Н.К.Крупская 1932ж жарыққа шыққан “Мұғалім туралы” деген мақаласында “үлгілі мұғалімнің мерилі” ретінде төмендегі критерийлерді анықтады:
мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек;
оқытудың әдістемесін меңгеруі;
оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі;
оқушының қабілетін оята білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл “тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы”. Бұл жөнінде ол: “Мен білік пен дағдыға шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім” дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, “дауысты келтіру – өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі – өнер болып табылады”. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек “мында кел” деген сөзді 15 – 20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет – әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана” дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |