Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар


апта №7 практикалық жұмыс



бет5/6
Дата19.02.2017
өлшемі0,95 Mb.
#10905
1   2   3   4   5   6

7 апта

7 практикалық жұмыс



Тақырып: Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы бөлме өсімдіктерінің маңызы.

Мақсаты: Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы бөлме өсімдіктерінің маңызын түсіндіру.

Тапсырмалары: 1. Бөлме өсімдіктерін сабақта морфо-анатомиялық бағытта қолдану.

2. Бөлме өсімдіктерін сабақта физиологиялық бағытта қолдану.

Өсімдіктану курсын оқытуда бөлме өсімдіктерін кеңінен қолданылады. Өздерінің көп түрлігіне байланысты морфологиялық тақырыпта және өсімдіктер систематикасында демо нстрациялық материал болады, өсімдіктердің өсуі мен дамуына орта жағдайының әсерін түсіндіруде т.б.қолданылады. Өсімдіктану курсының бірінші сабағының өзінде «Гүді өсім- діктермен жалпы танысу»тақырыбындағы мұғалімнің өсімдіктер дүниесінің алуан түрлігі туралы иллюстрациялық әңгімесіне бөлме өсімдіктері жақсы материал болады. Бөлме өсімдіктерін демонстрациялай әңгімелесу барысында мұғалім гүлді өсімдік олардың мүшесі туралы түсініктерді оқушыға қалыптастырады. Гүлдеп тұрған бөлме өс-гі оқушылардың білімін тексеруде қолданылады.

Методикалық нұсқау: Дәріс материалын және оқулықтарды пайдалана отырып жазу.

Сұрақтар: 1. Бөлме өсімдіктерін сабақта морфо-анатомиялық бағытта қалай қолданылады.

2. Бөлме өсімдіктерін сабақта физиологиялық бағытта қалай қолданылады.



Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г.стр.3-8, 12-44.



8 апта

8 практикалық жұмыс



Тақырып: Бөлме өсімдіктерінің көбеюі.

Мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің көбеюі туралы түсінік бере отырып, олардың оқу процесіндегі орнын анықтау.

Тапсырмалары: 1.Бөлме өсімдіктерінің тұқыммен көбеюі.

2. Бөлме өсімдіктерінің вегетативті көбеюі.

Тірі ағзалардың көбеюін оқуда бөлме өсімдіктері әртүрлі вегетативті көбею жолдарын демонстрациялауда негізгі обьекті болып табылады. Ұрықта- нудың процесінің биологиялық маңызын түсіну үшін оқушылар биология кабинетінде жасанды жолмен бөлме өсімдіктерінде жемістің түзілуі тәрізді тәжірибелерді қарауға болады. Мутациялық тұқымқуалайтын өзгергіштікті бір түрге жататын бөлме өсімдіктері- нің жапырақ тақтасының әртүрлі түстерінен демонстрациялайды. «­Өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалар селекциясы»тақырыбы бойынша мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын түсіну үшін де бөлме өсімдіктерін пайдалануға болады. Мектеп жағдайында бөлме өсімдік терінің гибридизациясын гүлдері ірі фукс, амариллис сияқты өсімдіктерді алған ыңғайлы. Мүмкіндігінше ата-ана жұптары бір-бірінен белгілері бойынша ажыратылған дұрыс.Гибри дизацияға 2-3жақсы дамыған бутонды алу керек. Ұрықтандыруға аналық және аталық ұрықтар толық пісіп жетілгенде алу керек Тәжірибені жасай отырып, жоғары класс оқушы- лары гибридизация селекциялық жұмыста басты фактор екендігін түсінеді. Сабақтан басқа жоғарғы класс оқушыларын бүгінгі күні кең тараған молекулярлық генетика бағытында кл.тыс жұмыс ретінде үйірме ұйымдастыруға болады. Молекулярлық генетика- ағзадағы тұқымқуалайтын белгілердің ұрпаққа сақталып берілу механизімі туралы ғылым. Молеку- лярлық биология мен генетика бөлімін 10 класта оқиды, бірақ бағдарламаға барлық мате- риалдар жинақталмаған. Жоғарғы кластарда ұйымдастырылған үйірменің негізгі міндетіне жатады: Оқушыларды соңғы ғылым жетістігі-молекулярлық генетикамен таныстару; оқушылардың эксперименталды зерттеуге қызығушылығын арттыру; үйірме мүшелерін ғылыми әдебиеттермен білімді жұмыс істеуге үйрету.Үйірмені теориялық тұрғыда да өткізуге болады.Үйірменің теориялық сабақтарының негізгі формасы-дәріс және әңгімеле- су. Юннаттардың қорытынды есептері реферат және баяндама түрінде болады.Үздік рефе-раттар төменгі класс үйірмесіне қолдануға болады. Үйірме сабақтарын мына бағытта алуға болады: 1. Кіріспе сабағы. Бұнда молекулярлық генетика туралы айтылып, жылдық үйірме жоспары құрылады. 2. Генетика ғылымының дамуы. 3. Генетикалық анализ әдістері. Мендель тәжірибелері жасалады. 4. Гендердің өзара әсері. 5. Жоғары сатылы ағзалардың мутациясы. 6.Цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. 7. Жыныс генетикасы. 8. Медициналық генетика. 9.Популяция генетикасы. 10. Топсеруен және ғалымдармен кездесу. 11. Қортын- ды сабақ. Міне осы бағытта жұмыстар жүргізіп, оқушылардың генетикаға деген білімдерін одан әрі кеңейтуге болады. Оқушылардың қызығушылығына қарай бұл жұмыстарды 11 класта одан әрі жалғастыруға болады.

Методикалық нұсқау: өсімдіктердің көбеюі кестесін пайдалану.

Сұрақтар: 1.Тұқымен көбейетін қандай бөлме өсімдіктерін білесің.

2. Вегетативті көбею дегеніміз не және оның маңызы неде.

3. Бөлме өсімдіктерін мектепте кластан тыс жұмыстарға қалай пайдаланасың.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г. 86-88бет.



9 апта

9 практикалық жұмыс



Тақырып: Экологиялық соқпақ.

Мақсаты: Экологиялық соқпақ туралы түсінік беру.

Тапсырмалары: 1. Экологиялық соқпақ туралы түсінік.

2. Экологиялық соқпақта кластан тыс шараларды өткізу.

Оқу процесінде экологиялық соқпақты ұйымдастыру басты роль атқарады. Ұйымдастыру процесінде соқпақ негізгі тәрбиеге байланысты экологиялық маңызды орын алады. Экологиялық соқпақтың міндеті жастарды тарту болып табылады. Экологиялық соқпақты ұйымдастыруға оқушылар, ғалымдар, журналистер т.б.лидерлер болады. Экологиялық соқпақ жаз және күз айларында ұйымдастырылады. Эко.соқпақ бойынша мектеп оқушыларына және басқа қала мектеп оқушыларына топсеруен ұйымдастырылады. Мектеп оқушылары өз қолдарымен эко.соқпақ құра алады. Экологиялық соқпақ туралы хабар адамның назарын аударады. Негізгі экологиялық соқпақ құжаты болу керек. Ол құжат оны ұйымдастыру үшін заңды құжат болып табылады. Бұл құжатты жер қоры мекемесі береді.

Методикалық нұсқау: Экологиялық соқпақ картасын құру.(бет66)

Сұрақтар: 1. Экологиялық соқпақ дегеніміз не.

2. Экологиялық соқпақ қалай ұйымдастырылады.

3. Экологиялық соқпақты кластан тыс жұмыста қалай пайдаланамыз.

4. Экологиялық соқпақтың оқу-тәрбие процесіндегі маңызы неде.



Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.66.

3. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г



10 апта

10 практикалық жұмыс



Тақырып: Фенологиялық бақылау.

Мақсаты: Фенологиялық бақылау жүргізу әдістемесін студенттерге меңгерту.

Тапсырмалары: 1.Фенологиялық бақылау және оны ұйымдастыру.

2. Оқушылар жұмысының көрмесін өткізу.

Фенологиялық бақылауды да дәл жоспарлау керек,яғни нені бақылаймын, бақылау нәтижесі не болады. Бірінші тақырыпты және бақылау обьектісін анықтау керек. Мыс:бақылау тақырыбы мынадай болуы мүмкін «Мәдени өсімдіктердің гүлдеу ұзақтығы» тюльпан,нарцис,пион.(5-6кл). «Қоныс аударатын құстар тіршілігі» қарлығаш. «Қыстап қалатын құстар тіршілігі» 7кл.т.б.Жоғарғы класс оқушыларына мынадай тақырыпта тәжіри бе беруге болады «Микроэлементтердің егістікке әсері және картоп түйнегінің сапасы». Құстарға бақылау жасау үшін олардың ұшып келетін немесе ұшып кететін уақытын белгі- леу керек; шағылысуын;көктемгі сайрауы;ұялау уақыты; жұмыртқа салуы;балапандау уақыты т.б. Құстарға бақылау жасауда оқушылар өздерінің жеке сұрақтарында шеше алады, мыс: құстардың сайрау уақытының ұзақтығын анықтау. Кейбір құстардың сайрауы марттың басынан,июннің аяғына дейін, енді бірі апрельдің соңынан майдың аяғына дейін. Бұған қосымша оқушыларға құстардың тәуліктік сайрау уақытын бақылауды тапсыруға болады.Бақылау нәтижесінде оқушылар кейбір құстар түн ортасында, енді екіншісі түннің екінші жартысында, үшіншілері таңда.Жиналған материал өзіндік бір «құстар күнтізбесін» және «құстар сағатын» құруға мүмкіндік береді. (семинарда құстарды жазу керек.) Мектеп практикасында белгілі бір тақырыпта жалпы фенологиялық бақылау негізгі орын алады.

Методикалық нұсқау: Фенологиялық бақалау кестесін құру.

Сұрақтар: 1. Фенологиялық бақылаудың маңазы неде.

2. Фенологиялық бақылау қорытындысын кім жасайды.



Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г(стр.21-22).

2. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.66.

3. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г



11 апта

11 практикалық жұмыс



Тақырып: Биологиялық әдебиеттер.

Мақсаты: Биологиялық әдебиеттерді қолдану әдістемесін меңгеру.

Тапсырмалары: 1. Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы биологиялық әдебиеттер.(ауызша)

2. Дәріс материалдарын пайдалана отырып белгілі бір тақырыпта реферат жазу әдістемесін меңгеру. Методикалық нұсқау: Биологиялық әдебиеттер тізімін жасау.

Биология пәнінің мұғалімі кл. тыс оқуды сондай етіп ұйымдастыру керек, оқушы тек әдеби кітапты ғана емес, биологиядан ғылыми-танымал әдебиеттерді де оқитындай етіп. Ғылыми-танымал әдебиеттерді оқу оқушылардың табиғат туралы білімінің кеңеюіне, ғылымның дамуына, ұлы жаратылыстану оқымыстыларының өмірін білуге мүмкіндік береді. Білімдерінің кеңеюінен оқушылар табиғат өмірінің құпиясын ашады. Сондақтан мектеп табалдырығынан бастап оқушылырды өздігінен ғылыми-танымал әдебиеттерді оқуды үйрету керек. Бұл біліктілік әсіресе оқушы мектептен кейін ЖОО-да оқуын жалғастырғанда қажет болады. Биологиядан кейбір ғылыми-танымал кітаптарды насихаттау түрлеріне тоқталайық. Бастапқы жас натуралистер үйірмесінің бір сабағында биологиялық бағыттағы кітаптарды талқылау керек, Бірінші талқыланатын кітаптың мазмұны оқушыларды қызықтыратындай және басқаларды да тартатындай, қызықтыратындай болу керек. Мыс: «Қызықты биология», «Қызықты зоология» т.б. Кітапты талқылауды өткізу әдістемесі оқушылардың жасына және кітаптың мазмұнына байланысты. Кітапты оқушылардың көбі оқығанын қадағалау керек.

Сұрақтар: 1.Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстарда биологиялық әдебиеттерді қалай

қолданамыз.

2. Биологиялық әдебиеттерді қалай таңдаймыз.

3. Ғылыми-танымал әдебиеттердің ерекшелігі неде.



Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение».

2. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М, 1974г. стр.104.

3. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» стр.118.

12 апта

12 практикалық жұмыс



Тақырып: Биология апталығы.

Мақсаты: Биология апталығын ұйымдастыру әдістемесін студенттерге меңгерту.

Тапсырмалары: 1. Биология апталығын жоспарлау және ұйымдастыру.(ауызша)

2. Биология апталығының жоспарын құру және өткізу.

Мектепте өткізілетін биологияляқ апталықтытарға биологдан өткізілетін олимпиада жатады. Биологиядан мектептік олимпиаданың негізгі мақсаты-ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың ғылыми әрекетке деген қызығушылығын дамыту болса, міндеті-спецкурстардың жұмысын, үйірмеоқушылардың ғылыми бірлестігі, басқа да оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын жүргізу, ұйымдастыру. Бұнда негізгі көңіл бөлінеді, талантты және қабілетті оқушыларға болашақта интелектуалдылығын дамыту үшін қалыпты жағдай туғызу. Олимпиада ғылым, білім министірлігінің бұйрығымен бекітілген ұлттық мемлекеттік статусқа ие. Олимпиаданың түп тамыры 30 жылдары , жас натуралистер үйірмесінің негізгі қозғалысы нәтижесінде пайда болған. Сондықтан алғашқы кезде олимпиада натуралистердің үйірме жұмысының қорытындысы ретінде өткізілді. Ол кездегі олимпиада қазіргі кездегі оглимпиадан алыс еді. Биологиялық олимпиаданың «жаңа ғасыры» 1951 жылы басталды.Бүгінге дейін сол бағытта өткізіліп келеді. 1тур жазбаша (теориялық) және 2 тур ауызша (практикалық). 1995 жылдан бастап олимпиада бес бағытта өткізілді. Бірінші-мектептік; екінші-аудандық, қалалық; үшінші-олыстық, өлкелік; төртінші-республикалық; бесінші-халықаралық.

Методикалық нұсқау: Биология апталығы кестесінің жоспарын құру.

Сұрақтар: 1. Биология апталағы қандай кезде өткізіледі.

2. Биология апталығын кім ұйымдастырады.

3. Апталыққа қорытындыны кім жасайды.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение».

2. К.Н.Задорожный «Предметная неделя биологии в школе» Ростов-на-Дону «Феникс»

3. «Биология в школе» журналы, №3, 1991ж.

13 апта

13 практикалық жұмыс



Тақырып: Тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың құрлымы.

Мақсаты: Тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың құрлымымен танысу.

Тапсырмалары: 1. Аквариум және оның құрлымы.

2. Инсектарий, террариум, вольерлер туралы түсінік.

Аквариум-ағзалардың жеке дамуын, өзара және қоршаған ортамен байланысын, жалпы тірі ағзаны жан-жақты зерттейтін жұмыс орны. Аквариумның биологиялық жиынтығы: түзуші, тұтынушы, ыдыратушы ағзалардан тұратын экологиялық жүйені құрайды. Аквариум-оқушылардың табиғаттағы зат айналымымен, қоректік тізбектегі жеке ағзалардың маңызымен танысуына мүмкіндік береді. Кез-келген сарамандық жұмыстарда су тазалығын сақтау, балық өсіру, табиғи су ресурстарын пайдалану үшін, тұщы су өсімдіктері мен жануарларының су ортасындағы тіршілік жағдайларымен таныс болу керек. Аквариум – бұл жолдағы алғашқы қадам. Аквариум - экожүйенің қарапайым моделі. Аквариум латынның «aguarium-суқойма» деген сөзінен шыққан. Ол-суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге, бақылауға, тамашалауға арналып дайындалған, көлемі әр-түрлі болып келетін шыны ыдыс.

Мектептегі аквариум демонстрациялық, сәндік және зертханалық болады. Демонстрациялық аквариумды сабақ өтетін биология кабинетіне орналастырады және сабаққа қажет өсімдіктер мен жануарлар өсіріледі. Сәндік аквариум мектептегі тынығуға арналған бөлмеге қойылады және эстетикалық талғамға сай жабдықталады. Зертханалық аквариум күнделікті сабақта және сыныптан тыс зерттелетін өсімдіктер мен балықтарды бақылау үшін қажет. Сондықтан зертханалық аквариум зертханалық бөлмеге,тірі табиғат бұрышына немесе биология кабинетіне орналастырылады.



Методикалық нұсқау:аквариум құрлысының суретін салу және жануарлар тізімін жасау.

Сұрақтар: 1. Аквариум дегеніміз не.

2. Аквариумның қандай түрлері бар.

3. Аквариуммен кластан тыс жұмысты қалай ұйымдастыруға болады.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение».

2. «Биология в школе» журналы, №3 1988ж. №5 1973ж.бет 76.

3.Қайымов Қ. Суасты әлемінің айнасы. – Алматы: Қайнар, 1989.

4.Махлин.М.Д. Аквариум в школе. – М.: Просвещение, 1984.



14 апта

14 практикалық жұмыс



Тақырып:Туристік-өлкелік экспедиция экологиялық тәрбие формасы ретінде.

Мақсаты: Туристік-өлкелік экспедиция экологиялық тәрбие формасы ретінегі орнын түсіндіру.

Тапсырмалары: 1.Экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің қазіргі таңғы проблемасы.

2. Экспедицияны өткізу жағдайы.



Методикалық нұсқау: экспедиция схемасын құру.

Сұрақтар:1. Экспедицияның экологиялық білім берудегі маңызы неде.

2. Кластан тыс жұмыстағы экспедицияның орнын сипатта.



Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.66.

3. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г



15 апта

15 практикалық жұмыс



Тақырып: Фитокомпозиция.

Мақсаты: Фитокомпозиция туралы түсінік беру және гүлдерден композиция жасау әдістемесін меңгеру.

Тапсырмалары: 1. Көлемді стиль

2. Икебана

3. Аралас стиль

Көлемді стиль-өзінің атана байланысты көлемді болады.Бұл стилде форма құрайтын негізгі қаңқа болады да оны толықтыратын көмекші құрал болады. Икебана – «гүлдерге жан бітіру» деген мағына білдіреді.Ол негізінен үш бағытта болады. Икебана стилі рикка, нагейра, морибана болып бөлінеді. Аралас стиль - өзіндік ерекшелігі жоқ. Көлемді стилді және әр түрлі сызықты стилді де араластыра отырып жасалады. Көлемді және сызықты стильді араластыра отырып пейзаж түріндегі композиция түзуге болады.Жасыл жапырақты аранжировкада қолданылатын өсімдіктер: аспарагус, қырыққұлақ, қоға, ебелек, райграс, магония, таушымылдық, көкбұта, қаңбақ, жапонгүл және оларды түрлі бояумен безендіруге болады.



Методикалық нұсқау: Фитокомпозиция жасау.

Сұрақтар:1. Көлемді стиль дегеніміз не.

2. Икебана дегеніміз не.

3. Аралас стиль дегеніміз не.

Әдебиет: «Биология және салауаттылық негізі» журнал №6,2005ж.

1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.66.

3. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г

4. «Биология және салауаттылық негізі» журнал №6,2005ж.


7 СОӨЖ оқытудың әдістемелік нұсқаулары

1 апта

ОЖСӨЖ 2сағ. мазмұны: Биологиядан кластан тыс жұмыстың жылдық жоспарын құру.

Мақсаты: Студенттерге биологиядан кластан тыс жұмыстың жылдық жоспарын құруды меңгерту.

Өткізу формасы: жазбаша түрде

Тапсырма,сұрақтар: 1. Кластан тыс жұмыстардың жеке түрі дегеніміз не?

2. Кластан тыс жұмыстардың жалпы түрі дегеніміз не?

3. Кластан тыс жұмыстардың топтық түрі дегенііміз не?

Әдістемелік нұсқаулар: кл.тыс жұмысқа таблица құру.

СӨЖ 2сағ.мазмұны: Әр бір студент өзі таңдаған кластан тыс жұмыс формасы

бойынша жоспар құру.



Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г.

4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г.

2 апта

ОЖСӨЖ 2сағ.мазмұны: Биологиядан жеке жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың жоспарын құру.

Мақсаты: Кластан тыс жұмыстың жеке формасын өткізу жолдарын студенттерге меңгерту.

Өткізу формасы: жазбаша және ауызша түрде.

Тапсырма,сұрақтар: 1.Кластан тыс жұмыстың жеке формасының міндеттері қандай ?

2. Жеке форманың айырмашылығы неде?

3. Кластан тыс жұмыстың жеке түрінің жоспарын құр.

Әдістемелік нұсқаулар: әдебиеттерді пайдалана отырып жеке формаға кесте құр.

СӨЖ 2сағ.мазмұны:Әр бір студент өзі таңдаған жеке кластан тыс жұмыс формасы бойынша жоспар құру.

Әдебиеттер: 1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г.

4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г.

3 апта

ОЖСӨЖ 2сағ.мазмұны: Биологиядан топпен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың жоспарын құру.

Мақсаты: Кластан тыс жұмыстың топтық формасын өткізу жолдарын студенттерге меңгерту.

Өткізу формасы: жазбаша және ауызша түрде

Тапсырма,сұрақтар: 1.Кластан тыс жұмыстың топтық формасының міндеттері қандай ?

2. Топтық форманың айырмашылығы неде?

3. Кластан тыс жұмыстың топтық түрінің жоспарын құр.

Әдістемелік нұсқаулар: оқулықтағы кестені пайдалана отырып, кесте құру.

СӨЖ 2сағ.мазмұны: Әр бір студент өзі таңдаған топтық кластан тыс жұмыс формасы бойынша жоспар құру.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г.

4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г.

4 апта

ОЖСӨЖ 2сағ. мазмұны: Биологиядан жалпы жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың жоспарын құру.

Мақсаты: Биология кластан тыс жұмыстың топтық формасын өткізу жолдарын студенттерге меңгерту.

Өткізу формасы: жазбаша және ауызша түрде

Тапсырма,сұрақтар: 1.Кластан тыс жұмыстың жалпы формасының міндеттері қандай ?

2. Жалпы форманың айырмашылығы неде?

3. Кластан тыс жұмыстың жалпы түрінің жоспарын құр.

Әдістемелік нұсқаулар: оқулықтағы кестені пайдалана отырып, кесте құру.

СӨЖ 2сағ.мазмұны: Әр бір студент өзі таңдаған жалпы кластан тыс жұмыс формасы бойынша жоспар құру.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.17, таблица-5.

4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г.

5 апта

ОЖСӨЖ 2сағ.мазмұны: «Орман біздің байлығымыз» атты тақырыпта мектеп ішілік шараның жоспарын құру.

Мақсаты: Студенттерге биологиядан кластан тыс шаралардың өткізілуін үйрету.

Өткізу формасы: жазбаша тапсыру.

Әдістемелік нұсқаулар: әбебиеттердегі үлгі жоспарды негізге ала отырып құру.

СӨЖ 2сағ.мазмұны: Орман күніне арналған өлеңдер жинағын жинап келу.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.17, таблица-5.

4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» стр.15-45.

6 апта

ОЖСӨЖ 2сағ.мазмұны: Өсімдіктану курсы бойынша жас натуралистер үйірмесінің жоспарын құру.

Мақсаты: Мектепте өсімдіктану курсында жүргізілетін үйірмелерді студенттерге меңгерту.
Өткізу формасы: жазбаша және пікір-алмасу.

Тапсырма,сұрақтар: 1.Өсімдіктану курсы бойынша жүргізілетін үйірмелердің маңызы.

2. Үйірмеге жоспар құру кезінде не ескеріледі ?

3. Үйірмеге кімдер қатыса алады?

Әдістемелік нұсқаулар: үйірме отырысының жоспарын жаз.

СӨЖ 2сағ.мазмұны: Бөлме өсімдігімен жүргізілетін секцияның жұмыс жоспарының таблицасын толтыру.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.стр.14-17.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г.стр.9

7 апта

ОЖСӨЖ 2сағ.мазмұны: Бөлме өсімдіктерін күту әдістемесі.(бет77-85)

Мақсаты: Бөлме өсімдіктерін күту әдістемесін студенттерге меңгерту.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет