Әдебиеттер:
Балалар психологиясы, Мухина В.
С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б
Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с
http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad
Оқу және еңбек іс-әрекеті элементтерін дамыту. Оқу және еңбек іс-әрекеттері өздерінін жетілген формаларында мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды. Оқу іс-әрекеті мектеп жасындағы балаларда жетекші орын алады (өндірістен қол үзбей білім алып жүрген үлкендерде де солай). Еңбек – үлкендер жұмысының негізгі түрі.
Іс-әрекеттің осы түрлерінің әрқайсысы күрделі құрылымға ие және адам психикасына жоғары талаптар қояды. Бұларды табысты орындау үшін мектепке дейінгі жастағы балада қояды. Бұларды табысты орындау үшін мектепке дейінгі жастағы балада әлі қалыптасып үлгермеген психикалық қасиеттер мен қабілет болуы қажет.
Жүйелі оқуға және өнімді еңбекке араласуға даярлық мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл даярлық негізінен ойын мен істің жемісті түрлері арқылы жүзеге асырылады. Әйтсе де осымен қатар үлкендер балалардың алдына оқу мен еңбек іс-әрекеттері үшін қажетті белгілі бір психикалық іс-әрекеттерді игеруге бірте-бірте қол жеткізеді.
Мектепке дейінгі шақта оқу мен еңбек элеметтерінің дамуына баға бергенде еңбек ісінің мәні оны ұйымдастырушы үлкен адам мен бала үшін өте көптеген жағдайларда түрліше болып шығатын естен шығармау қажет. Мысалы, үйрету процесінде баланың белгілі білім мен дағдыны игеруінен, кезекшінің міндетін атқаруынан немесе гүл отырғызуынан оның оқу және еңбек іс-әрекеті қалыптасты (тіпті қарапайым формада) деп қорытынды шығаруға негіз бола алмайды. Белгелі бір сәтке дейін балалар іс-әрекеттің процесінің өзіне қызығады, үлкендерге ұқсауға ниеттенеді, бала ұқсау және олардың мақұлдауына ие болу тілегін басшылыққа алады, алайда алған білімнің, немесе өздерінің еңбек тапсырмаларын орындау нәтижелерінің мәнін әлі түсінбейді. Мектепке дейінгі жаста оқу және еңбек іс-әрекеттерін саналы орындау жаңа ғана қалыптаса бастайды.
Оқу ынтасының пайда болуы және оқу іс-әрекетін меңгеру. Оқу іс-әрекетінің негізгі іс-әрекеті оның мақсатының сыртқы нәтижеге қол жеткізуі ғана емес, жаңа білім іскерліктер мен дағдыларды игеру болып табылады.
Егер бала сурет салу процесіне еліктесе немесе әдемі суретті салып шығуға тырысса, ол ойынмен немесе жемісті іс-әрекетпен шұғылданғаны болады. Ал, сурет салумен айналысқанда, суретті бұрынғыдан жақсырақ салуды, түзу сызықтарды жүргізуді немесе бейнені дұрыс бояй білуді үйрену сияқты өз алдына ерекше мақсат қойса, онда оның жасаған істері оқу сипатына ие болады.
Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асыра ала тұрса да, білім мен дағдының да көбін балалар үлкен адамдармен, олардың талаптарын, кеңестерін, олардың нұсқауларын орындаудан сондай–ақ ойындардан, сурет салудан, құрастырудан, әр түрлі себептерге байланысты келетін күнделікті қарым-қатынастан меңгереді. Үлкендер мен бала қарым-қатынасының көптеген түрлері үйрету ісіне толы.
Дегенмен баланың даму дәрежесіне қарай үйрету барған сайын неғұрлым жүйелі сипат алады. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жағдайында балалар арнаулы бағдарлама бойынша жүргізілетін сабақтар арқылы үйретіледі. Ойын тәсілдері мен жемісті тапсырмаларды пайдалану осындайда басты орын алады. Сонымен бірге сабақтарда білім мен дағдыны игерудің толықтығы мен сапасына, тәрбиешінің нұсқауларын тыңдай және орындай білуне қатысты белгілі талаптар да қойыла бастайды. Сабақтардағы үйрету оқу іс-әрекетінің элементтерін бастапқы игеруге маңызды мәнге ие болады. Оқу іс-әрекетінің элементтерін игеруге танымдық ынталарды қалыптастыру мен оқу іскерліктерін үйрену кіреді.
Айналадағы дүние туралы баланың иалатын сай түрлі мәліметтері – үлкендердің көрсеткендері мен әңгімелегендері, өзінің көргендері. Бұлар әуестікті, барлық жаңа атаулыға құмарлықты тудырады. Мектепке дейінгі шақта балалар әуестігінің өсуі, әсіресе, балалар сұрақтардың саны мен сипатының өзгеруінен байқалады. Егер үш-төрт жаста сұрақтардың аз ғана бөлігі жаңа білім алуға, түсініксіз нәрсені анықтауға бағытталса,мектепке дейінгі ересек жаста балаларда мұндай сұрақтар басымырық келеді, балалар көбіне сан түрлі құбылыстардың себептері мен олардың арасындағы байланыстарды білуге ынтығады. «Жаңбыр неге жауады?»; «Өсімдіктерді суғару не үшін керек?»; «Дәрігер неге аурудың кеудесін тықылдатады?»; «Жұлдыздар қайдан пайда болған?»; «Егер кішкене үйді доңғалақтар үстіне орнатса, оны трактор сүйреп әкете ала ма?»; «Егер судың бәрі теңізге қарай ақса, кейін ол қайда кетеді?» - міне, алты жасар баланың әдеттегі сұрақтарының шағын тізімі осындай.
Бірақ әуестік бұл әлі оқуға жүйелі білім алуға даярлықты қамтамасыз ете алмайды. Қандай да бір құбылысқа деген ықылас балада жылдам пайда болады да жылдам ұмытылады, басқамен алмасады. Болмыстың сан түрлі саласына жататын құбылыстарды баланың білуге ынтығатыны жоғарыда келтірілген сұрақтардың тізімінен-ақ көрініп тұр. Өзінің жетілген формаларындағы оқу бірнеше арнаулы пәндердің, математиканың, ана тілінің, биологияның тағы басқалардың мазмұнын құраушы құбылыстардың белгілі жақтары мен типтеріне деген тұрақты ынтаға жетелейді.
Кей жағдайларда мектеп жасына дейінгі балаларда білімді игеруге де тамаша табыстарға әкелетін бөлшектелген де берік ынта ерте байқалады.
Әдетте балалардың айтарлықтай берік танымдық ынталары тек мектепке дейінгі шақтың ақырында, жақсы ұйымдастырылған үйрету жағдайында пайда болады.
Мұнда мектепке дейінгі оқудың мазмұны негізгі рөл атқарады.
Егер сабақ үстінде болмыстың әр саласына тән құбылыстардың негізгі қасиеттері балалар алдында жеке де бытыраңқы мәліметтер түрінде берілмей, білімнің, білімнің белгілі бір жүйесі түрінде берілсе, математикаға, тілге, жанды және жансыз табиғатқа деген ытна, тиісі дәрежеде балалардың бәрінде де пайда болатынын зертеулер көрсетті. Математика саласында бұл өлшемнің өлшенетін затқа, бөліктің бүтінге, бірліктің көпке қатысы, тіл саласында сөз құрылысының оның мәніне қатысты т.б.
Балалар осындай жалпы заңдылықтармен танысқанда, жеке жағдайда байқауларын зор ынтамен қадағалайды, оларлың алдынан қоршаған дүниенің жаңа жақтары ашыла бастайды және олар оқудың ғажайып асуларға апаратын жол екенін көре бастайды.
Берік және бөлшектелген танымдық ынталар балада оқуға үздіксіз жаңа білім алуға деген тілек тудырады. Оқи білу алдымен оқу тапсырмасының мәнін үйрету үшін орындалатын тапсырма екенін, оқу тапсырмасын практикалық жағдайлардан ажырата білуді түсінуге меңзейді. Математикалық есепті таңдап алған жасына дейінгі бала өз ықыласын оны шығару үшін қандай іс-әрекеттерді орындау қажет екеніне емес, есептің шартына сипатталған жағдайға айдарады. Мысалы: «Анасы төрт конфет жеді, ал өзінің ұлына екі конфет берді. Екеуі қосылып неше конфет жеді?» - деген есепті шығарудан бас тартып, ондағы сипатталған «әділетсіздікке» ашуланады. «Ал анасы Мишаға конфетті неге аз береді?», - деп сұрайды бала: - Тең бөліп беру керек еді», дейді: Басқа жағдайларда бала таныс қосу мен алу амалдарын жорамалдап қолдана салады. Мұның екеуі де оқи білмеудің белгілері. Есептің шарттарында сипатталған жағдайдың өзінен-өзі, өмірдегі жағдайдың сипаттамасы ретінде басты орын алатындығына емес, жалпы есептерді шығаруды үйренуді материалы ретінде қызмет атқаратындығына екенін, есеп шығарудың мәні оның жауабын тезірек алумен тынбайтындығын, оған қоса есеп шарттарына сүйене отырып, қандай арифметикалық амалды қолдану қажеттігін дұрыс анықтау және осы іскерлікпен алдағы уақытта да пайдалану екенін бала түсінуі тиіс.
Мектепке дейінгі кішкентайлар және естиярлар шағына балалар оқу тапсырмасын тек одан алған білім мен дағдыны бірден ойын ойнағанда, сурет салуда немесе іс-әрекеттің өзге бір тартымды түріне пайдалануы мүмкін болғанда ғана қабылдайды.
Арнайы ұйымдастырылған үйрету жағдайларында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың меңгергенді бірден жүзеге асыру мүмкіндігі мен байланыстан тыс тапсырмаларды қабылдай білуі қалыптасады. Білімді игерудің келешекте «пайдасы» тиетіні мүмкін болып шығады.
Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақтың ішінде тікелей оқу тапсырмасының формасына қарағандағ дидактикалық ойын білімді игерудің тиімді құралы болып табылатынын байқаулар көрсетіп отыр. Алайда егер мектепке дейінгі кішкентайлар мен естияр шақта айырмашылық зор болса, ересектерде де бұл айырма едәуір төмендейді. Бұл балалардың оқу тапсырмасын қабылдау іскерлігі артқандығының айқын көрсеткіші болып табылады.
Оқу тапсырмаларының мәнін түсіну балалардың үлкендердің берген амалдарды орындау тәсілдеріне назар аудара бастауына, осы тәсілдерді саналы түрде игеруге тырысуына жеткізеді. Мектеп жасына дейінгі балалар мақсатқа бағытталған бақылауға, заттарды сипаттауға, салыстыруға және топтауға, әңгімелер мен суреттердің мазмұнына байланысты түрде баяндауға, есептеу мен арифметикалық есептерді шығарудың тәсілдерін үйрене бастайды. Негізгі мәнге тапсырманы орындаудың дұрыстығы, үлкендер қойған талаптарды бұзбау ие болады. Бұл жағдайда балалар үлкендерге қарайды, қандай да бір талартарының орындаоу дұрыстығына баға беруді өтінеді. Мысалы, Кеңістік қатынастарын (үлгі бойынша өрнек салғанда) дәл көшіруге мектепке дейінгі ересектерді
үйрету процесінде балалар тәрбиешіге әлденеше рет сұрақ берді: «Қараңызшы, менің жасап отырғаным дұрыс па?» , «Бұрышқа бұрыш түйісуі, мына үшбұрыш ана үшбұрышқа қарсы орналасу кажет . Дұрыс па?»
Үлкен адамның балалар жұмысына беретін бағасы, әр қилы баланың жұмыс барысы мен нәтижелерін салыстыру арқылы бала өз әрекетін өзі біршама дұрыс бақылай, өз білімі мен іскерлігін бағалай бастайды. Ол тапсырмаларын орындауға байланысты өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау дағдылары қалана бастайды. Көбіне мектепке дейінгі ересектер өздері тым жеңіл деп санайтын тапсырмаларды көңілсіз орындайды,өз көзқарастары тұргысынан білім мен іскерліктің қол жеткен деңгейіне көбірек сәйкес келетін тапсырмаларды орындауға тырысады. Үлгі бойынша өрнек жасауға тапсырма алған балалардың сөздері мынадай: «О, мынау! Бізге мұны жасау түкке тұрмайды, солай ма, Санжар?», «Сіз маған қиынырақ бірдеңе беріңіз, мен мұны істей аламын» , «Ой, қандай қиын! Біз көптен бері осындай өрнек жасасак деп жүр едік?».
Өзінің білімі мен іскерліктерін бағалауда балалар көбіне қателеседі. Олар үшін жұмыс процесінде өзін тексеру біраз қиындыққа түседі.Бірақ өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалаудың пайда болуы мектептегі оқыту кезеңінде аякталатын оқу іс-әрекетін меңгерудегі басты кадам болып табылады.
№36 Мектепке дейінгі жастағы баланың мінез-құлық мотивтерінің мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |