Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар



бет32/88
Дата05.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#16718
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
6 апта
6 Дәріс
Тақырып: Биологиядан жүргізілетін үйірмелерді жоспарлау және ұйымдастыру.
1. Жаратылыстану курсын оқытудағы биологиялық үйірмелердің маңызы.
2. Биологиядан жүргізілетін үйірменің жылдық жоспарын жоспарлау және құру.
Дәріс мақсаты: Биологиядан жүргізілетін үйірмелерді жоспарлау және ұйымдастыруды
студенттерге меңгерту.
Ұғымдар:үйірме, юннат мүшелері, жас натуралистер.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Жаратылыстану курсын оқытуда үйірмелердің маңызы зор. Мектептегі жас натуралистер үйірмелері әр түрлі бағытта ұйымдастырылады.Бір мектептерде үйірмеге бұрын кл.тыс жұмысқа жеке немесе топпен қатысып жүрген оқушылар қатысса, екінші мектеп бұрын қатыспаған оқушыларды құрайды. Үйірме жұмысы жақсы ұйымдасқан табиғатқа немесе малшаруашылығы бар ауылдарға топсеруеннен тұруы мүмкін, оны мұғалім жас үйірмені ұйымдастыру барысында оқушылардың қызығушылығына қарайды. Оқушылардың үйірмеге қызығушылығы көбіне қандайда бір жаппай кл.тыс мереке өткеннен кейін пайда болады. Жас натуралистер үйірмесі-мектеп оқушыларының еркімен қатысатын ұйымы. Бірақта оған кірер алдында белгілі бір тәртіпті(устав) сақтау керек.Ондай тәртіп алдын ала жасалып,бірінші күннен бастап жас юннаттар қолданады.Бұндай юннаттардың құжаттарының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін.Мысал ретінде жануартану үйірмесінің уставын келтірейік: 1. Жас жануартану үйірмесінің мүшесі жануар өміріне қызығатын және үйірме уставын мойындайтын әр бір оқушы бола алады. Үйірме жетекшісіне оқушы өз атынан өтініш білдіреді. 2. Әр бір үйірме мүшесі міндетті: а)тірі табиғат бұрышындағы қандайда бір болмасын жануарды күту,оған тәжірибе қою және бақылау немесе жануарды табиғатта бақылау; б)бақылау күнделігін жүргізу керек; в)екі аптада аз дегенде бір рет өткізілетін үйірме сабағына қатысу керек; г)жас юннаттар газетін шығаруға активті мүше ретінде қатысу; д)тиянақты және өз қалауымен тірі табиғат бұрышымен дос болу; е)үйірме жұмысына басқа оқушыларды тарту. 3. Шынайы достық,жақсы жазылған бақылау,баяндама, газет және басқа да пайдалы юннат жұмыстары дәптерге енгізіледі. Жылына бірнеше рет жұмыс қорытындысы жасалады. 4. Уставты орындамаған оқушылар жалпы үйірме жиналысында аталып,шығарылады. Үйірмені жаңа мүшелермен толықтыру негізінде оқу жылының басында жүргізіледі. Сонымен қатар басқа уақытта да оқушылар үйірме құрамына кіре алады. Болашақ юннат үйірменің уставымен танысу керек.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет