«мектепте қҰҚЫҚТЫҚ білім беру» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет2/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,41 Mb.
#10300
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1. «Имитациялық ойындар». Имитациялық ойын терминінің қолданылуы көрсетіліп отырған әдістің қазіргі сипаттамасының белгіленуімен байланысты. Бір жағынан, имитация өте кең алмастырылатын эксперимент өткізу барысында зерттеуге қажетті объектіні алмастырушы, макеттер және түрлі модельдерді жасау және оларды қолдану болса, екінші жағынан, қатысушылар белгілі бір рольдерді иеленіп, өздерінің рольдерінің мақсатына жету үшін, бір – бірімен қарым – қатынасқа түсетін бір неше ойын әдістері бар. Соңдықтанда, имитациялық ойын осы 2 бағытты да байланыстырады. Ол осы өмірден алынған, дәл жағдайларға негізделеді және қысқартылған шыңдықтын динамикалық моделін көрсетеді. Осылайша, құқықтық ойындардың негізінде имитациялық ойын жатыр, бірақта оның жүзеге асырылуы ойынға қатысушылардың арқасында ғана болады. Қатысушылар өздеріне әкімшілік қызметкерлерінің немесе саяси қызметтегі адамдардың ролін иемденіп, ойынның бағытына тәуелді түрлі жағдайларды ойнайды. Іскерлік және имитациялық ойындар байсалды ойындар болып келеді, олар көңіл көтеру мен демалу үшін емес.

2. «Үстелде ойнайтын ойындар». Үстелде ойналатын құқықтық ойындар басқа да кез келген осындай ойындардың принциптерімен жасалады: түрлі карта ойындары, домино, кубиктермен ойналатын ойындар және т.б. Бұл жағдайда, карталар, домино және ойын алаңы ерекшелігі бойынша белгілі бір құқық саласымен байланысты болады.

3. «Саяхат». Бұл құқық ойындарының типі дисскусияға жақын, осындай ойын кезінде оқушылар уақыт аралығында, кеңістікте белгілі бір мәселе бойынша ақпарат алу мақсатында саяхаттап жүргендей болады. Оқушылар, берілген сұрақтар талдау жасау, белгілі бір мәселеге ұсыныс жасау, алынған ақпаратқа баяндама жасау сияқты тапсырмаларды орындайтын эксперт ретінде қатыса алады. Ойынды ұйымдастыру кезеңдері дидактикалық қызметі ойын іс - әрекеттерін талдаудан жүзеге асырылады және 2 деңгейде өтеді: осы процесстің анализі ретінде және басқа жағдайларда осы тәжірбиені қолдануды талдау. Құқықтық ойынның 2 жақты талдауы және оқу - танымдық нәтежиесі бар: заттық иелену және әлеуметтік – психологиялық.

Ойында құқықтық жағдай жасау.

  1. Ойынның барысы «жағдайды басынан өткеру».

  2. Құқықтық ойынның нәтежиесі, қатысушылардың іс - әрекеттерінің бағалануы.

  3. Ойын барысына және ойын нәтежиесіне, ойын мен қатысушылардың іс - әрекеттерін талдау; ойын жағдайына анализ, оның қазіргі өмірге сай келуі, ойынның оқу – танымдық қорытындысы.

«Жағдайды басынан өткеру» ойын барысында келесі талдауға байланысьы анықталуы тиіс. Балаларды рольдік жағдайдан алып шығу қажет. Енді ғана, алғашқы рет ойын методикасын «қолдана бастаған педагогтар үшін ойнап кету» сияқты қауіп төнеді. Бұл бірінші көрінгендей сондай қатерсіз емес. Рольдік жағдайларды басынан өткізетін балалар, ойын мен өз өмірін ауыстырып алуы мүмкін, бұндай ойын бірнеше жылға созылуы мүмкін, балалар қолданған рольдер олардың өміріндегі имидждерінің бір бөлшегі болып кетуі де мүмкін және де ол жаман жағынан көрінбеуіне ешкім уәде бермейді. Осындай қателерден аулақ болу үшін, ойын мен өмір арасында белгілі бір шек қою керек. Оқушы ойын кезеңінің бітуінен кейін рольдік ойын және талдау әр түрлі заттар екенін сезінуі қажет. Ойын барысында оқушы кейіпкер атынан сөйлеп, қимылдайды, бұнда оның мұндай ойлау мен іс - әрекетінің дұрыс бұрыстығын пайымдауы қажет емес. Талдау кезіңде ол өзінің ойын айтуы керек. Талдауды ойын туралы сұрақтардан бастау қажет: «Сен не сезіңдің?», «Ол нені сезінуі керек еді?», «Сен бұлай боларын бұрын түсініп пе едің?» және т.б. «Жаңа ғана ойын болды, ал қазір біз нағыз өмірдеміз, ол жақсы болуы мүмкін, жаман да болуы мүмкін бірақ мұндай емес» - деп балаларға тура айтуға болады.

Құқықтық ойынының жүруі кезінде эксперт қажет – ол ойын жағдайына тәуелсіз ойын барысын бақылайтын және адам да қызықты ойын жағдайлары мен олардың шешімін шығара алатын адам. Эксперттің ойын барысына қатыспайтын балалардың ішінен кіші көмекшілері болуы мүмкін. Эксперт талдау жүргізеді.

Талдау барысы

І кезең:


- ойын жағдайын қалпына келтіру;

- ортақ ойын қорытындылары (бірақ жеңіске жетушіні анықтау емес);

- ойын жағдайында пайда болған қызықты шешімдерді талқылау.

ІІ кезең:



  • ойынның құқықтық құрылымы, құқықтың сипаттағы ойынға қатысушылар кездескен мәселені анықтау.

Мінсіз нұсқа - бұл ойыншылардың өз бетімен құқықтық мәселелер бойынша жағдайларды анықтап, белгілеуі.

Ал егерде балалар құқықтың бұзылуын байқамаса, көрмесе не істеу қажет?

Жүргізуші балаларға белгілі бір сұрақтар қою арқылы жағдайды табуға көмектесуі керек. Егер олар анықтай аламаса, жүргізуші жағдайды өзі айтады. әңгімені талқылау объектісі ретінде ойын туралы және оның өмірдегі жағдайларға байланысы туралы жүреді, бұл жағдайлармен ойыншылардың өз өмірлерінде де кездесуі әбден мүмкін. Туындаған жағдайдан шығу нұсқаулары, бұзылған құқықтарды шешу мәселелері ең алдымен қатысушылардың ойын барысында тапқан шешімдерін талқыланса, кейін осы туындаған жағдайдан шығудың басқа да нұсқаулары қарастырылады.

ІІІ кезең:

«Конструктив»

Кез келген құқықтық ойын құқықтық білімнің бастауы болуы керек. Мысалы: «сендер әлі бұл мәселемен таныс емессіңдер, онда бұл келесі сабағымыздың тақырыбы болады».

Талқылау барысында ойынды алдын – ала дайындалмаған, бірақ ойын барысында туындаған құқық бұзушылыққа байланысты жағдайларды белгілеп, талдау қажет.

Рольдік ойын – бұл оқушылармен ойналатын кішкентай пьеса. Оның мақсаты: оқушыларға таныс оқиғаларды, жағдайларды тірілту. Рольдік ойындар түрлі жағдайларға деген түсінікті жоғарлату және сондай жағдайларға түскен адамдарға деген қатынастарының ортақтасуы. Мысалы: рольдік ойын кезінде тонау сияқты жағдайда, оқушы жәбірленушінің ролін ойнай отырып, қылмыстың құрабаны болудың қандай екендігін түсінеді.

Рольдік ойындарды қолдану дәлдікті талап етеді. Мұғалім әрбір оқушының жеке сезімдерін сыйлауы қажет және сыныптың әлеуметтік құрылысына көңіл аударуы қажет. Мысалы: егер онда этникалық азшылықтарға жататындар болса, рольдік ойын мұндай жағдайда оқушылардың өздерін бәрімен бірдей сезінуі үшін оларға дұрыс жеңіл, оқушыларға ауыр тимейтіндей тақырыптарға және қатынаста болу керек.

Әрбір ойынды өткізу, ережеге сай 3 кезеңнен тұрады: дайындық, ойын барысы, анализ.

Оқушылармен бірге рольдік ойында көрсетілетін мәселе мен жағдайды анықтап алыңыз. Мысалы, мәселе ретінде – мүліктік құқықты алайық, жағдай – біреуді өз пәтеріне деген құқығын белгілі бір этникалық топқа жатуына немесе сәйкес келетін заңның болмауына байланысты айырды дейік. Енді қанша адам қатысушы, қаншасы бақылаушы болатынын анықтап, рольдік ойынды бір уақытта кіші топтарда өткәізу керек пе, әлде бүкіл сыныппен бе. Мұнда әсіресе белсенді емес оқушыларды қатыстыру керек.

Ойын формасын таңданыз. Мысалы, ол былай көрсетілуі мүмкін:



  • әңгіме ретінде, мұнда біреу жағдайды сипаттаса, басқалары өз кейіпкерлері атынан әрі қарай не болғанын айтып отырады;

  • инсценировка тәрізді: қатысушылар істің немесе ойын барысында диалог құрады;

  • сот күйінде, мұнда оқушылар соттағы куәгерлер ретінде анықтама береді.

Оқушыларға белгілі бір жағдайды және өз рольдерін ойластыру үшін бірнеше минут уақыт беріңіз. Егер де жиһаздардың орнын ауыстырып, өзгерту керек болса алдын ала дайындаңыз.

* Оқушылар бір жағдадйды ойнап жатыр. Мұнда мұғалімнің ролі қандай?

Ойынның жүруіне, формасына өте мұқият болыңыз, өйткені бұл қорытындылау және талдау үшін қажет. Оқушылардың белсенділігін арттыруға тырысыңыз. Ойын барысында, ең қызықты кезде, ойынды тоқтатып, қатысушылар мен бақылаушылардан не болып жатқанын сұрауға болады. Мысалы: күштеу жөніндегі рольдік ойын кезінде, бұл жағдайды шешудің дұрыс жолын айта аласыздар ма, онда көрсетңіздер – деп сұраңыз. Ойыннан шығу туралы сигналды алдын ала ойластырып қою қажет (мысалы, қол шапалақтау).

* Ойын тек қана жаттығу болуы тиіс емес, ол және де танымдық тәжірбие де бола алады, сондықтан сабақ аяғында осы сабақтын танымдық құндылығын және мақсатын меңгеруге бірнеше минут уақыт мөлшерін беруіңіз жөн. Мысалы, рольдік ойында сотта куәгерлер жөнінде іс қаралса, оқушыларға сот шешімін шығартуға, содан кейін шыққан шешімді талқылауға болады. Бұл оқушылардың танымдық құндылықтарды бойларына сіңіруіне маңызды.

Рольдік ойынды ұйымдастыру өзіндік мақсатқа байланысты болмау тиіс. Осындай әдісті қолданатын мұғалімдер оқушылармен ойынға берілгендігі соншалық, ойынды қоңырау кезінде аяқтап, ешқандай талдау да анализ де шығармайды. Бұл кезде уақыттын жетпеуі – қате болып табылады.

Ойын келесі талдаулар үшін жүргізіледі. Адам құқықтарын меңгеруде ойын процессінің өзі емес, оны талқылау ең құнды болып табылады. Балалар оны түсінбеуі де мүмкін, түсінбейді де мұғалім мұны сабақты ұйымдастыруда толық түсінуі қажет. Талқылау үшін міндетті түрде уақыт болуы керек. Ал қарсылықты жағдайда, оқыту эффектісі жүзеге аспай, оқушылардың пәнге деген көзқарастары өзгеріп, олар бұл сабақта тек ойнаймыз деп түсіндеі. Ал егер мұғалім сабақты талқылауға үлгермесе, талқылауды келесі сабаққа қалдыруына тұра келеді.

Егер рольдік ойын дұрыс жүзеге аспаса, оны оқушылардан не себепті сәтсіздік болғанын сұрауыңыз керек. Егер ойын жақсы өтсе, оны бүкіл мектепке, белгілі бір тақырыпты түсіндіру ретінде көрсетуге болады.

Өте маңызды! Рольдік ойындар нағыз өмірді бейнелейтіндіктен, толық жауабы жоқ, жауап беруге қиын сұрақтар берілуі мүмкін. Оқушыларда, әрбір сұраққа тек 1 ғана жауап бар деген көзқарас қалыптасуы керек. Мұғалім де, оқушылар да белгілі бір жағдайға әр түрлі көзқараста жауап беруі өте маңызды. Мұғалім өз көзқарасын ғана оқушыларға дұрыс деп, сондай көзқарасқа итермелемеуі тиіс.


Топтарға бөліну

Сыныптың топтарға бөлінуі бір – бірімен тығыз қарым – қатынас құруға және сабаққа белсенді қатысуына үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдісті тез арада әр түрлі ойларды білдіру немесе белгілі бір абстрактылы идея жөнінде өз тәжірбиесі бойынша ойларын білідіру қажет болса қолдануы өте тиімді болып келеді. Мысалы, егер сіздер өмір сұру құқығы туралы ой қөзғайтын болсаңыздар, ең алдымен бес минут уақыт беріп, адамды белгілі бір жағдайда өмірінен қию дұрыс немесе жоқ па - деген мәселені топта ойластырып, содан кейін ғана бүкіл сыныппен талқылауға болады.



  • Сыныпты топтарға бөліңіз. Сыныпты топқа бөлген кезде, алдын ала ойластырыңыз – оқушыларды қандай принципке негізделіп отырып бөлесіз – мүмкіндіктері бойынша ме, қыздар мен ұлдарды жеке бөлесізбе т.б. кейбір жағдайларда топтарды еркінше бөлуге болады, мысалы, туған күндері немесе айлары, алфавит бойынша. Егер тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт қажет болатын болса, ұзаққа созылатын болса, міндетті түрде хаттама жүргізетін хатшы және төрайымы болу керек. Осы міндеттерді атқаратын адамдарды топтың өзі шешу керек. Топта жұмыс істеген кезде, әр топтың қатысушылары бір – бірін көріп, жақын отыру керек. Оқушыларға тапсырманы түсіндіріп беріңіз. Тапсырманы орындауға қанша уақыт берілгені туралы міндетті түрде ескертуіңіз қажет.

  • Жұмысқа кірісу үшін, кейбір жағдайларда топтарды ыңталандыру керек. Қайрат беру сөздерін аямаңыз. Топтар жұмыстарын жүргізу барысында шет жаққа кетіп қалыңыз, бірақ қажет болған кезде көмек көрсетуге дайын болыңыз. Себепсіз оқушылардың жұмыстарына кедергі жасамаңыз, тек егер тапсырманы дұрыс түсінбей, басқа бағытта жұмыс істесе ғана араласуға болады. Топтарға еркін түрде талқылауларына кедергі жасамаңыз, араласуға болады тек оқушылардың өздері көмек сүрайтын болса. Әр топтарға бірдей көңіл бөліңіз. Егер топтар атқарған жұмыстарының нәтежиесі бойынша сынып алдында есеп ( қабылдаған шешім туралы баяндама, дискуссияның қортындысы немесе топ қалай жұмыс істегені туралы әңгіме болуы мүмкін) беретін болса, алдын ала ескерту қажет, себебі олар есеп беретін адамды таңдап, дайындау керек.

Оқушылардан сұраңыз – сабақ пайдалы болды ма, өздері үшін жаңалық ашты ма. Жағымсыз жауап беретін болса, анықтап алыңыз - өздері бұл сабақты қалай өткізушеді. Оқушылардың идеяларын пайдаланып қалаңыз.
«Миға шабуыл »

«Миға шабуыл» - оқушылардың интеллектуалды белсенділктерінің мадақтау және тез арада ұжымдық ойдын тууына әкелетін әдістерінің бірі болып келеді. Бұл әдісті қолдануға болады:



  • мәселенінің шешімін табу үшін (мысалы, оқушылар арасында жанжал болған жағдайда, сыныпта «миға шабуыл» жүргізу арқылы жанжалды бейбітшілдік жолмен шешудің бір неше амалын іздестіру);

  • жаңа тақырыпты бастаған кезде (жаңа тақырып бойынша «миға шабуыл» жүргізу барысында оқушылардың жаңа тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттады және сол тақырып бойынша жалпы түсініктерін анықтауға мүмкіндік береді);

  • тез арада атқарылатын шығармашылық жаттығу ретінде (аяқталмаған әңгіменің аяқталуының бір неше нұсқауларын іздестіру үшін «миға шабуыл» әдісін жүргізуге болады).

Ең алдымен «миға шабылу» әдісін қай мәселеге байланысты жүргізесіз, соны шешіп алыңыз. Оны сұрақ ретінде тұжырымдап алыңыз, оған бір неше жауап беру мүмкіндіктері болу керек.

Сұрақ барлығына көріну үшін тақтаға жазып қойыныз. Оқушыларды шеңберге отырғызуға және өз ойларын айтып салуға мәжбүрлемеңіз, мұндай әрекет керісінше оқушылардың белсеңділіктерін төмендете түседі.

«Миға шабуылдың» аяғына дейін оқушылар бір – бірінің ойларына түсіндірме берудің және айтылған ойларды қайталанбауы туралы ескертіп қойыңыз.

* Оқушылар өз ойларын айтуын сұраңыз. Олардың ойларын барлығы көрінетіндей, жазып қойыңыз. Олар жеке сөздер немесе фразалар болуы мүмкін. Сныптың белсенділігін мадақтап отырыңыз. Идеяларын тек жазып отырыңыз, бағалауға асықпаңыз. Сыныптың белсенділігін арттыру қажеттіліг болғанда ғана өз ойынызды білдіріп отырыңыз. Егер түсініксіз ұсыныстар болатын болса, автордың түсініктемесін сұраңыз немесе өзіңіздің түсініктеменізді беріңіз және тексеріңіз, басқа оқушылар келісе ме, жоқ па анықтап аланыз. Жаңа ұсыныстарды жазып отырыңыз. Жиі кезде елден ерекше немесе керемет ойлар пайдалы және қызықты болып келеді. Идеялар сиреген кезде, «миға шабуылды» тоқтатыңыз.

Сонында сіз оқушылардың барлық ұсыныстарын қарастырып, тұжырымдарын тыңдайсыз.
Сыныптағы жалпы дисскусия

Дискуссия – ол бір жағынан оқушылар адам құқығына байланысты мәселелерге қатынасын анықтауға және екінші жақтан сол мәселелерді жеке өз беттерімен қарастырып, талдауға және қорытынды жасауға мүмкіндік туғызатын әдіс болып келеді. Дискуссия кезекпен сөйлеуге, басқаларды тыңдауға және басқалардың құқықтарын, көзқарастарын құрметтеуге тәрбиелейді. Дискуссия ашық түрде өту үшін сыныпта бір – бірін сыйлауға және сенімділіктерін білдіруге мүмкіндік туғызатын қолайлы жағдай құру керек. Ол үшін оқушылар өздері «Дискуссияны өткізу ережелерін» құрастырғандары жөн болады. Оны оқу жылының басында немесе кез келген уақытта құрастыруға болады. Дискуссия әдістеме ретінде:



  • Оқушылар сыныпта өздерін еркін ұстайтын, өз ойларын ашық түрде білдіретін және дискуссия арқылы білім алатын орынға айналуы туралы ойларын анықтап алыңыз. Тыңдау және сөз этикетінің ережелерін сақтау арқылы ғана жалпы бір - бірін түсінуге жетуге болатындығын оқушыларға жеткізу.

  • Оқушылар бүкіл сынып сақтайтын дискуссияны жүргізу принциптерін құрастыруын сұраңыз. Қараңыз мүмкін біріктіретін ұсыныстар болатын шығар. Мүмкін төменде көрсетілген принциптер ұсыныстар құрамына кірген жоқ шығар, онда оларды сіз ұсыныңыз:

- сөйлеп тұрған адамды бөлмеңіз, өйткені бір уақытта екі адам бірдей сөйлей алмайды.

- сөз алған жағдайда қол көтеру керек.

- біреумен келіспеген жағдайда, адамның өзін емес, ойын сыңға алу керек.

- басқа біреу сөйлеп тұрған кезде орынсыз күлудін қажеті жоқ.

- барлығын дискуссияға қатысуына шақыру.


  • оқушылардың өздері тұжырымдаған ережелерді сақтауға шақырыңыз. Сол кезде оқушылар өздеріне және басқаларға қатысты болған жағдайда өздері құрған ережелерді сақтауға тырысады. Ережелерді бұзған жағдайда қандай нәтежие болатындығын да ақылдасып, шешіп алу керек. Ережелерді үлкен параққа жазып, сыныпта іліп қойыңыздар, оны жылдың аяғына дейін сақтап қою керек, қажет болған кезде оған өзгерістер немесе толықтыруларды еңгізуге болады.

Дискуссияны өткізудің және ұйымдастырудын бір неше жолдары бар:

«Карусель» – оқушылар шеңбер тәрізі бойынша ойларын білідреді, әр қайсысы үш минут сөйлегу құқылы; басқалары мұғалім сұраған кезде ғана сөйлеуге рұқсат беріледі; оқушылар екі шеңбер құрады – ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер. Ішкі шеңбердің қатысушылары дискуссияның тақырыбы бойынша ойларын білдіреді, ал сыртқы шеңбердегі оқушылар – бақылаушы ретінде болып, дискуссияны өткізу ережелерін сақталуын қадағалап отырады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

  2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.

  3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б

Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.

А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.



Тақырып 4. Мектепте құқықтық білім беру сатылары

Құқықтық білім беруде оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызы.

Орта және жоғары сыныптарда құқықтық білім берудің ерекшеліктері.

Жоспары:

Құқықтық білім беруде оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызы.

Орта және жоғары сыныптарда құқықтық білім берудің ерекшеліктері.

Негізгі түсініктер: құқықтық білім ерекшелігі, жас ерекшеліктер
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі — құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату үдерісімен байланысының маңызы ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

Оқушыларға мемлекет, құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар.

Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе – бүгінгі таңда елімізді қайта құру кезеңінде Парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімін қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу.

Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру.

Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата Заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген. Олай болса адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға атсалысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті — жасөспірімдерді адамзаттық белсенділігіне қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.

Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру қажет. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: 1-4 сыныпта (бастауыш мектеп); 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі мектепте оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - деп атап көрсетілген [6].

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар:


  1. Мораль мен құқық мәселелеріне арналған лекциялар мен әңгімелер өткізу;

  2. Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;

  3. Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;

  4. Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру;

  5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершіілк және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;

  6. Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау;

  7. 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау;

  8. Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару;

  9. «Жас заңгер» клубын ұйымдастыру;

  10. Ай сайын «құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін» жүргізу.

Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.


Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.
Кинолекториялар - әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат - жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.
Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.

Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.


Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Ынталандыру және тежелуәдістері тобы: ынталандыру әдістепрі, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері).

Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

  2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.

  3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б

Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.

А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.





5- тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: жалпы ұғымы.
Жоспары:

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: жалпы ұғымы.

Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары.

Негізгі түсініктер: құқықтық сана, құқықтық мәдениет
Оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру ісі кешенді шараларды шешуді талап ететіндігін біз жоғарыда байқадық. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің мақсаты — еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлау, оны орындау, жастарды азамат ретінде Отаншылдыққа баулу, еліміздің материалдық және рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу, айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізгілікке бағыттау.

Адамның саяси және адамгершілік көзқарасы мен ішкі нанымы құқықтық мәдениетінің «іргетасы» саналады. Төмендегі аталған жағдайлардың іргетасының қалай қаланғанына байланысты болады:



  • құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу;

  • заңға қатыстық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну);

  • құқықтық норманы орындауға дайын тұру;

  • заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуд белсенділік көрсету.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән беру керек:

  • жастар демократия негіздерін оқып-үйренулері тиіс;

  • олар өз құқықтары мен міндеттерімен танысып қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек;

  • қайырымдылық және зұлымдық, әдемілік және талғамсыздық, т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп отырулары қажет;

  • құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті;

  • заң туралы аса қызыға білгені дұрыс. Өйткені құрғақ ақпарат оқушылардың миына жетпейді, жүрегін елеңдетпейді. Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі шығармашылық нысандарды қолдану қажет.

Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн. Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы, олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер барысында олардың сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері қалыптасады. 5-8 сыныптарда бастауышта алған құқықтық білімді жетілдіреді. Қазақстан Республикасы заңдары туралы жалпы мағлұмат алады, азаматтардың негізгі құқықтары және міндеттерімен танысады, қоғамдық жерлердегі ережелерді түсініп, талқылап, сақтайды. Оқушылардың саналы әрекеті қалыптасады. Тәртіп бұзушылыққа төзбеуді үйреніп, жеке жауапкершіліктері қалыптасады. Қоғам алдындағы жауапкершіліктері артып, құқық бұзушылық салдарынан арнайы мектептерге мәжбүрлеп жіберу мүмкіндігін сезінеді.

10-сыныпта «Құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» атты арнайы курсын ұйымдастырдық. Бұл курсты жалпы және арнайы пәндерден кейін оқыту көзделеді. Оқушылар арнайы курсты оқып-үйрену барысында «Құқық» пәнінің оқыту әдістемесінен алған білімдеріне сүйенеді және бұл арнайы курс жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін дамытуда өз үлесін қосады деп ойлаймыз.


1-кесте. «Оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы» атты арнайы курсының жоспары. (20 сағат)




Тақырыптар

Сабақ түрлері

лекция

практика

зертханалық

1

Кіріспе

1







2

Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы рөлі мен маңызы

2







3

Құқықтық тәрбиенің негізі – тұлғаға құқықтық нормаларды таныту

2

1

1

4

Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері

2

1

1

5

«Құқық», «құқықтық тәрбие», «құқықтық мәдениет» ұғымдарының мәні мен маңызы

2







6

Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі жолдары

1

2

2

7

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар

1

1

1




Барлығы

10

5

5

10-11 сыныптарда мемлекет және құқық мәселелері бойынша теориялық тұрғыдағы мәселе қозғай алады. Құқықтық жағдайлар мен айғақтарды нақты өмір жағдайларымен байланыстырады. Адамдардың әрекетіне баға беріп, құқықтық дағды қалыптасады. Қоғамға қарсы әрекеттерден сақтанып, оны болдырмауға тырысады. Дүниетанымы қалыптасып, құқықтық мәдениеті өсе түседі.

Мектепте оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бір жақты ғана болмауы керек. Сондықтан оның сабақтан тыс нысандары бекітіледі. Мәселен, мектеп жарғысымен танысу, мектеп заңдарын қабылдау. Оны қабылдау барысында оқушыларға кең мүмкіндіктер беру. Аталған шараларға оқушыларды мейлінше көптеп тарту. Сондай-ақ, «Құқық», «Мемлекет және құқық», «Құқық және білім беру заңдарының негіздері» сияқты негізгі және факультативті пәндерді оқу жоспарына енгізумен қатар, шебер ұйымдастырылған тәрбие шаралары арқылы жас ұрпақты күнделікті отбасында, орта мектепте, орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарында, жоғары мектептерде тәрбиелеу абзал.

Мектептерде тәрбие жұмысының әр алуан түрлері мен әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру шараларын төмендегідей ұйымдастыруға болады:


  • жыл сайын құқықтық апталық өткізу. Оның жоспарын жүйелі түрде жасау;

  • құқықтық тақырыпта айлықтар өткізу;

  • көңілді тапқырлап клубын ұйымдастыру («Адам және заң», «Заң және біз»);

  • қиын балалармен тұрақты Кеңестің жұмыс істеуі. Кеңестің жұмысына ата-аналарды қатыстырып отыру керек. Құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;

  • құқықтық үйірмелердің жұмыс істеуі. Үйірме белсенді оқушылардың қатысуымен құрылып, тұрақты жұмыс істеуі керек;

  • құқықтық ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі. Оның арнайы бұрышы болуы керек. Қабырға газеттері, құқық тақырыбына қажетті басылымдар шоғырлануы қажет;

  • құқық тақырыбында сынып жетекшілердің семинарларын өткізу және құқықтық білім бойынша олимпиадаларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру;

  • үгіт-насихат құралдарын кеңінен пайдалану.

Ең бастысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмысының жүйелілігі. Төмендегідей сатыдан тұратын жүйенің болғаны жөн.

Диагностикалық саты — сұрақ-мәселе жағдайын зерттеу. Бұл мектеп оқушыларының әлеуметтік құрамын анықтап, «қиын» жасөспірімдердің топтарын белгілеуге көмектеседі.

Ізденушілік саты — анықталған мәселелерді шешу жолдарын табу.

Әрекет етушілік саты — мәселені шешу әдістері мен нәтижелерін талдау.

Қорыта келгенде, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегі шараларды тиімді ұйымдастыру керек:


  • тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстардың құқықтық тәрбие берерлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

  • ішімдікке, нашақорлыққа қарсы күресуде жұртшылықты, ата-аналарды, қоғамдық ұйымдарды, дәрігер-нарколог өкілдерін жұмылдыру;

  • оқушылар арасында ішімдікке, нашақорлыққа бейімі бар жасөспірімдерді анықтап, құпия түрде дербес тәрбие жұмыстарын жүргізу;

  • оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бақылау жүргізу.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

  2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.

  3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б

Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.

А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.




6-тақырып. Жалпы білім беру мекемесі оқушысының құқықтық мәртебесі

Жоспары:

Оқушының құқықтық мәртебесіның пайда болуы, өзгерілуі және тоқтатылуы.

Адам құқығы және оқушы құқығының айырмашылығы.

Оқушының құқықтары мен бостандықтары.

Оқушылардың білім алудың әлеуметтік кепілі.

Оқушылардың құқықтары мен жауапкершіліктері.



Негізгі түсініктер: адаммен азамат құқығы, құқықтық мәртебе, оқушыны құқығы

Құқықтық мәдениет қалыптастырудың құлықтық аспекті қоғамдық ортада қабылданған нормалар мен ұстанымдар болып саналады. Құқықтық мәдениеттің құлықтық аспектінің мазмұны мемлекет құрып отырған ұлт пен сол елде өмір сүріп отырған басқа да халықтардың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа өтіп, осы күнге жеткен бағалы халық әспеттеген мінез-құлық, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттің құнды үлгілері болу керек.Алайда заман өзгеріп, заң да өзгеріп отырған қазіргі заманда адамдардың мінез-құлқы да өзгеруде. Сол себепті құлықтық нормалар саясатқа әсерін тигізіп, ол өз кезегінде мәдени, әлеуметтік білім және тұрмыстық өмірде де көрініс беруде.

Сол себепті осының барлығы әлеуметтік институттар арқылы реттеледі.

Қалай десек те балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізінде мынадайқұлықтық ұстанымдар жатады:



    • адамға болған сый, құрметі, адамды жоғары құндылық санауы, адамдардың кемшіліктеріне төзімділікпен қарау, жолдастық қарым-қатынас, түсінуге, қиын сәттерде көмектесіп, қолдауға даяр тұру сияқты адамгершілік қасиеттер.

    • Адамға және адамгершілік мұраттарға сену, әркімнің өзіне тән адамгершілік құныдылығының болуы, өмірлік мақсатының адамгершілік құндылықтармен ұштастыру, адамгершілік мұрат жолында қызмет ету;

    • өзіне талап қою және алдына қойған мақсатқа ұмтылу, өз міндетін атқаруға күш салу, қоғамның талаптарына бойсыну және тәртіп сақтауға ділгірлік;

    • «қолымен істегенін, мойнымен көтеруге» дайын болуы, өз іс-қимылы мен жүріс-тұрысына жауапкерлік, қателіктерін мойындау және түзетуге ұмтылу;

    • Табиғатты адамзаттың «анасы» деп тану, жер бетіндегі барлық тірі жанға саналы түрде қамқор болу;

    • Халқымыздың «өзіңе қандай жақсылық қаласаң, басқаларға да соны тіле» деген қанатты сөзін басты ұстаным ету, әділ, адал болуға, өзіне және басқаларға талап қоюда төзімділік ережесін ұстану, адамгершілік қағидаларын сақтап, әдептілік көрсету;

    • Халқымыздың «мықты болсаң нәпсіңді тый» деген ережісін ұстаным ету, барлық іс-қимылы, сұрау- талаптары мен қажеттенулерін қанағаттандыруда өзін тежей білу.

Бұлар Қазақстан азаматтарының кодексі емес, бірақ халық тәжірибесінен осы күнгі өмір талаптарынан туындаған негізгі құлықтық нормалар. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Конституциясын ашып қарасақ, заң баптары мен және қағидаларының негізінде осылардың жатқанын көреміз.

Құқықтық мәдениет дегеніміз – мемлекеттің құлықтық жүйесіне қатысты білім, негізгі заң нормаларын білу, оларды сақтауға ұмтылу, өз Отанының парасатты азаматтарының бірі болуға ұмтылыс.

Құқықтық мәдениет қалыптастырудың басты міндеттерін төмендегідей анықтауға болады:


    • жастар заң және соған сәйкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу;

    • мемлекет тарапынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылатынын білуі;

    • заң нормаларын орындау, адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білуі;

    • күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттіліктің белгісі екенін білуі және соған ұмтылуы.

Бүгінгі жас бала- ертеңгі белгілі бір маман иесі. Осыған орай алдымен өзі және жалпы адамның құқығына байланысты мынадай ауқымды білім, біліктерге ие болу керек:

    • Қазақстан Республикасы Конституциясының өзіне және басқа да азаматтарға байланысты тұстарын құқықтық нормалармен ұштастыра білуі;

    • Алдымен Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде әр оқушы азаматтық кодекс және азаматтық құқықтың өз басына қатысты тұстарын меңгеруі;

    • Жастар туралы заң және оның оқушы, студент жастарға қатысты тұстарын мазмұндық жақтан тарата отырып түсінуі;

    • Құқықтық нормаларды және соған байланысты заңды және оның мазмұнын меңгеруі;

    • Заң талаптарын орындамаудың салдарын талдай білуі;

    • Заң талаптарын орындауды үнемі қаперде сақтауы және іс-әрекетінде оны ескеруі.

Құқықтық сананың дамуы- адамның барлық өмірін дерлік қамтитын ұзақ, күрделі және қарама-қайшылықты үрдіс.

Бірақ көптеген көзқарастар, өмірлік ұстаным, мінез-құлық мотивтері балалық шақта қалыптасады.

Жек тұлғаның қалыптасуы кезеңінде құқықты түсіну және оған қарым-қатынас қалай дамиды, кейін адамның құқықтық ортада өзін ұстауы көбіне осыған байланысты.

Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Бұл болашақ жек тұлғаның тәрбиесін жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дәстүрлерінен бастау алады.

Бұл туралы халық ауыз әдебиеті де айтады, осыған көптеген өткен ғасыр ойшылдары да көңіл бөлген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27- бабының бірінші тармағында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады», ал екінші тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап көрсетілген.

Отбасында баланың мінез-құлықының негіздері, оның қажеттіліктері, қызығушылығы қалыптасады. Сондай-ақ, Отанға, ата-анаға деген махаббат, үлкендерге құрмет, азаматтық, ұжымшылдық, жоғары жауапкершілікті сезім, еңбек етуге құштарлық, адалдық, қайырымдылық, сезімталдық, құқықтық тәрбиенің негізі болып саналатын жамандық пен күштеуге ымырасыздық сияқты рухани құндылықтар дамиды.

Жанұяның жасөспірімге тәрбиелік әсері тікелей және жанама түрдегі сипаттарда болдаы. Балаға құқықтық тәрбие берудегі жанұяның жанама түрдегі әсер етуі мыналардан көрінеді:




  • Жанұяның сандық құрамы;

  • Ата-анасының білім және мәдени деңгейі;

  • Ата-ананың бір-бірімен және жанұяның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қалыптасу деңгейі;

  • Ата-ананың жұмысбастылығы.

Құқық бұзушы көптеген жасөспірімдер баласы аз және толық емес жанұяда тәрбиеленген.

Жанұя- бұл ұжым. Жанұя ұжымық белгілерін жоғалтса, өзінің тәрбиелік рөлінің көп бөлігінен айырылады.

Үш немесе одан да көп баласы бар жанұяда баланың тәрбиеленуі мен дамуына жақсы жағдай қалыптасады.

Бұл жерде бала өзінің тілегі және жанұяның басқа балалры мен мүшелерінің талаптары, қажеттіліктерімен ара қатынасын белгілеуге үйренеді.

Үлкен жанұяның өмірі балаға адамдық қатынастардың әр түрінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Көп балалы жанұяда өскен балалар қоғамның белсенді мүшелері болып оңай қалыптасады.

Ал бала жалғыз өссе, ол үнемі зейін аударғанға үйреніп, өзімшіл болып өседі.

Жастар арасында заң бұзушы әрекеттердің деңгейі ата-аналардың білімі мен мәдениет деңгейіне тікелей байланысты.

Мәдениеті төмен жанұяларда балалар қылмысы мәдениеті жоғары жанұялармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Балалар үлкендерге, ең алдымен өз ата-аналарына еліктейді, сондықтан олардың мінез-құлық тәртібі балалардың тәртібін қалыптастыратын маңызды фактор.

Балалардың қараусыз қалуына жеткізетін негізгі сбеп ата-аналардың жұмысбастылығы.

Олар жұмыстарына толықтай берілетіндігі сонша, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлмейді, олардың қажеттілігін, қызығушылығын білмейді, үйден тыс немен айналысатынына бақылау жасай алмайды.

Бұндай ата-аналардың балалармен байланысы әлсіз болады.

Жанұяның балалардың жек тұлғасына әсер етуінің маңызды факторы туыстық байланыс, жанұя мүшелерінің бір-бірімен сезімдік байланысы болып табылады. Ең бастысы, баланың ата-анасымен, басқа да жанұя мүшелерімен қарым-қатынасы оның бойында махаббат сияқты сезімінің қалыптасуына әкеледі.

Дегенмен, жанұяның әсері балаға үнемі жағымды бола бермейді. Жанұялық қарым-қатынастары қаталдыққа, ұрыс-керіске құрылған жанұялар да аз емес.

Мейірімді жанұялық қарым-қатынасқа және мәдени, рухани өмірді қалпына келтіруге, ұрпақтар сабақтастығына, жеке тұлғаның және қоғамның үйлесімді дамуына негізделген қазақтың жанұялық тәрбие дәстүрін жандандару ең маңызды міндет болып табылады.

Орта мектеп пен жанұяның құқықтық тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады, оны екі топқа бөлуге болады. Бірінші әдістерге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы оқушыларға әсер ету әдістері жатады.

Екіншісіне тікелей әсер ету әдістері жатады.

Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады.

Ата-аналардың жалпы жиналысында құқықтық тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға құқықтық тәрбие берудің жолдары айтылады.

Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға құқықтық тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады.

Ата аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі құқықтық тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік- құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік- құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен талқылау болып табылады.

Білім беру мекемелері мен жанұяның құқықтық тәрбие берудегі бірлескен іс-әрекетінің қосымша түрі кеңестер беру, педагогикалық практикумдар, диспуттар өткізу, кинофильмдер көрсету болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп.

Жалпы жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі – мектеп пен ата-ананың кінәсі.

Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз.

Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.

Кез-келген баланың ең алғашқы тәрбиешісі- ата-ана, яғни, жасөспірімді сапалы тәрбиелеуге ықпал етуші негізгі субъект.

Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу ойдағыдай жүзеге асуы үшін тек жанұяның әсері аз болатынын ескергеніміз жөн.

Сондықтан да, баланың уақыты көбіне мектепте өткендіктен мектеп пен жанұя тәрбиені сапалы жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болулары қажет.

Мектеп пен жанұя арасындағы қатынас ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар комитеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Кәмелетке толмағандар өз ата-аналарына қарап, олардың мінез-құлқына баға бере отырып, олардың идеясын және өнегесін қабылдайды.

Балаларды тәрбиелеу – құқықтық қана емес, адамдық және заңдылық міндет те. Осымен байланысты балаларды қалай тәрбиелеу керек деген заңды сұрақ туады. Бала тәрбиелеу ісінде әр халықтың өзінде ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты әдістері бар.

Ата-ана өз баласын ең алдымен ұлттық дәстүрге, инабаттылыққа тәрбиелейтіні табиғи нәрсе.

Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға да құқылы. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды.

Сондықтан ата-аналар, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына қатысты.

Бұған заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.

Мұның мәнісі, ата-ана баласы үшін кез-келген мұқтажын жоқтауға молынан құқылы. Мұнымен ата-ана қамқоршы мен қарамағына алушыдан ерекшеленіп көрінеді.

Әке мен шешенің құқығы теңбе-тең. Сондықтан екеуі де өзінің кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілі болып табылады.

Ата- аналар өздерінің міндеттеріне былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе.

Дегенмен, өкініке қарай, өмірде басқа да кездесетіні жасырын емес. Тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді.

Тәрбиесіздік пен адамгершілікке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды.

Қоғам,басқа адамдар да мұндай қылықтардан зардап шегеді. Мұның арты құқық бұзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар.

Сондықтан өзінің борышн дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын шарасы болады.

Кейбір сирек жағдайларда ата-ана өзінің ата-аналық құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмкін.

Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не?

Енді соған келейік.

Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік, әдептілік тәрбиесімен айналыспаса, оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен жалтарғандыққа жатады.

Екіншіден, мұндай жағдайда ата-аналар өздерінің құқығын теріс пайдаланған болып табылады.

Үшіншіден, егер ата-ана ылғи да ұрып-сабаса, қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып жіберсе, қадір-қасиетін қорласа;

Төртіншіден, ата-ана өзінің адамшылыққа жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе;

Бесіншіден, үнемі маскүнемдікке, нашақорлыққа салынса, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан айырады.

Құқықтық тәрбие мақсаты- оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет- қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.

Құқықтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны- құқықы бұзушылық әрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тәрбиедегі қолайсыз жайттарды) жою;

Оқушылардың өмірі мен тәрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу;

Тәрбиеленушіні жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу;

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер- бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау.

Құқықтық тәрие, сана сезімінің қалыптасуы- жастардың өзін азамат есебінде сезінуіне көмектесу керек.

Тек қана өз басы заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін қоғамның мүшесі, мемлекет пен қоғам ісіне белсене қатысатын азамат екенін түсіну керек.

Тек сонда ғана құқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні барын байқаймыз. Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте жалғастырылса, құқықтық сананың қалыптасуында табысқа жетуге болар еді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

  2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.

  3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б

Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.

А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.





7- тақырып. Құқықтық білім берудегі педагогикалық технологиялардың маңызы

Жоспары:

Педагогикалық технологиялар мазмұны, сипаттамасы

Педагогикалық технологиялардың маңыздылығы

Педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары



Негізгі түсініктер: педагогикалық технологиялар, мұғалім ролі, құқықтық мәртебе, жауапкершілік, сана-сезім.
Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке түлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқьпу технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.

Оқытуды және педагогикалық қызметті "технологияландыру" талпыныстары XX гасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды. Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және эргономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.

Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысал, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге кажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұгалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б. Ең алдымен оның себебін мүғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру белгілі бір шарттарды қажет етеді. Олар:

— мүғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;

— оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал;

— оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;

— оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.

Оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологиясын жобалау және ендіру мүғалімдерде белгілі бір білім мен біліктердің болуымен және олардың осы білім мен біліктерге ие болуға талпыныстарымен шартталады. Көпшілік жағдайда мұғалімдер оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру қажеттігін түсініп, технологияны қолданғысы келеді, солай бола тұра оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруға жеткілікті құзырлылығының болмағанын мойындайды. Л.В.Шмелькованың зерттеуі бойынша көпшілік мүғалімдер пікірінде педагогикалық технологиялар өзінде түрлі үғымдардың тұтас кешенін қамтиды екен. Осылайша, респондеттердің 5,2% — "педагогикалық технология" ұғымында педагогикалық техниканы, 6% — озат педагогикалық тәжірибені, 11,2% — педагогикалық шеберлікті, 15,5% — педагогакалық шығармашылықты, 17,5% - ОТҚ-н қолдануды, 25% — педагогикалық инновацияны, 27,6% — оқытудың дәстүрлі емес түрлері мен әдістерін, 29,3%,— дидактикалық жүйелерді, 31.9% — педагогикалық концепцияларды түсінген. Тек сұрағандардың ширегі ғана бұл ұғымды оқу үрдісін жобалау мен кепілді нәтижеге жетумен байланыстырған. Осылайша сауалнамаға қатысқан педагогтардың үштен бірінде педагогикалық технология туралы нақты және мазмұнды түсінік болмаған. Солай бола тұра, мұғалімдердің басым көпшілігі өз іс-әрекетінде жаңа педагогикалық технологияны қолдану қажет деп көрсеткен. Демек, оқыту үрдісіне жаңа технологияларды енгізу үшін ең алдымен оқытушыларды қайта даярлап, жаңа педагогикалық технологиялар бойынша кәсіби біліктілігін көтеруге жағдай жасау қажет және де ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар тек қана қайта даярлау үрдісінде емес, сонымен бірге тікелей кәсіби-педагогикалық әрекет барысында жасалып, бұл қайта даярлау нәтижелері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Олай болмаған жағдайда оқытушылар бұрынғыша, не оқыту технологияларын ендіруді имитациялайды, не ғылыми білімнің болмауынан технология идеяларын өзінің түсініктерімен ауыстырады, не тұтас алғанда оқытуға технологияны ендіріп жатырмын деп технологияларының жеке элементтерін жүзеге асыруы (көш жағдайда солай болады да) мүмкін.

Сондықтан да мұғалімдердің кәсіптік дайындық үрдіс оқытудың жаңа технологияларын жобалап, енгізу бойынша құзырлылығын арттыру мәселесін шешу қажеттігі туындайды.

Жоғарыда атап көрсеткендей, көп жағдайда мүғалімдер де "технология", "оқыту технологиялары" ұғымдары туралы толық түсініктері болмай, олар жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне ғылыми жобалау туралы білімдерден (принциптері, енгізу кезеңдері, т.б.) бейхабар болып, көбіне тәжірибеге жаңа педагогикалық технологияны ендірдім деп технологиялардың жеке элементтерін немесе оқытудың инновациялық әдістерін колдануы мүмкін. Сондықтан да мүғалімдердің жаңа педагогикалық технологиялармен осылайша қарулану дәрежесі технологиялардың оқу орнының педагогикалық үрдісінде маңызды рөл атқарады деп есептеуге мүмкіндік бермейді.Осыдан оқытушыларды жаңа технологияларды жобалау, ендіру бойынша білім мен біліктерінің деңгейін көтеру мәселесін шешетін бірден бір жол — арнайы курстарды ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл курстың мазмұнына төмендегі мәселелер кіруі мүмкін: педагогикалық технологиялардың даму тарихы; педагогикалық технологияларды ендіру қажеттілігі мен алғышарттары; "педагогикалық технология" ұғымының мәні мен мазмұны; педагогикалық технологиялар белгілері, оларды жіктеу; педагогикалық технологияларды оқу орнында таңдау критерийлері; педагогикалық технологияларды ғылыми жобалаудың негіздері; педагогикалық технологияларды ендірудің кезеңдері мен принциптері, олардың ерекшеліктері мен сипаттамалары; педагогикалық технологияларды ендіру нәтижелерін талдау; педагогикалық технологиялар пәрменділігі критерийлері.

Күтілетін нәтижеге осы курстарда оқу орнының бүкіл педагогикалық ұжымын тұтас оқыту арқылы жетуге болады, бұл оқу орнының бүкіл жұмысында жаңа педагогикалық технологияларды сауатты және нық қолдануға мүмкіндік береді.

Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар:

— мүғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;

— қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;

—басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;

— жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;

— мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;

— іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;

— өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;

— технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.

Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді. Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мүғалім білуі керек:

— жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;

— жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

— жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

— жаңа технологияда мүғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;

— оқушылардың жұмыс әдісін;

— оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, мұғалім істей алуы керек: қандайда бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;

— күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;

— әр сабақта сауатты жоспарлауды;

— оқу моделін құрастыруды;

—оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;

— оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;

— оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;

— тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;

— компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;

Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы кажет:

- жаңа технологияда пайдаланатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды;

— түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;

— өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;

— жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйретуді;

— педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.

Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру — жаңаша оқытуға жеткізетін жол.

Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады. С.И.Годник зертгеулері көрсеткендей, жеке түлға жаңа жағдайларға бейімделуде жеке және кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа тәсілдеріне ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін. Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, мұғалімдердің бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады. Социологтардың мәліметтері бойынша педагогтердің тең жартысы инновациялық әрекетке бірден енуге дайын, ал қалған жартысы сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі мүмкін. Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті. Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалытгы игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған.

Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті "технологиялауды" мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін.

Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, мұғалімдердің кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін терендету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен мұғалім жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады:

— өз төжірибесінде жұмыстың инновациялық түрлерін қолданып жүрген тәжірибелі мұғалімдермен жұмыс. Олардың мақсаты — өз жұмысына қандай да бір технологияны кезеңмен сіңдіріп, нәтижесін ұжым талқысына шығарып, сол арқылы әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың іс-әрекетін қайталау тілектерін туғызу:

әрқайсына тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген жас мамандармен жұмыс. Туындаған сұрақтарына жауап беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек, ақыл-кеңес, беретін тәжірибелі әріптеспен бұндай жұмыс әрқашан нәтиже береді;

— өз жұмысына өзгеріс енгізуге тілек білдірмеген мұғалімдермен жұмыс. Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу.

Оқу орнының әдістемелік жұмысын жоспарлауда осындай жұмыстың мысалы ретінде «Жаңа педагогикалық технологи—кәсіби даярлықта» бөлімі пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны нық қолдануға әкелетін әдістемелік, техникалық қамтамасыз етуді, кеңес беруді, диагностикалау, рефлекцияны қамтитын ұзақ кезеңді жұмыс жүзеге асырылады.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау - жұмыс сапасының негізі болып табылады. Осы орайда: "Ең еуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші — оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам салы болуы;... үшінші мектепке керегі белгіленген программа", - деген ағартушы-ғалым А.Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқаймыз.

Оқу үрдісін технологияландыру - білім беру жүйесінің мүғалімнің ғылыми-әдістемелік пен қатгамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген , көп деңгейлі , көп кезеңді үрдісі.

Қай қоғамда болсын жалпы білімнің атқаратын тарихи мақсаты - жас ұрпақ-тың дүниетанымын, оның белгілі бір мамандықты меңгеруіне іргелі негіз бола-тын жалпы білім беру. Сәл кейінге шегінсек, қазақ топырағында XX ғасырдың басында ауыл балаларын оқытудың ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін жасаған қазақ зиялылары арнайы еңбектер жазып, хат тануға бет бұрған кезде, оқу-жазу үрдісін тездетіп меңгертуде педагогика мен психология-ның алатын орны ерекше болады.

Ал қазіргідей оқытудың жаңа технологиясы дамыған заманда жеке адамды қалыптастыру үшін ұлттық мектеп, ондағы өтілетін сабақтар қандай болу ке-рек? Ауыл мектептерінің орны, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін қалай жетілдіру керек? Міне, бүгінгі күнде шешімін табуға тиісті міндеттер осы болып отыр. Олай болса өз ойымызды ортаға салып бір тұжырымға келейік. Өйткені Елбасының өзі ауыл мектептеріне айрықша назар аударуы тектен-тек емес. Рас. ҚР "Білім туралы" заңы қабылданып, білім мазмұны тәуелсіздік тұрғысынан жаңғырды.

Дегенмен, мектептерде жүргізілетін сабақтарға қойылатын талаптар көп,бірақ оның тиімдісі де, тиімсізі де бар. Біздер, мұғалімдер осындай талаптарды орындаудан шыға алмай келеміз, мұның өзі педагогтердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне де кері әсері болмай тұрған жоқ.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

  2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.

  3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б

Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.

А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.





8-тақырып. Білім беру мекемесінің педагогикалық және өзге де қызметкерлердің құқықтық мәртебесі

Жоспары:

Білім беру мекемесінің педагогикалық және өзге де қызметкерлердің құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгерілуі, тоқтатылуы.

Педагогикалық қызметкерлердің бостандықтар және академиялық құқықтары.

Педагогикалық қызметкер әлеуметтік құқық және еңбекке құқығы.



Педагогикалық қызметкерлердің міндеттері мен жауапкершілігі

Негізгі түсініктер: құқықтар мен міндеттер, құқықтық қатынастар, әлеуметтік құқық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет