Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау Жоспары



бет1/5
Дата04.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#171033
  1   2   3   4   5
Байланысты:
347943 (копия)


Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Жоспары:
  • Тәрбие жұмыстарын жоспарлау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
  • Педагогикалық моделдеудің қағидалары – сынып жетекші іс-әрекетінің негізі.
  • Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрлымы мен мазмұны.
  • Тәрбие жұмыстарын жоспарлау процесінде педогогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі.

Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді
Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды
Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.
Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.
Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Жоспарлаудың қызметтері
Жалпы алғанда, жоспар – әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат.
нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші
қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;
кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру
жанама іс-қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтиже көрсетеді;
әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығы, оның объектісі және субъектісі кім болатынын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет