ХОРҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ӘНДЕРДІ
ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСІ
Мақсаты: Хормен ән айтудың және үйретудің әдістерін меңгеру.
Вокальдық, педагогикалық талаптарына сай демді дұрыс алу, әуенділікті сақтап айту, сөзін ашық, анық айту, мәнерлеп айтуға дағдылану үшін қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше.
Мектеп оқушылары ән айтудың көркемдік, техникалық қағидасын әр түрлі буындардан тұратын жаттығулардан гөрі белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы тезірек қабылдайды.
Мысалы : Қандай жақсы гүл!
Жаттығулардың «Қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын жинақтап, дыбысты айқын, таза шығаруға жетелейді. Қатаң «Қ» дыбысынан кейінгі «а» дауысты дыбысы құлаққа жағымды майда болып шығуына ықпал етеді. «Гүл» деген сөзді айтқанда «ү» дыбысының созылып айтылуына көңіл бөлу керек.
«Гәк», «гик», «гәй» буындарында кездесетін «к», «г» дыбыстары таңдай дыбысқа жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку», «гу», «рай» буындағы «у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден қысып шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға қолданылады.
«У» дыбысы ерін дыбыстары қатарына жатқанмен, өзінің акустикалық формасы жағынан терең көлемді естіледі. Артикуляция аппаратының жұмысын жандандырып, сөзді анық, таза, дәл айту үшін жаңылтпашты қолдану өте тиімді.
Мысалы: 1. Анау арал қай арал?
Қайыңды арал талд(ы) арал
2 . Беріп тайлақты, алдым тайлақты.
Достарыңызбен бөлісу: |