Іс-әрекет түрлеріне: қатынас, ойын, оқу, еңбек, жатады.


Қатынас – адам дамуы, оның жеке дамуы процесінде туындайтын іс-әрекеттің алғашқы түрі.


Қатынас іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады, ол адамдардың өзара мәлімет алмасуына бағытталады.


Онда ұстанатын мақсат: Өзара түсінісу іскерлік ,жеке қатынасты достықты құру, өзара көмек беру және бір – біріне ықпал етуді көздейді.


Адам бір-бірі мен тілдік және тілдік емесмәліметтер мен алмасады. Адамдар арасында жанама қатынастар тікелей қатынас болмайды. Мәлімет алмасу өзге адамдар, техникалық құралодар, арқылы жүре береді.


Адамның іс-әрекетінің даму жүйесін сөз еткенде, біз оның мына төмендегідей іс - әрекеттерінің прогрешіл қайта жасалу оспектілерінің түрлерін айтамыз.





  1. Адам іс-әрекетінің филогенетикалық даму жүйесі .




  1. Адам түрлі іс -әрекеттер процестер араласа отырып өзінің онтогенезде болатын жеке дамуы.




  1. Іс-әрекет түрлерінің өзгеруі және ішінара өз ішінде алмасу .




  1. Іс-әрекет диференциялциясы. Бір іс-әрекеттің әлсіреуінен өзге жекелеген дербес іс-әрекетке айналуы.

Психиканың негігі үш қызметі: Айналадағы қоршаған әлемнің бейнелеуімен әсер етуі, мінез құлықпен іс-әрекетті ретелінуі, айналадағы қоршаған өмірден адамның өз орнын таба білуі.


Психологияның жаратылыстану пәндерімен байланысты: Биалогиялық ғылымдар-физалогия, адам анатомиясы, ЖЖӘ (Жоғарғы жүйке әрекеті) физалогиясы, еңбек


физиалогиясы, механикалық ғылымдар- психатрия, психоформатология, невралогия, психоэндокриналогия сияқты ғылымдар туралы түсінік беру. Олардың әр-қайсысы туралы қысқаша анықтамалық беру. Байланысу себебін көрсету.


Психология ғылымында жаратылыстану негізінің ролі: мыналарды қамтамассыз етеді.Жаратылыстану пәндері туралы білімінің болуы мен оның психологиямен өзара байланыстылығын білу, адамның жүйке жүйесі қызыметінің құрылуымен оған тән өзгешеліктер туралы түсінігінің болуы, жүйке жүйесімен адам психикасының өзара байланысы туралы түсінік, адамның жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары туралы білімінің болуы мен оны ескерте отыруы бас ми рефлекстері туралы дұрыс пайымдау.


Психологияның ерекшелігі – адамзатқа белгілі ең күрделі құбылыстарды қарастырады, таным субъбекті мен объекті бір арнада болады, тәжірбиелікті қажет етеді.


Бейнелеудің түрі мен құрылымы туралы түсінік беру.


Психологиялық бейнелеу (Өзін өзі тану мен сана ), физалогиялық бейнелеу (Органикалық қозғалыс пен жоғары кезең), Тәндік бейнелеу (қимыл қозғалысы ең қарапайым формасын бейнелеуге ) қабілеттіктері.


21 Қарым-қатынас туралы түсінік




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет