Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы



бет60/65
Дата11.01.2022
өлшемі187,43 Kb.
#110777
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
ТУПрограмма каз

10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы

      186. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      187. Мақсаты шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуді, өз ойларын, сезімдерін көркем түрде бере білу біліктерін қалыптастыру болып табылады.

      188. Міндеттері:

      балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін, эмоционалды қатынасын қалыптастыру;

      бірлесіп жұмыс жасау, жұмысты ұжыммен орындау дағдыларын қалыптастыру;

      өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйрету;

      балалардың түсінігіне жақын 2-3 қазақ халқының өнер түрлерімен таныстыру;

      безендірудің мәнерлі құралдарымен, балалар кітаптарындағы иллюстрациялармен, олардың авторларымен таныстыру;

      балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаға эстетикалық қызығушылығын арттыру;

      халық ойыншықтары туралы түсініктерін кеңейту;

      балаларды бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыруды жалғастыру (живопись, графика, скульптура, сәндік-қолданбалы өнер);

      живопись және скульпторлық мүсіндердің туындыларымен таныстыруды жалғастыру (картиналар жәңе репродукциялық картиналар);

      балаларды өнер туындыларын, олардың түрлерін дербес қарастыруды, мәнерлік құралдарына және мазмұнына көңіл аударуға баулу (ырғақ, түс, пішін, композиция).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет