«Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен əдістемесі» пəнінің оқу-əдістемелік кешені


Эстафеталық жүгіру техникасы мен түрлері



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата07.02.2022
өлшемі483,98 Kb.
#83512
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Байланысты:
Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі (2)

 
Эстафеталық жүгіру техникасы мен түрлері.
Эстафеталық жүгіру – бірнеше адамнан құралған команданың жүгіруі. Мұнда 
қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезікпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған 
жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см. Диаметрі 3-4 см. Эстафеталық таяқшаны алады. Оны ол өз 
кезегінің аяғында өз командасының кезекте тұрған жүгірушісіне береді, сөйтіп өз кезегін 
аяқтайды.Таяқшаны алған бала өзінің сатысын жүгіріп өтеді, мұның аяғында эстафеталық 
таяқшаны үшінші жүгірушіге береді. Əрбір команданың ең соңғы қатысушысы эстафеталық 
таяқшаны ұстап, мəре сызығынан жүгіріп өтеді, бұдан соң мəреде тұрған төрешіге келіп, оған 
эстафета таяқшасын əкеліп тапсырады. Барлық сатыларда эстафетаны беру тек эстафетаны беру 
аймағында ғана орындалуы керек. Ол үшін мұны жақсы көрінетін сызықтармен белгіліп қою 
қажет. Эстафеталық жүгірудің барлық қиындығы, жақсы жүгіретін балалар үшін де, жүгіруді 
тоқтатпай, эстафетаны беру аймағында эстафеталық таяқшаны беру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет