Мектепке шебер педагог өте қажет


Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің



бет8/9
Дата25.05.2020
өлшемі56,87 Kb.
#71123
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің дәлелдеулерінше, педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдіруімен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі деседі. Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық шеберлік:

  1. Біріншіден, педагогтің жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни, шебер – педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оқу-тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіндегі ең маңыздылары азаматтық және патриотизм, гуманизм және зиялылық, жоғары рухтағы мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік және адамдармен тіл табысу атап айтылған.

Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастар жүйесі – кәсіби білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзірет болып табылады деген тұжырым жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет