МКҚК «Каракия кәсіптік колледжі»
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ерлік кездейсоқ болмайды»
Өткізген БӘД оқытушы – ұйымдастырушысы:
Дастанов Айдар Есетұлы
2015-2016 оқу жылы
«Ерлік кездейсоқ болмайды»
(Тәлім сәті)
Мақсаты:
Ауған соғысы жайлы студенттерге мағұлмат беру, ержүрек ағалардың ерліктерін тереңірек біліп тану. Студенттердің бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, отаншылдыққа , елжандылыққа, ағалар ерлігін мақтан тұтуға баулу.Отан алдындағы борышын түсіне білуге тәрбиелеу.Біздің ауданымыздың азаматы, Ауған соғыының қаһарманы Сағымжан Алиевті еске алу кешінде, біздің колледжіміздің студенттерімізге мемлекеттік туымызды ұстап шығу тапсырылған болатын.Бұл біздің колледжімізге және білім алып жатқан студент жастарға деген елдің сенімі деп есептеймін. үлкен сенім артқаны.
Барысы:
Құрметті , ұстаздар, студенттер! Сіздер бүгін «Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында ауған соғысының 26 жылдығына арналған тәлім сәтіне жиналып отырсыздар. Бұл тәлім сәтін өткізудегі мақсатымыз жас ұрпаққа ауған соғысы жайлы мағұлмат беріп, ауған соғысына қатысқан ерлеріміздің ерліктерін мақтан тұту.
Біздің ауданымыздың азаматы, Ауған соғысының қаһарманы Сағымжан Алиевті еске алу кешінде, біздің колледжіміздің студенттерімізге мемлекеттік туымызды ұстап шығу тапсырылған болатын.Бұл біздің колледжімізге және білім алып жатқан студент жастарға деген елдің сенімі деп есептеймін.Осы сенімді болашақ Отан қорғаушы жастарымыз атап айтар болсақ Төлегенов Нұрлыбек, Бақыт Нұрбек, Кенжеғали Нұрхат, Тунгатаров Ықылас, Абаев Нұрбол, Досанов Абай, Қылышбаев Мейрамбек,Ақмұратов Нұрсұлтан міне аты аталған студент жастар берілген тапсырманы абыроймен орындады.Колледж ұжымына ұйымдастыру тарапынан арнайы алғыс хат табыстаған болатын.
Осы ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан ержүрек, батыл, қаһарман жауынгерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.(1 минут үнсіздік)
Жарқынай : Соғыс, соғыс,
Соғыс- тажап, соғыс кеткен сұм еді,
Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі?
Сол соғыстан өз үйіне оралмады қанша жан,
Қанша ана ауырды, ұлын күтіп аңсаған.
1979 жылдың 25 желтоқсанында 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық Кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді.
Ұрысқа қатысқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгі сақтау қасиетті борышымыз.
Нұрсұлтан: Қазақстаннан ауған соғысына 22 мың адам қатысып, 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі қазақ елінде 10 мыңға жуық Ауған ардагерлері бар. Олардың 3 мыңдай мүгедектер қатарында. 1989 жылы 15 ақпанда аналарды перзенттерінен айырған мыңдаған жерлестеріміз қаза болған қасіретті де, қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Жылдар өткелімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Жарқынай : Соғыс бітті. Зарлы соғыс аяқталды,
Аналар қуанғаннан жылап алды.
Сұм соғыс жалмап кетті көп өмірді,
Оралмай сан боздақтар кетті қанша,
Қалды-ау талай ғұмыр тау мен таста.
Ауған жері , ауған елін қорғаймын деп,
Жастары жетпеген бар жиырмаға да.
Енді «Тағдырын білемін ауған даласының» атты ауған соғысына арналған өлең-жырларға құлақ түрейік.
Жазира : Қан кешкен 10 жыл ,
Ерлікпен өткен «тозақтан».
Аласы елдің құтқарар әр кез азаптан .
Атылған оқтар, жаралы достар , айқай-шу
Есімде әлі кешегі соғыс Ауғанстан
Бақыт Нұрбек: Қасіретін көзбен көріп жалғанның ,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдында бас иеміз тағзым етіп,
Соғысында қан шеккендер Ауғанның
Айткул:Дұшпанмен бетпе бет көп шайқастарда,
Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған.
Отан үшін бас тігіп айқасқанда
Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң.
Жаяман Нұрбек:Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн-түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Нұрсұлтан: Хор «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
Орындаушы колледж белсенділері
Жарқынай : Атыңнан айналайын қазақ деген
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай
Көрсең де талай азап , қиындықты.
Нұрсұлтан: Мен қазақпын, ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген
Болашаққа алға бастап жетелер,- деп ендігі кезекті «Қазақ елі»аты әнге берейік. Орындайтын ««Автокөлікті пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»тобының 2-курс студенті Сәрсенғалиев Ербол.
Жарқынай : Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер от пен оқтың ішінде жүріп туған елі, Отаны жайлы өлеңдер жазды.
«Ана туралы баллада». Оқитын: «ЭЕТ және БҚ» тобының 2-курс студенті Иса Мөлдір
Нұрсұлтан: Бүгінгі күні ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге сый-сыяпат , лайықты құрмет көрсетіп, атақ-абыройын, асқақтату- елдігіміздің бір белгісі.
Еліміз бойынша осы соғыста шейіт олған жастарымздың атында 30-дан астам мектеп, 170-ке жуық көше бар көрінеді. Кеңес Одағы ыдырап, еліміз Тәуелсіздік алған кездерден бастап Ауған соғысына қатысқан біздің елдің жауынгерлері жайлы деректер мен олардың ерліктері топтарстырылған еңбектер жарық көре бастады, фильмдер түсірілуде. (.Бейнетаспа көрсету)
Жарқынай: Ерлік – елдің туы. Ер қуаты қару болса, ел қуаты батырлары, сақадай сарбаздары. Халықтың осы даналығын қайда жүрсек те санамызда сақтап, Отанымызды қорғау – азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық! Ауған қаһармандарын әрдайым қадірлеп, құрметтейміз, өз елінің патриот жауынгері ретінде жоғары бағалаймыз.
Бүгінгі тәлім сәтімізді «Жаса, Қазақстан» әнімен аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |