Қазақстанның бірінші спартакиадасы өтті. Оған 200-ден астам спортшылар қатысты.
Спартакиада халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген ынта-ықыласын айқындап берді.
Қазақстаннан Олимпиадалық ойындарға жеңіл атлетика бойынша 3000 м. қашықтыққа
кедергілі жүгіруден бірінші болып Евгений Кадяйкин қатысты. Одан кейін Рип Олимпиадасына
əйгілі қазақстан спринтері Ғұсман Қосанов үлкен жетістікке жетті. Ол өзінің командалас
тобымен күміс медальді жеңіп алды. Содан 4 жыл өткеннен кейін ол Токио Олимпиадасында
атақты желаяқтардың бірі Əмин Тұяқовпен бірге жақсы өнер көрсетті. Ғұсман Қосанов – жеңіл
атлетикадан ҚСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Европаның бірнеше дүркін жəне
Олимпиадалық ойындардың əр жылдарындағы чемпионы жəне жүлдегері, Қазақстанның еңбек
сіңірген жаттықтырушысы. Əмин Тұяқов жеңіл атлетикадан – ҚСРО-ның еңбек сіңірген спорт
шебері, Европаның бірнеше дүркін чемпионы жəне жүлдегері, Қазақстанның еңбек
сіңіргенжаттықтырушысы.
Жеңіл атлетикадан (200 метрге жүгіру) Əмин Тұяқов, Бекен Күреңкеев (1500-3000 м.)
спартакиаданың алтын медальдарын жеңіп алды.
Қазақстандықтар арасында Олимпиадалық бірінші алтын медальды Владимир Муравьев
жеңіп алды. Сол Мəскеу Олимпиадасында Татьяна Песавая үлкен жеңіске жетті. Биіктікке
секіруден Сергей Кулибаба 2 орын алды. 1988 жылы Сеулде биіктікке секіруден Григорий
Егоров қола медальға ие болды. Ольга Шишигина Сидней Олимпиадасында жеңімпаз атанды.
Ал 1953 жылы тұңғыш рет қазақстандық жеңіл атлетика спортшысы Владимир Руцкий ҚСРО
құрама командасына енді. Қазақстандық спорт шеберлері Е.Кадяйкин, Ғ.Қосанов, Ə.Тұяқов,
В.Совешков, А.Голомазова жəне Л.Микитенко Олимпиада ойындарына қатысты, бірнеше
дүркін Совет одағының чемпиондары атанды. В.Солдатенко Еворпа чемпионы атағын жеңіп
алды. Бұл 1971 ж. Хельсинкиде болды.
Достарыңызбен бөлісу: