8-сұрақ:Ақша айырбас курсы 3 айдан кейін Сингапурге қайтып келгеннен кейін Мэй-Лингте 3900 ZAR қалды.
Айырбас курсы былай өзгергендігін, яғни 1 SGD = 4,0 ZAR.екендігін біле отырып, ол ақшасын қайтадан сингапур долларына айырбастады.
Мэй-Линг қанша сингапурлық доллар алды?
9-сұрақ:Ақша айырбас курсы Өткен 3 айдың ішінде айырбас курсы 1 SGD үшін 4,2 ZAR орынына 4,0 ZAR болып өзгерді, Айырбас курсы 4,2 ZAR орынына 4,0 ZAR болғанда, ол қайтадан оңтүстік-африкалық рэндті сингапурлық долларға айырбастауы Мэй-Линг үшін тиімді болды ма?
Жауабыңды түсіндіріп жаз.
10-сұрақ: математикапәнінен тест Баймырзаға мектепте, география пәнінің мұғалімі оқушыларға тест тапсырмаларын беріп әрбір тестті орындағаны үшін 100 балмен бағаланатынын айтты. Алғашқы төрт тесттегі Баймырзаның орташа бағасы 60 балл болды. Бесінші тесттен ол 80 балл алды. География пәнінен барлық бес тест үшін Баймырзаның орташа бағасы қанша болды?
Кітап сөресі Бір комплект кітап сөресін жасау үшін ағаш ұстасына мынандай материалдар қажет:
4 ұзын ағаш панелі
6 қысқа ағаш панелі
12 қысқа скоба
2 үлкен скоб және 14 шруб
11-сұрақ:Кітап сөресі Ағаш шеберінде 26 ұзын ағаш панелі, 33 қысқа панел, 200 қысқа скоб, 20 үлкен скоб және 510 шруптар бар.
Ағаш шебері осы материалдардан көп дегенде неше ағаш сөресін жасай алады?
Жауабы
СКЕЙТБОРД
Баймырза скейтбордпен қыдырғанды өте жақсы көреді. Ол кейбір товарлардың бағасын білу үшін кейде «Спорт» дүкеніне кіріп тұрады. Бұл дүкенде толығымен жинақталған скейдборд сатып алуға болады. Бірақ платформа, 4 дөңгелектен тұратын 1 комплект, 2 дөңгелек ұстағыштан тұратын 1 комплект, сонымен бірге темір және резинка бөлшектерден тұратын комплект алып өзінің жеке скейтбордын жасауға болады.
Мына кестеде дүкендегі осы товарлардың бағасы көрсетілген
12-сұрақ: СКЕЙТБОРД
Баймырза өзіне өзі скейтборд құрастырып алмақшы.Бұл дүкенде скейтбордтың құрамдас бөлігіне кемімен және артығымен қанша төлеуге болады?
13-сұрақ: СКЕЙТБОРД
Дүкенде таңдауға тақтайдың үш түрі, әр түрлі дөңгелектер комплектілерінің екі түрі, әр түрлі темір және резина бөлшеккомплектерінің екі түрі ұсынылған. Сонымен бірге дөңгелек ұстағыштың бір түрі ғана ұсынылады. Осы ұсынылған бөлшектерден Баймырэа скейтбордтың әр түрлі нешеуін жинай алады.?
A 6
B 8
C 10
D 12
14-сұрақ: СКЕЙТБОРД
Баймырэа 120 зед бар және ол осы ақшаға мүмкіншілігінше ең қымбат скейтборд жинағысы келеді. Ол скейтбордтың төрт бөлігінің әрбіреуіне қанша ақша жұмсайды?
Жауаптарыңды мына төмендегі кестеге жазыңдар
15-сұрақ Бір қорап чипси 150 теңге тұрады. Дүкенде жексенбі күндері 4 қорап чипсидің ақшасын төлеп 5 қорап чипси алуға болады (1 қорап сыйлық) деген ұсыныс бар. 1400 теңгеге көп дегенде неше қорап чипси алуға болады?