Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет29/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
МД психология (1)

Қолданылған әдебиеттері:

Балалар психологиясы, Мухина В.


Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы: Оқулық, Алматы 2015,
329 б
Андабекова С., Мектепке дейінгі педагогика – А, 2012

  1. Ерік – әрекет-қылықтық саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет-қылық белсенділігін жұмылдыру.

Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.


Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шартта¬ры, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоци¬ялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал


бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.

Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.


2 Баланың ерік әрекеті саналы талап – тілектерінің нәтижесінде шешміге келіп, оны орындауымен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кеін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірбиесі арта түседі,қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап – тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап – тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияның ықпалымен орындалған әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға «Барып кел, алып кел, үйдің суретін сал» деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады.


Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, ерік тұрақсыз болып, іс-әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса, өз бойына лайық қажыр, қайрат, табандылық көрсетеді.


Баланың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйретте бастаудың, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталады. Баланың еркі әлде дамып жетілмеген, олар бір нәрсені саналы түрде ұғып істеуден гөрі сол нәрсенің олардың көңіл-күйіне әсер еткен әсеріне бағынып істеу басым болады. Бұл кезде бала әрекеті ақыл-ой таразысына салмай дұрыс-бұрыстығын ойламай істей береді, өйткені оларда өздерінің ісін сана-сезіміне бағындыру жеткіліксіз болады. Ұстамдылық қасиеті де дамымаған. бұл кезде балада айтқанды ұғып, оған сенушілік күшті болады. Ал жасы есейген сайын айтқанға сену кеміп отырады және айтқанды ұғып, оған сенушіліке байланысты бала еліктеуге де өте бейім болады. Ойнаған ойынында да кейіпкерлерге еліктейді. Ертегідегі кейіпкерлерге ұқсап солардай болуға қатты асығады. Балалар еліктеуге құмар болғандықтан өзінің жақын адамдарына тәрбиеші апайларға ұқсауға тырысады.кім не айтса соның дұрыс бұрыстығын талғамай, тез орындауға әзір тұрады.


Бала өзін-өзі басқара алмайтындақтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыру қажет. Баланың ерік әрекетін тәрбиелеу жас кезеңен басталады. Тіл шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады.


Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық, құрлыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір-ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итерілмейтін себепші құрал болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет