Мектептегі ұлттық спорт қазақша күрестің әдіс-тәсілдік дайындық негіздері



Дата21.01.2022
өлшемі265,69 Kb.
#112745
Байланысты:
Қазақша күрес

Мектептегі ұлттық спорт - қазақша күрестің әдіс-тәсілдік дайындық негіздері

Орындаған:Сүйіндік Рахат

Тексерген:Мендалиев Б.М

ҚАЗАҚША КҮРЕС ЭЕЛЕМЕНТТЕРІ

  • Спорт залда ұлттық қазақша күрес спортының эелменттерін көрсетіп, түсіндіру. Қазақша күрес – көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қо қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады. 1928 жылға дейін күрестің біріңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күшті ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Жарыс жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс, тәсілдерді түгелдей қамтыған біріңғай ереже жарияланды. Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика астанасы Алматы қаласында өткізілген колхозшылардың I республикалық спартакиадасында қазақша күрестен алғаш рет салмақ категориясы бойынша жарыс өтті.

Қазақша күрес

  • Қазақша күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады.

Күрес техникасы

  • Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланылады. Күрес техникасын анықтау үшін күресшілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек. Қазақша күрестің техникалық тәсілдері. Күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресті шартты түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:
  • Қолдардың қозғалысы: ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу т.с.с.
  • Аяқтардың қозғалысы - қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру т.с.с.

Дененің қозғалысы - еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату т.с.с.

  • Дененің қозғалысы - еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату т.с.с.
  • Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады.
  • Тепе-теңдікті сақтау өнері мынаған саяды: тіреу алаңын тез өзгертіп, «қауіпті бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдарды жасау: қарсыластың жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық еттерін қатайту немесе босату. Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды.

Спорттық әдебиеттерден күрестегі белгілі тәсілдер тобының бірі - шалқайып лақтыру құрылымының негізі көбірек жазылып жүр. Ол мынадай қозғалыстардан тұрады: қарсыласты ұстау, артқы жақтағы аяқты алдыңғы аяқтың қатарына қою, қарсыласты кілеменен көтеріп алу, қарсыласпен қоса шалқайып кілемге құлау және кеудені кілемге қаратып үлгеру.

  • Спорттық әдебиеттерден күрестегі белгілі тәсілдер тобының бірі - шалқайып лақтыру құрылымының негізі көбірек жазылып жүр. Ол мынадай қозғалыстардан тұрады: қарсыласты ұстау, артқы жақтағы аяқты алдыңғы аяқтың қатарына қою, қарсыласты кілеменен көтеріп алу, қарсыласпен қоса шалқайып кілемге құлау және кеудені кілемге қаратып үлгеру.
  • Күрес кезінде мынадай бес қолайлы динамикалық сәт кездеседі: жығатын бағытта қарсыластың орнықтылық бұрышын жеңуге болатын сәт; жығатын бағыттағы қарсыластың орнықтылық бұрышы оның жалпы ауырлық центрінің тіреу алаңының шетіне жақындау есебінен азаю сәті; қарсылдастың жалпы ауырлық центрі шапшаң жоғары жылжитын сәті; жалпы ауырлық центрінің тіреуін оңай қағып жіберуге болатын сәт; қарсылас өлі нүктеде болатын сәт.

Сонымен, спортшының техникалық шеберлігін жетілдіру үшін бір жағынан тәсілдерді дайындап, жеке әдістерін кеңейте түсу керек, ал екінші жағынан сол әдістерді тұрақтандырып, дәл, шапшаң орындайтын дәрежеге жету қажет.

  • Сонымен, спортшының техникалық шеберлігін жетілдіру үшін бір жағынан тәсілдерді дайындап, жеке әдістерін кеңейте түсу керек, ал екінші жағынан сол әдістерді тұрақтандырып, дәл, шапшаң орындайтын дәрежеге жету қажет.
  • Тәсілдер құрылымы мен күш, шыдамдылық, икемділік сияқты т.б. қасиеттерді талдау олардың арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Күрес техникасын игеріп жетілдіре түсуде икемділік дәрежесінің үлкен маңызы бар. Мысалы, белінің иілуінде кемшілігі бар палуандар шалқайып лақтыру әдісін бірсыпара ерекше орындайды. Атап айтқанда қарсыласын көтерген кезде қапталдан бір қырына бұрылады.
  • Қазақша күрес тактикасы дегеніміз - палуанның техникалық, жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану.

Назарларыңызға Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет