13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
197. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны өзін-өзі тану, қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
198. "Әлеумет" білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.
199. Мақсаты ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.
200. Міндеттері:
жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық;
құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;
өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |