Қазіргі қоғамға сай жеке тұлғаны қалыптастыру міндетінің күрделілігі мен әр қырлылығы педагогикалық шеберліктің мәселелерін, қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін ерекше өзекті етеді. Себебі, орыс және қазақ педагогикасының классиктері, болашақ мұғалімдерді оқытуда педагогикалық шеберлікті қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығын барлық уақытта естен шығармады. Ол бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып, күн тәртібінен түскен жоқ, ал маңыздылығы қайта бұрынғыдан да арта түспесе кемемес.
Сондай-ақ, тәжірибелі педагогтың ықпалынсыз тұлғаның рухани дүниесін өзгерту мүмкін емес, себебі ол оқушының сенімі мен қажеттілігін, қабілеті мен практикалық дағдыларын қалыптастырады.
Мектепке шебер – педагог өте қажет.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік “педагогикалық шеберлік” болып таблылады. Орыс тілінің сөздігінде “шеберлік белгілі бір саладағы өнер” деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма?
Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде қызметінен көре аламыз ба?
Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның – педагогтың өмірге көзқарасы, қарым – қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми – әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде , ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: “егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор бағажетпес гауһар – өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап, нақты , айқын жұмыс істеу керек” дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |