«мектепте қҰҚЫҚТЫҚ білім беру» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,41 Mb.
#10300
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 дәрежелі СМЖ құжаты

ПОӘҚ

042-20.10.1.38/03-2014



«Мектепте құқықтық білім беру» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені

Баспа № 1

11.09.2014ж.




«МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В011500» –құқық және экономика негіздері мамандығына арналған


Семей

2014
Кіріспе


  1. ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырған Сабалакова А.У. _______«____» _________ 2014 ж.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы.


  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Кафедра меңгерушісі ___________Толепбергенова А.Е.


2.2. Экономика,құқық және гуманитарлық пәндер факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Төраға ______________ Тойкин С.Х.



  1. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
ОӘК төрағасы, оқу – әдістемелік

жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К


БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН



Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курс жұмысы (жобасы)

5 Білімалушылардың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
Азаматтық қоғам –адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік –экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.

Азамат-ол адам өз Отаның ұлы (немесе қызы) деген ұғым білдіреді.Басқаша мағынасында бұл ұғым адамның кез келген мемлекетпен емес,тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екндігін аңғартады.

Әлеуметтік нормалар – қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп жолы

Білім беру кеңістігі – білім алушылардың өз мақсаттарына жету үшін меңгеретін қоршаған ортасы. Оқушының білім алу процесінде қабылдайтын, әсерін тигізетін, қарым-қатынас жасайтын ортасы.

Білім беру процесін технологияландыру – педагогикалық мақсатты, мазмұнды және процессуалды даму көзқарастарын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушы арасындағы реттелген әдістерден тұратын кешенді жүйе.

Білім сапасын басқару – бағдарланған нәтиже сапасын қарқынды дамытуды қамтамасыз ететін, мемлекет пен қоғам талабына жауап бере алатын, оқушының білім алудағы сұранысын қанағаттандыра алатын мақсатты, барлық ресурстармен қамтамасыз етілген басқару мен басқарылушылар жүйесі аясындағылардың бірлесе жобалаған білім беру процесі.

Гуманизм-демократиялық құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық.Ол құқықтың іргелі қағидатты ғана емес,сонымен бірге адамға бағытталған мемлекеттік аппараттың құқықтық жүйесі мен оның бүкіл қызметінің басшылыққа алатын бағдары

Декларация-құқықтық құжат, ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау

Демократиялық режим-мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін есептей отырып көпшілік шешімді қабылдау

Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар – дарынды балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар.

Жеке оқыту - әдіс-тәсілдері, оқыту қарқыны баланың жеке мүмкіндігіне, қабілетінің даму деңгейіне байланысты жүргізілетін оқыту түрі.

Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – оқушының меңгеруі үшін таңдап алынған, базистік оқу жоспары негізінде құрылатын оқу пәндерінің жиынтығы. Жеке оқу жоспарын құру кезінде бірнеше білім беру ұйымдарының пәнін (курсын) пайдалануға болады.

Жеке тұлғаны әлеуметтендіру - жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға ену процесі. Оның теориялық және тәжірибелік қызметтегі білім мен біліктілік дағдыларын қазіргі жағдайға байланысты қайта құру. Әлеуметтендіру жағдайында тұлғаның қоғамдық өмір мен қоғамдық қатынастағы тәжірибесін іс жүзінде жүзеге асыру процесі жүреді.

Заң-ерекше жағдайда ,заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін,жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.

Заңдар-мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі,әрекет жасайтын заңдардың және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі

Заңдылық –қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының жиынтығы.

Конституция- мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы, оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрлымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым –қатынасының принциптерін бекітеді

Қоғам –тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы,бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы.

Құқық нормасы-жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп жолы.

Құқық саласы-белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін , тәртіпке келтіретін заңды нормалардың жиынтығы

Мемлекет-белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы,мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады.

Мораль-адамдардың тәртібін, жақсылық ,әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптері

Нормативтік акт-құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен қабылданады,ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Тәртіп-қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сай болуы

Тұлға-нақты қоғамдық экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшелктердің жиынтығын білдіреді

Тәрбие – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).

Тәрбиелік үдеріс – ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында .педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.

Тәрбие жұмысы – ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет

Тәрбиелік орта - баланың жеке тұлғасын дамытуда педагогтың әдейі ұйымдастыруымен баламен бірлесе отырып, «ортадан орта» құру (Л.И Новикова). Тәрбиелік орта тәрбиеленушінің микробейімделуінің сапалық мінездемесі, қолайсыз жағдайларда, әлеуметте оның жәбірленуіне жол бермеуі, қоршаған әлеуметті ортадағы қолайсыз жағдайларды түзету мүмкіндігі арқылы қарастырылады.

Технологиялық карта – жеке мақсат, міндет, формаларды және оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің әдістерін, оқушының әр кезеңдегі оқу материалын меңгеру деңгейін көрсететін, алынған нәтижені мөлшерлеп отыратын оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі.

Ұйымдастыру құрылымы – белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылған әр текті әлеуметтік топтардың түрлі бағытта бірдей деңгейде ықпалдасуы.

Үйлестіруші – оқушылардың пәндік оқыту бағдарламасын әзірлейтін маман.

.

2 ДӘРІСТЕР




1-тақырып . «Құқықтық білім беру» пәніне кіріспе

Жоспары:

Мектепте құқықтық білім беру курсының мақсаты.

Мектепте құқықтық білім беру курсының міндеттері.

Мектепте құқықтық білім беру курсының мазмұны


Негізгі түсініктер: құқытық білім, білім беру тұжырымдама, білім беру саласы.
Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы арқылы дамуымызға жаңа серпіліс беретін басымдылықтарды айқындап берді. Сөйтіп, Республика өміріндегі өзгерістер білім беру саласына, соның ішіне мектеп оқушыларын жеке дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Әлемдік білім беру кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап етеді.

Болашақ мұғалімдерді жан-жақты біліммен қаруландыруда құқықтық білімнің алатын орны ерекше. Мұғалімнің бойынан құқықтық және экономикалық білімді тұлғаның моделін табу үшін осы ұстаздар тәрбиелейтін оқытушыларға да үлкен жауапкершілік артылады. Құқықтық және экономикалық білімді игеру әрбір ұстаз , әрбір оқытушы үшін маңызды.

Құқықтық білім саласының басқа мектеп пәндерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар.

Жалпы орта білімдегі “Құқықтану негіздері”,”Экономикалық білім негіздері” пәндерінің маңызы құқықтық және экономикалық ғылымдардың қазіргі қоғамдағы демократиялық институттардың орнығу қарқынына әсерімен анықталады. Құқықтық білімдер орта жалпы білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың саяси-құқықтық пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, құқықтық дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді[2;19].

Пәннің негізгі мазмұны педагогикалық ғылымдарда қалыптасқан дидактикалық және әдістемелік ұстанымдардан анықталады. Сонымен қатар басқа пәндерде құқықтық, экономикалық білім берудің негізгі мазмұнын анықтауда ескермеуге болмайтын өзгешелік бар:

- білім беру мазмұны қоғамның құқықтық даму рухына сәйкес болу ұстанымы;

- қоғамда не болып жатқанын дамудың дәл қазіргі және оның болашақтағы жағдайларды ескермеу мүмкін емес.

“Құқықтану негіздері”, ”Азаматтану” пәндерін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды қоғамның саяси-құқықтық жүйесімен таныстыру, құқықтық және экономикалық білімдермен және құқықтық патриотын тәрбиелеу.

“Құқықтану негіздері”, ” Азаматтану ” пәндерін оқытудың негізгі міндеттері:


  • Құқықтық және экономикалық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықтық және экономикалық біліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтанын және оның саяси-құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат балып өсуіне көмектесу;

  • Экономикалық теорияның ең маңызды білімдерімен қаруландыру, экономикалық мәдениет дағдыларын дарыту, экономикалық жағдайларда өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету;

  • Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  • Оқушының адам құқығы мен еркіндігін сыйлай білуге үйрету;

  • Оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдары еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру

  • Дүниежүзілік және ұлттық мәдениеттің жетістіктерін, халықтың салттарын, дәстүрлерін, моралін, жалпы адамзаттық құқықтық құндылықтарды және құқықтық жетілуге қажетті білімдерді жас ұрпақ өкілдеріне меңгерте отырып, оларды адамдармен өркениетті қатынас жасай білетін, салауатты азамат етіп тәрбиелеу.

Сыныптармен жүйелі түрде іскерлік ойындарды жүргізу арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, құқықтық және экономикалық түсініктерін қалыптастырып, оны пайдалану мен қарым-қатынас жасауға үйрету.

Оқытудың осы сатысында оқушы құқықтық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен жұмыс жасауына қажетті интеллектуалды даму, экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту, экономикалық шешімдер қабылдап, сұрақтарды талдау, қоғамда экономикалық процестер жөніндегі қатынастарға қатысу міндеті тұр.

Құқықтық білім негіздерін анықтауда жалпы адамзаттық құндылықтар, білім беруді демократияландыру және ізгілендіру бастаушы ой болып табылады.

Құқықтық білім саласы мынадай пәндермен пәнаралық байланыста болады: тіл, әдебиет, математика, география, тарих, қоғамтану, информатика,технология, т.б.

Республикада көптеген мектептерде жаңашыл мұғалімдерге сүйене отырып, құқық пен экономиканы оқыту орта және бастауыш буындарда базистік оқу жоспарларының қосымша сағаттары есебінен жүргізілуде.

Құқық мәні, мағынасы жайлы түсінік қалыптастырып, экономикадағы адамның рөлі, оның қажеттіліктері мен еңбегінің мәнін анықтау, құқық пен экономиканың негізгі мәселелерін шешу арқылы адамға тигізетін пайдасын оқып, біледі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси-құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу. Тауар мен қызмет көрсету өндірісіне қажетті қорларды, адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын түсініп, қорларға ұқыпты қарау қажеттілігін қалыптастыру мақсаты тұр. Экономикалық жүйелер ұғымымен танысып, нарықтың құрылымын танып, біліп үйренеді. Макро және микроэкономика ұғымдарының мағынасын ашып, кәсіпкерлік ұғымына анықтама береді. Ақша, бюджет, қаржы жүйесімен және олардың рөлімен танысады. Оқушылар қоғамдағы жалпы және ұлттық табыстың түрлерімен танысып, табыс көздерін ажырата білуге үйренеді[2;19]. Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі өмірдегі мәнін түсіне білуге баулу. Аталмыш ойды қорытындылай келе, Құқықтық білім беруде білім, тәрбие және ойларды қалыптастыру бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл жүйемен оқыту алдыңғы курстардағы білім мен біліктілікті тереңдетуге, басты құқықтық және экономикалық заңдылықтарды жаңа сапалық деңгейде қайталауға, оқушылардың жас деңгейіне байланысты құқықтық және экономикалық тапсырмаларды күрделенудіре беруге негізделген.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Құқықтық білім беруді маңыздылығы

2. Мектепте құқықтық білім берудің негізгі өзекті мәселелері


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 26 желтоқсан, 2003ж.

2.Құнапина Қ. “Құқық пәнін оқытуда қойылатын талаптар” // Қазақстан тарихы, №8, 2005. -12 б.

3. Ғазизова Н.С. “Оқушыларды құқықтық тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық негіздері” // Вестник СГПИ, №1(4), 2006.- 54 б.




2- тақырып. Құқықтық білім берудің қажеттілігі.

Жоспары:

Құқықтық мемлекет және құқықтық білім.

Құқықтық білім берудің мақсаттары.

Құқықтық білім берудің міндеттері.


Негізгі түсініктер: жалпыға құқықтық білім беру, құқықтық мемлекет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана.
Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны және оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген.

Заң және оның алдында азаматтардың теңдігі ең маңызды міндет етіп қойылатын құқықтық мемлекет жағдайында құқықтық мәдениет пен сауаттылықтың ролі артады. Республикада өтіп жатқан құқықтық реформалардан басқа құқықтық мемлекетті құрудың ерекше белгілерінің бірі болып тұрғындардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының жоғары деңгейі табылатын толыққанды азаматтық қоғамды қалыптастыруды қажет етеді.

Жалпыға құқықтық білім беру әрбір азаматқа кәсіби және қоғамдық міндеттерін орындау үшін өз құқықтарын қорғай алуды үйрету үшін қажетті білім алуға бағытталған. Оның мақсаты – азаматтарға құқықтық тәрбие беру, құқықтық білімді насихаттау.

Тәуелсіз, егеменді, демократиялық елімізде құқықтық мемлекет құрудың негізі мектеп табалдырығынан басталады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі азаматтық қоғамды құру үшін қоғам азаматтарының парасаттылық, әділеттілік қасиеттерімен қатар, санасы мен мәдениетін дамыту негізінде құқықтық тәрбие беру бірден бір өзекті мәселе болып табылады. Оқушы жастардың құқықтық тәртібін дамыту үшін олардың құқықтық сауатын ашқан дұрыс.

Бүкіл әлемнің белгілі бір заңдылықтарымен өмір сүретінін қазіргі заман ғылымы жан-жақты дәлелдеп отырғаны мәлім. Соның ішінде бұл заңдылықтар жастарға құқықтық тәрбие беруде адамзаттың жан дүниесі мен рухани ішкі өмірін де қамтиды.

Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет құру мақсатында азаматтық қоғамды жоғары дәрежеде дамыту, жастардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру құқықтық тәрбиенің әдіс-тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ал тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті мектеп табалдырығынан бастау алатын құқықтық тәрбие үдерісінің өтілу сапасына байланысты дамиды [2].

ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық құжатында «Қазақстан құқығы» инновациялық курсын енгізуді қарастыратын білім мен тәрбие берудің модернизациясын енгізу қажеттілігі атап көрсетілген.

Мемлекет басшысы «оқу орындарында «Қазақстан құқығы» сияқты пәннің болмауы құқықтық нигилизмге және жастардың сауатсыздығына», оның ішінде тұрғындардың барлығының сауатсыздығына әкеп соқтырады деп атап көрсетті. Қазақстандағы білім беру жүйесі ескірген әдістемелерге негізделген, оны тездетіп жаңарту қажет, дейді Нұрсұлтан Назарбаев. «Мысалы, өте көкейкесті болып табылатын «Қазақстан құқығы» (оның болмауы жастардың құқықтық нигилизмі мен сауатсыздығына соқтырады), «Өлкетану» (туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәндер қайда?», дейді елбасы. Оның ойынша, олардың болмауы салдарынан жастардың едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына, басқа да келеңсіздіктерге ұрындырады. Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналады. Мұның бәрінің басты себебі – әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел азамат болуға шамасы жетпеушілік. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды.», - деп атап өтті президент.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбие саласының бірі - құқықтық тәрбие. Әрбір азамат өз мемлекетінің заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауды өз міндеті деп есептеуі тиіс. Ол сан қырлы күрделі процесс. Жастық шақта адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана-сезімі өседі, психикасы шыңдалып нығая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды.

Жастарға құқықтық тәрбие беру - ол жастардың қоғамдық, саяси және мәдени жағынан өсіп-жетілуін, олардың санасында жоғары адамгершілік қағидаларының орнығуын, әлеуметтік белсенділігінің артуын және рухани жағынан бай, жан-жақты қалыптасуын көздейді. Құқықтық тәрбие жалпыға бірдей заңдылықты белгілі мақсатпен және принциппен жүргізуді көздейді. Оның заңдылықтары мен мәнін ұғыну үшін тек теорияға көңіл бөліп қана қоймай, оның саяси, еңбек, адамгершілік тәрбиемен бірлесе жүргізілуі қажеттіліктерін ескеру керек.

Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Бұл міндеттер оң шешімін табу үшін жеке адамның дамуы қалай өтетінін және қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білу қажет.

Құқықтық білімнің жастардың санасын қалыптастырудағы орны ерекше. Сондықтан да олар құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Жастарға қатысты құқықтық бағдарлама, түрлі кездесулер, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, семинар- тренингтер, жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, көрсетуге болады.

Балалардың бос уақытын ұтымды да пайдалы өткізуі үшін оларға жағдай жасалғаны жөн. Олар өздері қызығатын спорт секцияларына, әртүрлі курстарға қатысып, сауықтыру орындарында демала алады. Сонымен қатар кітапханаларда өз білімдерін жетілдіре отырып, ақпарат алудағы жаңа технологияның жетістіктерін пайдалана алады. Құқықтық білім, тәрбие беруде мектептің, отбасы мен қоғамдық ұйымдардың әсері мол. Ата-аналармен байланыс неғұрлым тиімді болуы үшін оның әртүрлі жолдарын қолдану қажет. Ол үшін мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жасауы тиіс.

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Жастар қоғамның белсенді, ұтқыр бөлігі, жаңашылдықтың, ерекше және шығармашылық шешімдердің қайнар көзі. Сонымен қатар жастар реформаларды жалғастырушы, Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының кепілі ретінде қатысады. Халық арасында, әсіресе жастар арасында құқық пен құқықтық нормаларды қолдану ерекшеліктерін түсіндіру қоғам өмірінің барлық жақтарын реформалау жағдайындағы қажеттілік болып табылады.

Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие, Қазақстан-2050 стратегиясы – Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы кезеңінде «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауаптар алынды.

Бүгінгі егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ, еліміздің мәртебесін асқақтатып, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамыту жастардың қолында. Жас буынға құқықтық тәрбие беру мәселесі – қазіргі қоғамның ең негізгі маңызды міндеттерінің бірі. Олай болса, әңгіме аяғын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен бітіргім келіп отыр: «Біздің еліміз құқықтық мемлекетті орнықтырып дамытуды мақсат етіп отырған мемлекет. Сондықтан, жастардың құқықтық тәртібін, құқықтық сауатын, Ата Заңымызға деген құрметін арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеу керек».
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Оқушыларға құқықтық білім берудің тиімді жолдары.

  2. Құқықтық мәдениет дегеніміз не? Құқықтық мемлекеттің дамуының негізгі жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. 1.1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2012.

  2. 2.Д.Ж.Нукатаева. Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған авторефераты. Алматы, 2010.

  3. 3. 2012 жылдың 9 шілдесіндегі ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік

модернизациясы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық құжаты



3- тақырып. Мектепте құқықтық білім берудің тиімді формалары.

Жоспары:

Ролдік ойындар. Диспуттар. Пікір-талас. Миға шабуыл.

Презентация. Интервью т.б.
Негізгі түсініктер: ойын түрлері, тиімді әдістемелер, білімді жетілдіру жолдары.
Мектепте құқықтық білім беруде қолданылатын әдістемелік нұсқаулар ұсынылады. Олар қарапайым және жиі пайдаланған сайын оңай және қызықты түрде іске асырыла түседі. Ойын сабақтарында мұғалімнің ролі бір шама төмендей түседі, бірақ соның өзінде оқушылардың белсенділіктерін арттыра түседі. Сабақ барысында сынып ішінде оқушылар бір бірін көріп отыру үшін сыныптағы парталарды шеңбер ретінде қою керек.

Эвристикалық әңгіме (дәріс).

Әңгіме мен дәріс оқу сабақтарында негізінен ақпараттық сипатта болғандықтан, адам құқығы сабағын оқытуда ақпарат беру осы формасыз мүмкін емес.

Дәрісті әрине классикалық (дәстүрлі) түрде өткізуге болады. Бірақ дәрісті классикалық тұрғыда ғана емес, эвристикалық (проблемалық) әңгіме түрінде өткізетін болса, оның сапасы жоғары болады.

Эвристикалық әңгіме барысында оқушы алған ақпаратты тек қабылдайғана қоймай, сонымен қоса өзіне белгісіз білімді (ақпаратты) ала отырып, өзіне белгілі бір қорытындылар жасайды. Эвристикалық әңгіменің негізгі орнында проблемалық ситуацияларды құру және олардың шешімін табу болады. Арнайы әдістер арқылы (проблемалық немесе ақпараттық сұрақтар қою арқылы, болжамдау арқылы) оқытушы оқушыларды бірлесіп ойлануға, жалпы бір шешімге келуге итермелейді.

Рольдік ойын

Құқықтық ойындар – құқықтық пәндер зерттейтін құбылыстарды анықтап, талдауға бағытталған ойындар.

Құқықтық ойынды 2 – ге бөлуге болады:



  • тікелей ойын;

  • дисскусия (талқылау).

Адам құқығы пәні бойынша ойындардың ерекшелігі – олар негізінен тек ақпаратты қабылдау ғана емес, сонымен қоса оның мәнін, мазмұнын түсіну, сезіну. Алған құқықтық білімдерін түсіну үшін, оқушылар адам құқығын өз бойларында сезіну керек. Себебі, егер оқушылар алған білімдері ішкі сенімдері, ойларына сәйкес келмесе, алған білімдері нәтежиесіз болуы мұмкін.
Ойын түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет