Мектептегі музыкалық ТӘрбие



бет14/67
Дата30.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#106940
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
исходный(11)
null
ХОРМЕН ӘН АЙТУ ӘДІСІ
Сабақтың мақсаты: Хормен ән айту дағдысын теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеру.
Халқымыз өзінің әншілік дәстүрін ғасырлар қойнауынан аялап –сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Әр аймақтың, әр өлкенің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері, сазгерлері, суырып салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата- бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына үйретіп, бойына сіңіріп отырған.

Қазақ халқы өз ұрпағының домбыра тартып, ән салуға бала жасынан баулыған. Әншілер мен күйшілерін, сазгерлері мен суырып салма ақындарын, қуанышы мен қайғысын, уайымы мен сүйіспеншілігіне әнмен жауап берген .

Жеке әншілік өнермен қатар, еліміздің тұрмыс - салтына байланысты әнді хормен айту өнері де кеңінен тараған, ол бір дауыста болып келген. Мыс: қыз ұзату, сыңсу т.б.

Әнді хормен айтуға тәрбиелеп, әншілік өнерге баулу үшін музыка мұғалімі балалар дауысының даму ерекшілігін, оқыту барысында қойылатын талаптарды меңгеріп әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс.

Балалар дауысын тәрбиелеуге қойылатын талаптар олардың жас ерекшілігін ескере отырып іске асырылады. Бала дауысы өте нәзік. Организмнің өсуіне байланысты, дауыс аппараты да өзгеріп отырады. Бала дауысын тәрбиелеуде оның дауыс аппаратының анатомиялық құрылымы мен дыбыс жолдарының физологиялық заңдылықтарына сүйену керек. Сондықтан хор репертуарын таңдағанда жас ерекшіліктерін қатаң ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет