Мектептегі алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық мәселелері Педагогические технологии повышения творческого потенциала учеников на уроках начальной военной подготовки



Дата23.05.2017
өлшемі139,25 Kb.
#16708
Удк 371.3
Мектептегі алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық мәселелері
Педагогические технологии повышения творческого потенциала учеников на уроках начальной военной подготовки
Pedagogical technologies of improvement of pupil’s potential on military training lessons

1А.Н.Иманбетов, 1А.С.Сармантаев., 1А.А.Григоркевич, 2С.К.Бейсенбаев

1Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

2Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

aman_imanbetov@mail.ru

Бұл мақалада оқушылардың шығармашылық деңгейін көтермелеу алғашқы әскери дайындық сабағы арқылы педагогикалық технологияны пайдалану сұрақтары қарастырылады. "Педагогикалық технологияның" мазмұны мен мәні талданған. Авторлар оқушылардың машықтанудағы түрлі технологияларды оқыту, оқыту мазмұнына, жас және психологиялық ерекшеліктерін таңдауына негізгі назарын аударылып жатыр. Бүгінгі технологиялардың көмегімен көптеген ойланатын процесстер және білім берумен алмасу өз практикалық шешіміне келді.
B статье рассматриваются вопросы повышения творческого потенциала учащихся посредством применения педагогических технологий на уроках начальной военной подготовки. Проанализированы сущность и содержание понятий «педагогические технологии». Авторами основное внимание уделено выбору испытания на практике различных технологии обучения, учебному содержанию, возрастным и психологическим особенностиям учеников. С помощью современных технологий большинство мыслительных процессов и передача знаний нашли свое практическое решение.
This article deals with the problems of improvement of pupils' creativity by means of usage of pedagogical technologies at basic military training lessons. The essence and the content of the concepts "pedagogical technologies" are analysed. The main attention is paid by authors to choice of various technologies of training, to the educational contents, age and psychological features of pupils. The majority of thought processes and transfer of knowledge found the practical solution by means of modern technologies.

Кілтті сөздер: мектеп, педагогикалық технологиялар, алғашқы әскери дайындық, оқушылар, әдістер,сабақ, машықтану, білім беру, іс-әрекет, шығармашылық.

Мектептегі «Алғашқы әскери дайындық» сабақтарында өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу болса, ал жоғары оқу орындарында осы үрдіске мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктеліп отыр. Осы мақсатта мектептегі «Алғашқы әскери дайындық» сабағының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы идея, озат тәжірибелер мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына негізделген [1].

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында «Алғашқы әскери дайындық» сабағын оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Егер мектеп өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса, үздіксіз білім беру идеясы казіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін.

Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді көру әдістеріне, ең маңыздысы әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету.

Шетел сөздіктерінде «технология» - өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен әдістері туралы білімдердің жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты практикалық шешімдердің тіліне аударылады. Технология - бұл білім беру әдістері, сонымен қатар жеке түрінде білім беруде қатысады.

Кез-келген білім беру не технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделген, ал технология ғылымға негізделген. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады [2].

«Технология» ұғымының мәнін өндірістік процестерге байланысты «Технология (технологиялық процесс) өндірістік процестің негізгі бөлігі деп бөлінеді.

Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т.б., өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп атайтынын жазады [3].

Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөздікте енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяга негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады.

Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. «Білім беру технологиялары» термині «оқыту технологияларына» қарағанда көлемді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.

Сонымен технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық әдебиеттерде және атақты отандық педагогтардың іс-тәжірибелерінде технология негізгі үш түрге бөлінеді:

1.Техникалық.

2.Экономикалық.

3.Гуманитарлық.

Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық (адаммен) педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам мен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындалау (Г.К.Селевко). В.А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтканда педагогикалық әрекеттін жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Педагогикалық технологияның тақырыбы болып мұғалім мен оқушының әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдары, олардың құрастырылған, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы ұйымдастырылады.

Педагогикалық технологияның міндеттері: әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылары мен шығармашылығын шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру; мінез-құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру; технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуте үйрету; технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.

Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалык эксперимент жоққа шығарып, оны алдына жобаланған оқу-тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология оқушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

-мақсат білімділіктің болжамы және оқушылардың оқу бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;

-жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігі.

Тұтастық қағидасы болашақ кез-келген педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігін, өзара іс-қимылына қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді. Педагогикалық жүйенің бір элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға тура келеді. Мысалы, оқу мақсаттарын өзгерте отырып, бірақ оның мазмұнын және оқу процесін сол қалпында қалдырсақ, деформацияланған педагогикалык жүйеге тап боламыз. Тәжірибе көрсеткендей, олар өміршең болмайды. Бірақ әлемде жалпы «педагогикалық технология» деген не және оның ішінде жеке оқу «технологиясы» туралы түсініктемелер қалыптасып келеді [4].

«Педагогикалык технология» оның ішінде «оқыту технологиясы» ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді.

- оқушылардың бақылаған іс-әрекетінің жинағы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;

- оқытуды талап ететін әрекетті (алғыс және жаза) қалыптастыруды іріктеген мұғалімнің қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін «бағдарламалау».

- алғашқы белгіленген эталон мен оқытудың нәтижесін салыстыру.

Білім беру процесінің түйінді стратегиясы оның айқын құрылымын болжайды және төмендегідей әрекет реттілігін ұсынады:

Бірінші кезең оқушының бақылаған іс-әрекетінің жинағы түрінде қажет етілген үлгі негізінде оқытуды жоспарлау.

Екінші кезең бақыланатын әрекеттердің бастапқы деңгейін анықтау - диагностикалау. Оқушылардың кандай білім алғанын, одан арғы танымдық ілгерілеуін жобамен емес әрқайсысын жеке-жеке тексеру.

