Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі


-параграф. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу тәртібі



бет11/28
Дата06.04.2023
өлшемі144,7 Kb.
#173937
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
v1600013317.30-12-2022.kaz
тәлімгерлік жоспары
1-параграф. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу тәртібі

138. Білім беру ұйымдарының басшыларын міндетті аттестаттау лауазымға тағайындалған (жұмысқа қабылданған) сәттен бастап үш жыл өткен соң алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі.


139. Білім беру ұйымдарының басшылары міндетті аттестаттау кезінде тиісті деңгейдегі комиссияға немесе ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.


140. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары міндетті аттестаттау кезінде осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес ПББ және эссе жазудан өтеді.


141. Білім беру ұйымдарының басшылары білім беру ұйымының басшысы лауазымында екі жыл болғаннан кейін тиісті деңгейдегі комиссияға немесе осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзі үміткер біліктілік санатын көрсете отырып, ақпараттық жүйе арқылы мерзімінен бұрын біліктілік санатын алуға өтініш береді.


142. Мерзімінен бұрын біліктілік санатын алу рәсіміне қатысатын білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес бірізділікті сақтай отырып, "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатын беруге өтініш береді.


Біліктілік санаты үш жылға жарамды. Біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын білім беру ұйымының басшысы мерзімінен бұрын біліктілік санатын алуға өтініш береді.


143. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының аттестаттау материалдарын комиссияға жібереді не басшының цифрлық бейініне қолжетімділікті ұсынады.


144. Отырыс барысында Комиссия ұсынылған материалдарды немесе басшының цифрлық профилін зерделейді.


145. Ұсынылған материалдарды зерделеу немесе басшының цифрлық бейінін қарау нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын басшыға бағалау парағын толтырады.


146. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын басшыға аттестаттау парағын ресімдейді.


147. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:


атқаратын лауазымына сәйкес келеді;


қайта аттестаттауға жатады.


Егер білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы ПББ қорытындысы бойынша ең төменгі өту балын жинамаған жағдайда, онда аттестаттау комиссиясы "қайта аттестаттауға жатады" деген шешім қабылдайды.


148. Қайта аттестаттау бұрынғы аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттаудан өткізгеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:


атқаратын лауазымына сәйкес келеді;


еңбек шартын бұза отырып, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.


"Еңбек шартын бұза отырып, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді" шешімін қабылдау кезінде ПББ нәтижелері, аттестаттау кезеңіндегі қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалу динамикасы, сондай-ақ әңгімелесу нәтижелері ескеріледі.


149. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларына мерзімінен бұрын біліктілік санатын беру бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:


мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;


мәлімделген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;


мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған.


150. "Мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған" шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді немесе осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту туралы негіздемесі бар жазбаша хабарламаны басшының бейініне бекітеді.


151. Аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік Департаменттер (бұдан әрі – БССҚЕК) аттестаттау рәсімінің дұрыс жүргізілуіне және осы Қағидаларға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігіне іріктеп бақылау жүргізеді.

2-параграф. Білім беру ұйымы басшысының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарларын және әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі

152. Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталықтар) басшысының орынбасарларын аттестаттау лауазымға тағайындалған (жұмысқа қабылданған) сәттен бастап үш жыл өткеннен кейін алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі және осы Қағидалардың 4-тармағында жазылған кезеңдерді қамтиды.


153. Аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарлары атқаратын лауазымында үш жыл болғаннан кейін "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" кезектілігін сақтай отырып, "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" дегеннен бастап біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.


154. Аттестаттау рәсіміне қатысатын әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері атқаратын лауазымында үш жыл болғаннан кейін "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" кезектілігін сақтай отырып, "педагог-модератордан" бастап біліктілік санаттарын беруге өтініш береді. Біліктілік санаты үш жылға жарамды.


Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін атқаратын лауазымы бойынша жұмыс өтілі не болмаса әдістемелік кабинетте (орталықтарда) жұмыс өтілі ескеріледі.


155. Кезекті аттестаттау кезінде басшының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) орынбасарлары, әдіскерлер келесі деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы не осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияға немесе ақпараттық жүйеде лауазымда болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін қолда бар біліктілік санатын растау туралы өтініш береді.


156. Комиссия осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағына тиісті балл қоя отырып, ақпараттық жүйеде аттестатталушының ұсынылған материалдарын немесе цифрлық профилін зерделейді.


157. Ұсынылған бағалау парақтарының негізінде аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.


158. Аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары қорытынды көрсеткіштер кезінде (осы Қағидаларға 21-қосымшада белгіленген өлшемшарттарға сәйкес ең жоғары қорытынды баллдар) білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарлары білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының кадр резервіне қабылданған сәттен бастап екі жылға қабылданады.


159. Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:


өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;


өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;


өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.


160. "Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына немесе аттесталушының цифрлық профиліне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту туралы негіздемемен жазбаша хабарлама жібереді.


161. Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған кезде білім беру ұйымы басшысы орынбасарының, әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің бар біліктілік санаты қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.


162. Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары қайта аттестаттаудан осы Қағидаларға сәйкес тиісті деңгейдегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жылдан кейін өтеді.


163. Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:


өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;


өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;


өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.


164. Қайта аттестаттау кезінде Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған жағдайда, бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.


165. Аттестатталушы комиссияның шешімімен басшының цифрлық профилінде танысады.


166. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан Комиссия хатшысы мен мүшелері қол қояды және басшының цифрлық профилінде жарияланады.


167. "Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негіздемесі бар, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған жазбаша хабарламаны аттестатталушының электрондық поштасына немесе басшының цифрлық профиліне жібереді.


168. Аттестатталушы Комиссия шешімімен танысады.


169. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталушылардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.


170. Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы жеке іс парағында немесе цифрлық профилінде сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне енгізіледі.


171. Комиссия шешімі аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді.


Тиісті бұйрықтың негізінде осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау туралы куәлік беріледі.


172. Біліктілік бере отырып (растай отырып) аттестаттау туралы куәлік осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және аттестатталушының профилінде жарияланады. Бұл ретте біліктілік санатын беру туралы еңбек кітапшасына жазба талап етілмейді.


173. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) педагогіне, басшыларына, басшыларының орынбасарларына, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша ақы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті деңгейдегі комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен немесе 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.


174. Басшының орынбасары (басшы) бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына басқа лауазымға ауысқан жағдайда (басшының орынбасары немесе басшы лауазымына) басшы орынбасарының өзінде бар үшінші санаттағы басшы орынбасары немесе екінші санаттағы басшы орынбасары немесе бірінші санаттағы басшы орынбасары немесе басшы-ұйымдастырушы немесе басшы-менеджер немесе басшы-көшбасшы біліктілік санаты мерзімі өткенге дейін сақталады.


Басшының орынбасары (басшы) білім беру ұйымының ішіндегі басқа лауазымға ауысқан кезде қолда бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады.


175. Келесі санаттар берілген басшыларға:


"үшінші санаттағы басшы" біліктілік санаты "басшы-ұйымдастырушы" біліктілік санатына теңестіріледі;


"екінші санаттағы басшы" біліктілік санаты "басшы-менеджер" біліктілік санатына теңестіріледі;


"бірінші санаттағы басшы" біліктілік санаты "басшы-көшбасшы" біліктілік санатына теңестіріледі.


176. Аттестаттау және біліктілік санаттарын беру рәсімінде бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті деңгейдегі комиссия біліктілік санатын беру туралы шығарылған шешімді дербес немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайта қарайды.


177. Шығарылған шешімді қайта қарау тәртібін комиссия дербес айқындайды.



Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет