Ұғымдар:спецификалық.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: Биология тіршілік туралы ғылым, сондықтанда мұғалімнің міндеті-мектеп оқушысына биологияны тірі табиғат құмиясын ашатын және танып білетін курс ретінде қабылдауға көмектесу. Әр бір мұғалім сабағының тек қызықты өтуін ғана емес,оқушылардың ақыл- ойының, шығармашылық жағынан дамуытуға талпынады. Ал, оған жету үшін оқушылар дың өзіндік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру керек. Биологиядан кл.тыс жұмыстардың өзіндік ерекшелігі (спецификалық)табиғи көрнекіліктерді кеңінен қолдану және тірі ағзаларға тәжірбие қойып оны бақылау. Табиғи обьектілерді орнымен дұрыс қолдану мектептегі оқу-тәрбие процесін дұрыс жүзеге асырады. Биологиядан кл.тыс жұмыстарға бөлме өсімдіктері демонстрация материалы ретінде, тәжірбие қоюға және өсімдіктер курсының барлық практикалық сабақтарында, жалпы биология,жануартану, анатомия т.б.курстардың кейбір сұрақтарын шешуде қолданылады. Сабақ мезгілінде ұзақ бақылау қажет ететін жұмыстар кл.тыс жұмыстарда орындалады. Бөлме өсімдіктері кл.тыс жұмыс тарды ұйымдастыруда мектеп бағдарламасымен шектелуге болмайды. Бөлме өсімдіктері мен жұмыстың мазмұны мұғалім мен оқушы бірлесе отырып құрады. Бөлме өсімдіктері мен жұмыс көптеген оқушылардың қызығушылығын туғызады. Мұғалім жеке оқушылар дың ерекшеліктерін ескере отырып, биологиялық білімдерін тереңдетеді.Бөлме өсімдіктер імен жұмыста оқушылар оларды отырғызу,күтуді меңгеріп, еңбек біліктіліктерін арттыра- ды. Бұл оқушылардың болашақ өмірлерінде,күнделікті тұрмыс жағдайында да қажет. Бөлме өсімдіктері адам өміріндегі тірі табиғаттың кішкене ғана бөлігі. Егер, оқушылардың бөлме өсімдіктерін өсіруге қызығушылығы пайда болса, міндетті түрде өсімдіктердің шығуы туралы,тіршілік ортасы, өсімдік өсіру үшін бөлме қандай болу керек т.б.сұрақтар ды білуге құштарлықтары болады. Мұғалім міндеті-оқушылардың құштарлықтарын қолданып бұл сұрақтарға қандай оқулықтардан жауап алуға болатындығын айту керек.