Үшінші кезең рецептуралық: оның құрылымында бағдарламалық оқытудың нәтижесі немесе іс-әрекеттің дамуы қарастырылады.

Төртінші кезең белгіленген жоспарды жүзеге асыру: оқытудың шарттарын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қарастырылған технологияны әрекетке енгізу.

Біз отандық және шет елдік авторлардың педагогикалық технологияларының белгілерін талдай келе:

-диагностикалық мақсаттылық және нәтижелілік оқыту процесінің мақсаты мен тиімділігіне жетуге кепілдік береді;

-экономикалылығы оқу уақытының қорын қамтамасыз етеді, мұғалім еңбегін оңтайландырады және аз уақыт ішіңде жоспарланған нәтижеге қол жеткізеді;

-түзетушілігі оперативтік кері байланыстың дұрыс, нақты мақсаттарға бағыт беру мүмкіндігі болатынын көрсетеді .

Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:

а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;

ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;

б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі қылып, кеңінен пайдалануы қажет;

в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдайларға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;

г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері акты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға ағытталуы қажет [5].

Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:

-мақсаттың диагностикалық сипаттамасы;

-педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына және оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің (қызметінің) сипатына сай этаптардың жасалуы).

-педагогикалық нәтижелердің өндірушілігі.

Қазіргі педагогикалық технологиялар келесідей негізгі сапаға ие болуы қажет:

құрылымға;

технологиялық критерилерге;

тұжырымдылық;

жүйелілікке;

басқарушылыққа;

нәтиже бойынша тиімді және шығын бойынша оңтайлы; өндірушілікке.

Жоғардағы айтылған мәселелерді қорытындылай келе, алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін оқыту технологиялар арқылы қалыптастыру ісі нәтижелі болуы үшін оқытудың жаңа технологияларын дұрыс пайдаланудың мәні зор деген тұжырым жасадық.

Қазіргі өскелең ұрпақты өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге баєытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне әсер етеді, әр ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халкымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.

Оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасындағы балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленгнен.

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.

Жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан "Білім туралы" заңының 35-бабында "Жоғары білім беру" туралы былай деген еді [6].

Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқысы бар.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрлері университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) болып табылатын жоғары оқу орындарында іске асырылады.

Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттер инновациялық университеттер болып табылады. Жоғары оқу орындарының филиалдары, лицензиялануға жататын білім беру қызметінің кіші түрлерін қоспағанда, білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) "бакалавр" академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.

Мектептегі алғашқы әскери дайындық сабағын жүргізуде мұғалімнен шығармашылықты шыңдау талап етіледі. Өйткені қазіргі заман талабына сай ыждағаттылықты талап етеді. Сонымен қатар педагогикалық шеберлікті өнемі шыңдап отыруды қажет ететіні сөзсіз. Мұның барлығы мектептегі «Алғашқы әскери дайындық» сабағында оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық мәселелерін шешуге өз септігін тигізеді деген ой білдіреміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Ильин В.В. Философия и акмеология – СПб.: Политехника, 2003. – 395 с.

2. Педагогика.-Алматы. Абай атындағы МПУ. 2003.-226 с

3. Беспалко В.П. Слагаемые педагогической технологии.М.:Педагогика.-1999. - 55с

4. Кларин М.В. Технологии обучения: идеал и реальность.-Рига, Экспермент, 2001. -С 14-13.

5.Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудін дидактикалық шарттары. Алматы Изд-во «Мектеп», 2005.-Б.56-59.

6.Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан "Білім туралы" заңының 35-бабында http://news.nur.kz/279646.htm


Литература

1.Ильин В.В. Философия и акмеология – СПб.: Политехника, 2003. – 395 с.

2. Педагогика.-Алматы. АГУ им.Абая. 2003. .-226 с

3. Беспалко В.П. Слагаемые педагогической технологии.М.:Педагогика.-1999.

4. Кларин М.В. Технологии обучения: идеал и реальность.-Рига, Экспермент, 2001. -С 13-14.

5.Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудін дидактикалық шарттары. Алматы, -2005. .-С.56-59.

6.Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан "Білім туралы" заңының 35-бабында http://news.nur.kz/279646.htm
References:

1.V.V. Ilyin Philosophy and acmeology.-SPb.: Polytechnics, 2003.-395p.

2.Pedagogics.- Almaty.SPU named after Abay.2003. .-226 р
3.V.P. Bespalko Components of pedagogical technologies. M.: Pedafogics.-1999.55р.

4.M.V. Klarin The technologies of studying: ideal and reality.- Riga, Experiment, 2001.Р13-14.

5.B. Kuanbayeva Didactic conditions of improvement on the basis of pedagogical system teaching.Almaty-2005.-56-59 p.

6.Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан "Білім туралы" заңының 35-бабында http://news.nur.kz/279646.htm


Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Н.Иманбетов

аға оқытушы А.С.Сармантаев., А.А.Григоркевич

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

аға оқытушы С.К.Бейсенбаев
Карагандинский государственный университет Е.А.Букетова

Кандидат педагогических наук, доцент А.Н.Иманбетов

Старший преподаватели А.С.Сармантаев., А.А.Григоркевич

Аркалыкский государственный педагогический институт

имени Ы. Алтынсарина

Старший преподаватель С.К.Бейсенбаев


Karaganda State University named after E.A. Buketov

Candidate of pedagogical sciences, associate professor A.N. Imanbetov.

Stnior lecturer S.A.Sarmantaev. Stnior lecturer A.A.Grigorkevich

Arkalyk state pedagogical Institute name I.Altynsarin



Stnior lecturer S.K.Beisenbayev
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет