«Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен əдістемесі» пəнінің оқу-əдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата07.02.2022
өлшемі483,98 Kb.
#83512
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Байланысты:
Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі (2)

 
Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы. 
Жеңіл атлетика сияқты тарихи бай спорттың түрін табу қиын. Жүгіру, секіру жəне 
лақтыру адам баласының еңбегіне жəне күн көрісіне қажетті болғандықтан адам баласымен 
бірге дүниеге келген. Жеңіл атлетикалық жаттығулар барлық халықтардың бірінші ойындары, 
қызықты шаралары сонан кейін жарыстарына айналды. Археологиялық қазбаларға қарағанда 
табылған суреттерден Азия жəне Африка халықтарының арасында жеңіл атлетикадан жарыс 
болды деген ұғымға келуге болады. Ежелгі Египетте жəне Таяу Шығыс елдерінде жылдам 
жүгіру өнері пайда бола бастады. 
Ежелгі Грецияда жеңіл атлетика спорты жақсы дамыды. Сол кездегі көп соғыстар күшті 
жəне епті адамдарды тəрбиелеуді талап етті. Сондықтан осы елде спорттық жарыстар жақсы 
дамыды. Жарыстар сол елдің дəстүрі бойынша жүргізілді. Олимпия деген жерде халма 
Кронасада танымал храм Зевста дене жаттығуларымен айналысуға гимназия жəне палестрлер 
салына бастады, сонымен қатар стадион мен иппадромдар салынды, жалпы ұлттық жəне 
барлық халықтық жарыстар өткізілді. Осы жарыстар олимпиадалық ойындар атағын алды.
Олимпиадалық ойындарға Грецияның барлық қалаларынан келе бастады. Осы спорттық 
мейрамның, олимпиаданың маңыздылығы сонша, болып жатқан соғыстар тоқтаған. 
Бірінші Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 776 жылы болған. Соның бағдарламасында 
бір стадионнан екінші стадионға дейін жүгіру болды. (192,27 м.) бұл ара қашықтықты дромас 
деп атады. XIV Олимпиада ойындарында екі рет жүгіру сол арақашықтықты немесе драулос 
деп атады. Ал кейін ұзын арақашықтыққа жүгіру 24 стадия доликас деп аталды.
Ежелгі Грецияда жеңіл атлетиканың барлық түрлері дамыды. Сондықтан қазіргі уақытта 
гректер біздің жеңіл атлетиканың алдында болды, əдісі жағынан. Əр түрлі дайындық жүгіру 
жаттығуларын орындады суда жəне құмда. Сөре арнаулы белгі арқылы берілді, сөреден 
қателескен спортшыларға ескерту берілді. Жүгірушілер колодканың орнына арнаулы плита 
(балбис) қолданды. Жүгірушілер əркім өз жолымен жүгірді. Жеңімпаздарды финалда қайтадан 
жүгіртіп анықтады. Ұзындыққа секіру кішкене өзгелеу болды. Олимпиадаға қатысушылар 
біздің уақыттағыдай секірді, бірақ қолдарында гантелі болды, салмағы 1,5 кг-нан 4,5 кг-ға 
дейін. Гректер найза мен дискні лақтырған салмағы 3 кг-нан бастап 5,7 кг-ға дейін. Дискнің 


орнына жалпақ (плоский) тас болды. Найзаның сабы ыңғайлы болу үшін теріден ілмек 
қондырған.
Ежелгі Грецияда дене тəрбиесі Олимпиадалық ойындарында жүлделі орындарға ие 
болып жүргендері дене тəрбиесінің жақсы дамығанын көрсетті. Дене тəрбиесі спортта 
қолданбалы əскери сипаттама алды. Спартаныстар күшті шыныққан əскерлерді тəрбиеледі. 
Спартаныстардың балалары 7 жастан тəрбиеленді, жалпы мектептерде білімге көп көңіл бөлген 
жоқ, басты мақсат дене дайындығы болды. 
Афинада тəрбие жүйесі құрылды, дене тəрбиелеу мəдениеті мен қатар ғылым жəне өнер 
жақсы дамыды. Балалар бір уақытта граматикалық, музыкалық, гимнастикалық мектептерге 
қатысты. Жалпы гимназиялық мектептерде тəрбиелеу 6 жастан басталды. Гимназияда дене 
жаттығуларына көп көңіл бөлінді. Сонымен əскери дайындық басталды. Сондықтан Афинада 
жан-жақты дененің дамуына үлкен алаң ашты. Гректер жақсы дайындалған Олимпиадалық 
ойындарға қалай жарысу керек екендігін білген жəне жақсы көрді. Гректердің спортпен 
айналысуы соның ішінде жеңіл атлетикамен архетиктуралық, скульптурлық жəне əдебиеттік 
ескерткіштерден көрініп тұрды. Соңғы ғасырларда біздің эраға дейін Олимпиадалық ойындарға 
спортшылар мен кəсіпқойлар қатысты. Ойындар қатаң жарыстарға алып келді. Олимпиадалық 
ойын сондықтан Грецияның Римнің қол астына кіруімен тоқталды. Біздің эрамызға дейінгі 393 
жылы Римнің императоры Феодосий I – ші жарлығымен Олимпиадалық ойын өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет