Биология пәнін оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану Бүгінгі күн проблемаларының бірі ақпараттың соның ішінде биологиялық ақпараттардың да «ақылға симайтын шамадан тыс, игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық»



Дата23.05.2017
өлшемі118,3 Kb.
#16717
түріСабақ
Биология пәнін оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану
Бүгінгі күн проблемаларының бірі ақпараттың соның ішінде биологиялық ақпараттардың да «ақылға симайтын шамадан тыс, игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық» [1] мөлшерде дамуы. Сол себепті де оқу/оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игерте алатын және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.

Биология пәні бойынша аралас сабақ құрылысының үлгісі

Пән: «Биология»

Тақырып. «Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар»

Топ: 7 сынып

Мақсаты: Оқушылар «Қосжарнақтылар класы дегеніміз қандай өсімдіктер?» деген сұраққа жауап беріп, қосжарнақтылар класының ерекшеліктерін, тұқымдастарды, олардың табиғаттағы маңызы туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Жабдықталуы: дәріс материалдары: қосжарнақтылар класы туралы мәліметтер, суреттер, слайдтар, маркерлер.

І. «Проблеманы айқындау» кезеңі

Ой сергек ұйымдастырылады.

1тапсырма «Қосжарнақтылар класының басты ерекшеліктері не және раушангүлділер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастарына қандай өсімдіктер жатады?

Сабақ басында мұғалім оқушыларға талқыланатын проблеманы (проблемаларды) ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:

- Жеке жұмыс. Әр оқушы «Қосжарнақтылар туралы не білемін?» деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-3 минут) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді. Бұл жазбаларын оқушы сабақ бойы толықтырады; сабақ соңында бастапқы жазғандарына қайта оралып, оларды қорытынды жазбасымен салыстырады, сол арқылы өз білімін қандай деңгейде жетілдіргендігін анықтайды, ой толғайды.

- Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде оқушылар жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде оқушылар бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге тоқталуы керек. Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі (шамамен 5-7 минуттай).

- Жариялау. Кезекпен әрбір топтан бір оқушы (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады. содан бастыларын

- Қорытындылау. Мұғалім тақтаны (немесе плакатты) екі бағанға бөліп, сол жағын «Не білеміз?», ал оң жағын «Қандай проблемалар бар?» деп атап, оқушының жауаптарын жазады.

Мұғалім сұрауы бойынша бір оқушы талқыланатын проблема бойынша бүкіл сынып келтірген негізгі деректер мен проблемалардың қысқаша тізімін тақтаға (плакатқа) жазады. Мысалы:



- Негізгі проблеманы айқындау. Тақтаға жазылған тізім ішінен оқушылар мұғалімнің ұйымдастыруымен ең өзекті проблеманы таңдайды (проблемалардың бірнешеу болуы да мүмкін; мұндай жағдайда әр топ сабақтың келесі кезеңінде жеке проблеманы қарастыру ісімен шұғылданады).



ІІ. «Проблема шешу» кезеңі

Оқушыларға қағазға басылған дәріс мәтіні немесе электронды нұсқасы иттерактивті тақта арқылы таныстырылады, оның бөлімдер бойынша оқылатындығы ескертіледі

2 тапсырма. Мәтінді оқып, раушангүлділер тұқымдасы мен бұршақ тұқымдастарының ерекшеліктерін, айырмашылықтарын Т кестесін толтыра отырып, анықтау

жеке-топтық жұмыс


    • Әр оқушы мәтінді оқып, бірінші қатар мен екінші қатардың жартысындағы оқушылар бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің, ал үшінші қатар мен екінші қатардың қалған жартысындағы оқушылар раушынгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің түрлерін анықтап және олардың морфологиялық ерешеліктеріне сипаттама беру (10 мин)

    • Топтық жұмыс. Мұғалімдер шағын топ ішінде (10-20 минут) проблеманы шешу ісімен шұғылданады. Мұғалім оларға мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге тиімді белсенді тәсілдерді ұсынады. Бір топ раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің, ал екінші топ оқушылары бұршақ тұқымдастырының ерекшеліктерін анықтап Т кестесін толтырады. (10 мин)

Жұмыс нәтижесі графикалық түрде көлемді қағазға (плакат, А3 форматындағы қағаз) түрлі-түсті маркерлермен түсіріліп, қабырғаға ілінеді.


Рушангүлділер тұқымдасы

Бұршақ тұқымдасы

Тіршілік формасы







Гүлшоғыры







Гүлі, формуласы







Жемісі







Өкілдері







маңыздылығы







ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі

- Презентация. Кезекпен әрбір топтың атынан бір оқушы (шешен, спикер) ортаға шығып, берілген уақыт ауқымында (1,5-2 минут) плакатта келтірілген өз тұжырымдарын жария қылады, оларды қорғайды, мұғалім мен басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.



- Қорытындылау. Мұғалім әр топ келтірген шешімдердің тиімді жақтарына тоқталып, қысқаша түсініктеме береді. Мысалы, бұршақ тұқымдасының басты ерекшеліктері деп, төмендегі слайдты көрсетеді.


- Бағалау. Оқушылардың алған білімдерін анықтау мақсатында мұғалім оларға жекелей жазу жұмысын орындауды тапсырады (6-10 минут). Жазу жұмысының Эссе, Еркін жазу, Дөңгелек үстел немесе тұқыдастардың гүлінің формуласы немесе диаграммаларын салу т.б. тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы орынды.

- Жариялау. Оқушылар топ ішінде өздерінің жазғандарын әріптестеріне оқып береді. Әр топтан бір жұмыс (оқушының қалауы немесе басқа оқушылардың тілектері бойынша) бүкіл сыныпқа оқылады. Мұғалім барлық оқушылардын жазба жұмыстарын жинап алуына болады немесе тек өзіне тексеру үшін керекті жұмыстарды жинап алып (мәселен, оншақты жұмыс), қалған жұмыстарды қабырғаға іліп қойып, үзілісте оқушылардың олармен танысуды және бағалауды (мәселен, ұнаған жұмысқа жағымды комментарий жазылған стикер іліп қоюға болады) сұрайды.

- Үй жұмысы. Сабақта меңгерген жаңа білімдерін тереңдету мақсатында мұғалім оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жазбаша түрде (мәселен, 3-4 беттік эссе немесе кесте, схема, график, жоспар, т.б. түрінде) келесі сабақта өткізуді тапсырады.

Осы тақырып бойынша оқушыларға ең кем дегенде алты өсімдіктің суретін салып, морфологиялық ерекшеліктерін сипаттап немесе кесте түрінде толтырып, гүлінің формуласын және диаграммасын салуға тапсырма беріледі.

- Кері байланыс (Қорыту). Оқытушы сабақта қарастырылып, өз шешімін тапқан проблемалар және сабақтың қалайша өткендігі туралы бір-екі оқушының («Ұнады-ұнамады, Пайдасы бар – пайдасы шамалы, Қызық-қызық емес» тұрғысында) пікірін сұрайды (1 минут).

Биологиялық білім беруде интербелсенді оқыту әдісін пайдалану оқушылардың өз бетінше білім алуына зор ықпал ете отырып, мұғалімнің осы әдістің мәнін дұрыс ұғынуды және оны тиімді пайдалану үшін сабақты дұрыс жоспарлауды, сол жоспар бойынша, әсіресе әр кезеңге бөлінген уақытты қатаң сақтауды талап етеді. Бұл сабақтың нәтижелі боуын қамтамасыз етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. («Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін 2006-2009 жылдарда дамыту тұжырымдамасы»)

  2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. –М,: Педагогика,1989 г.

  3. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. –Усть-Каменагорск, 1992 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет